Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7.1В Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі
|
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Қапалбаева Д
|
Сынып:7
|
Қатысқандар саны: қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: 7.1В Заттардың агрегаттық күйлері.
|
Оқу мақсаты
|
7.1.1.4 Бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру.
|
Ойлау дағдыларының
деңгейі
|
Білу және түсіну
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар білу керек:
Бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газдарды ажырата біледі.
Бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газды атайды.
Көптеген оқушылар білу керек:
Бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газға мысалдар келтіреді.
Кейбір оқушылар білу керек:
|
Бағалау критерийі
|
Бөлшектер теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіреді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік мақсат
Бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газдардың анықтамасын қолдана отырып құбыстарға мысалдар келтіру, ажырата алу. Пәнге қатысты лексика мен терминология
Физикалық, химиялық құбылыстар, балқыту, қату, қайнату, буландыру, еріту, жану, тот басу.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
1.Қатты заттарда бөлшектер....... орналасады.
2.Газ тәріздес заттарда бөлшектер....... орналасады
3.Мен су қатып қалады деп ойлаймын, себебі ......
|
Құндылықтарға баулу
|
Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, бір-біріне құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Жаратылыстану, физика.
|
Алдыңғы білім
|
Жаратылыстану 5- сынып. 5.2А заттар және материалдар қатты, сұйық және газ тәріздес заттардың құрылымы.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сәлемедесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару, оларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
|
Сабақтың басы
(3 мин)
(5 мин)
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі. Түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа болу.
Ой қозғау.
-қатты дененің сұйықтыққа айналуының себебі не?
-неліктен олай ойлайсыңдар?
Оқушыларға көрсетіп химиялық стақанға мұзды салып қоямыз.
Заттың негізгі үш күйі болады: қатты, сұйық және газ. Белгілі бір жағдайда, мысалы, температураның өзгеруі кезінде, зат өзінің агрегаттық күйін өзгертуі мүмкін.
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/structure/977-zhalpy_ximiya
«Қатты дененің сұйықтыққа айналуына себеп не»? (бөлшектердің температураның әсерінен бір-бірінен алшақтауы)
|
Видео үзінді
|
Сабақтың ортасы
(4 мин)
(5 мин)
(7 мин)
(11 мин)
(3 мин)
(3 мин)
|
Тапсырма №1. 7
Бөлшектер теориясы тұрғысынан қатты, сұйық және газ тәрізді денелердің құрылымын, қасиеттерін атап, кестені толтырыңыз.
анықтайды.
Дескриптор Білім алушыға
− газ тәрізді заттардың құрылымын, қасиеттерін
анықтайды;
− сұйық заттардың құрылымын, қасиеттерін анықтайды;
− қатты заттардың құрылымын, қасиеттерін
Тапсырма №2.
Топтық жұмыс.
І топ
1. Заттың агрегаттық күйлерін ата? (қатты, сұйық, газ)
2. Сұйық пен газға ортақ қасиет қандай? (формасын сақтамайды)
3. Сұйықтар сығыла ма әлде газдар сығыла ма? (газда)
ІІ топ
1. Сұйықтың ең кішкентай бөлшегі қалай аталады? (тамшы)
2. Судың үш агрегаттық күйін айт. (Мұз, су, бу)
3. Дүние жүзінде көп тараған сұйық (су)
ІІІ топ
1. Заттың сұйық күйіне тән қасиет? (пішінін сақтамайды, көлемін сақтайды)
2. Судың үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) аталуы қалай? (Су-Вода-Water)
3. Қатты затқа тән қасиет? (пішін мен көлемін сақтайды)
IV топ
1. Қандай заттардың қайнау температурасы тұрақты болады? (Таза заттардың)
2. Заттың агрегаттық күйі ? (бір заттың әр түрлі күйі)
3. Заттың үш күйінің айырмашылығы неде? (молекулалардың орналасуымен)
Тапсырма №3. Жеке жұмыс.
Берілген заттар: қант, ауа, су буы, сынап, ас тұзы бөлме температурасында қандай агрегаттық күйде болады? Қатты, сұйық, газ тәрізді заттарға анықтама беріңіз.
Дескриптор Білім алушыға
− заттардың агрегаттық күйін анықтайды;
− қатты заттардың анықтамасын жазады;
− сұйық заттардың анықтамасын жазады
Тапсырма №4 Топтық жұмыс.
“Түртіп алу” стратегиясы
1. Қатты дененің молекулаларының орналасуы
2. Сұйықтың молекулаларының орналасуы
3. Газдардың молекулаларының орналасуы
4. Газдың тұрақты көлемі мен пішіні болмайды. Олар
берілген көлемді түгелдей алады.
Сергіту сәті: «Күллі әлемнің күлкілері».
Балалар күлкінің қандай түрлерін білесіңдер? (Күлкі түрлерін эмоция арқылы білдіру)
Кері байланыс орнату.
Топта жұмыс істеу ұнады ма?
Өзге топтың бақылау нәтижелерімен келісесіздер ме? Неліктен?
|
Кесте толтыру
|
Бақылау парағының сұрақтарының мағынасын ашады.
Бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газдардың анықиамасын біледі.
Флипчарт
|
Сабақтың соңы
Рефлексия
(3 мин)
|
Рефлексия: БББ кестесі
|
Стикерлер, кесте
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Диалог және қолдау көрсету
Кейбір оқушыларға тапсырма орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады. Сөзбен қолдау көрсету .Үлгерімі жоғары оқушыларға жеке тапсырмалар бере отырып, теориялық білімін қолдана білуге дағдыландыра отырып, қолдау көрсету. Үлерімі төмен оқушылар топтық жұмыста оқушы- оқушы арасындағы диалог арқылы түсінеді
|
Смайликтер арқылы ауызша мадақтау, баспармақ арқылы бағалау.
|
Сергіту сәті
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба?
|
|
Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?
|
|
Жеткізбесе, неліктен?
|
|
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
|
|
Сабақтың уақытты қкезеңдері сақталды ма?
|
|
Сабақ жоспарынан қандай
ауытқулар болды, неліктен?
|
|
Жалпы баға
|
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|