Балқыбекова Қадиша Құлыбекқызы
Шымкент қаласы, №2 жалпы орта білім беретін кешкі мектебі, тарих пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: §24. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды Монғол империясының тарихымен таныстыру, Шыңғысханның қазақ жеріне шапқыншылығы мен оның ауыр зардаптарын көрсету, ұлыстардың құрылуы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім аясын кеңейту есте сақтау қабілеттерін дамыту, отанымыздың тарихынан сабақ алып, дұрыс қорытынды шығаруға үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды Отанын қорғауға батылдыққа, ерлікке, ұлтжандылыққа баулу, өз елінің тарихын біліп, құрметтеейтін саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, бейнематериал көрсету
Сабақтың әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: дүниежүзі тарихы, география, қазақ әдебиеті, математика
Көрнекілігі: суреттер, карта, тірек сызба, слайд
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Жаңалықтар
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
Сергіту сәті
Сабақты бекіту
Бағалау
Үйге тапсырма беру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Жұлдызды сәт ойын
Қарлұқ тайпалық бірлестік қай жылдары өмір сүген уақыты? VІІ ғ 756-940жж,
Территориясы: Алтай, Тарбағатай таулары мен Балқаш көліне дейінгі аралық
Қоғамдық құрылысы: Көсемі - яғбу (жабғу). 840 жылы Білге Күл Қадырхан қаған
Астанасы: Суяб, құрамында 24 қала болды
Шаруашылығы: көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы егіншілікпен айналысты, сауданың маңызы да зор болды
2 Оғыз мемлекеті территориясы: (VІІІғ Жетісуді, ал ІХ-Х ғ Сырдария, Арал маңы,
Каспий, Еділ-Жайық өңірлерін мекендеген
1 Қоғамдық құрылысы: Билеушісі-жабғу (яғбу) Әлихан мұрагері Шах Мәлік болды.
Әскер басшысы – сюбашы, уәзірлері – күл еркіндер д.ат 24 тайпадан тұрды.
2 Астанасы: Янгикент)
3 Шаруашылығы: жартылай көшпелі,отырықшы мал шаруашылығы және қолөнері –
малдан алынған өнімді өңдеу.
4 Құлау себебі: қыпшақтардың шабуылы.
3 Қимақ мемлекеті территориясы: ( ІХғ соңы – ХІғ басы) Оралдан Аралға дейін,
Жетісу, Балқаш, Ертіс, Батыс Алтай жерлерінде қоныстанған
1 Астанасы: Қимақия (қазіргі Павлодар)
Қоғамдық құрылысы: билеуші - қағануәзірі - яғбу тайпа көсемі – шадтүтік шонжарлар – ябғу шад
Шаруашылығы мен мәдениеті? Көшпелі мал шаруашылығымен және киіз басуға өте шебер болған
Құлау себебі: ақсүйектер алауыздығы, ғұндар мен қыпшақтардың шабуылы
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Монғол империясының құрылуы.
2. Монғол империясының қоғамдық құрылысы.
3. Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы.
4. Ұлыстардың құрылыстары.
1 тапсырма. Сатылай комплексті талдау
Керейт Жалайыр
ХІІІ ғасырда қазіргі Моңғолия
Найман жеріндегі көшпелі тайпалар. Меркіт
Қоңырат Моңғол
2 тапсырма. Моңғол мемлекетінің құрылуы, хронологиялық бағыттағы талдау
1155 жылы Кеңдітау аймағы, Онон өзенінің жағасында,
Болдоң жерінде Темучиннің дүниеге келуі
1171 жылы әкесі Есугейдің қаза болуы
1189 жылы Темучин моңғол тайпаларының билеушісі болды
1206 жылы Моңғол мемлекетінің құрылуы. Темучиннің Шыңғыс хан атануы
3 тапсырма Моңғол империясының қоғамдық құрылысы
Моңғол империясының қоғамдық құрылысы
Шыңғыс хан
Оң қанат Орталық Сол қанат
(Барунгар) (Кул) (Жоңғар)
95 түмен (әкімшілік) 10 мың әскер – түменбасы
Мыңдық – 1 мың әскер – мың басы
Жүздік – 100 әскер – жүз басы
Ондық - 10 әскер – он басы
Құқтық негізі – мемлекеттің басты заңы «Жасақ» Яса Құрылтай (жиналыс)
4 тапсырма. Шыңғыс ханның жорықтары
- 1207 – 1208 жж. Енесей қырғыздарын, Сібір орман тайпаларын бағындырды
- 1207 - 1209 жж. Таңғыттарды, ұйғырларды бағындырды
- 1211 – 1215 жж. Қытайға жорық жасап, астанасы Пекинді (Ханбалық) басып алуы
- 1217 жылы найман ханы Күшілікке қарсы Жебе ноянды жіберді
- 1218 жылы Жетісу жеріне еніп, Баласағұнды алды, Отырарға сауда керуенін жіберді
- 1219 жылы 150 мың әскер Ертіс, Сырдарияға аттанды, Отырардың жау қолына көшуі
- 1219 - 1220 жж Сыр бойындағы қалалар толығымен моңғолдарға бағынуы
- 1219 – 1224 жж Қазақстан мен Орта Азияны толық жаулап алады.
- 1225 жылы Шыңғыс хан Қарақорымға келеді
- 1227 жылы Шыңғыс хан мен оның ұлы Жошының қаза болуы.
Моңғол шапқыншылығы Қазақстан жерін жаулап алудағы мақсаты:
- Соғыс мақсаттары мен бағыттарын талдау
- Билігін күшейту, ішкі тартыстарды болдырмау, ақсүйектердің талабын орындау, халыққа
жаңа жайылым беру
- Жорыққа шықпас бұрын сауда керуендерін жіберіп, ол ел туралы мәлімет алуы.
- Дінге қысым көрсетпеді
- Жаулап алған елдердің халқын, әскерін, күшін пайдаланды
Жаулап алудың зардаптары:
1 Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі
13-14 ғасырларда 20 жуық елді-мекендер қалған;
2 Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;
3 Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;
4 Халықтардың этникалық құрамы бұзылды;
5 Қазақ халқы қалыптасуның аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;
6 Мәдениетің дамуына кедергі болды.
Проблемалық сұрақ: Қараша - хажиб Отырар қаласының қақпасын ашпағанда қаланың жағдайы қандай болар еді? Сығанақ қаласы 3 ай , ал Ашынас қаласы 15 күндей жауға берілмеген. Бірақ та Шыңғыс ханның әскер саны, күші жағынан көп болды
Слайд Ән М. Шаханов «Отырар кітапханасы »
5 тапсырма. Ұлыстардың құрылуы
Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін төрт баласына бөліп берді. Қазақстан жері оның үш баласының қол астына қарады. Бөлініп берілген жерлер «ұлыс» деп аталды
1 Жошы ұлысы. Шығысы Ертістен басталып, Еуропа жеріне дейінгі аумақ Арал, Сырдың төменгі ағысы, Жетісудің Солтүстік шығысы қарады.
2 Шағатай ұлысы. Оңтүстік және Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Орта Азия жерлері
3 Үгедей ұлысы. Батыс Моңғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы бойындағы жерлер.
4 Төле ұлысы. Моңғолия жері. Астанасы Қарақорым
Қорытынды. Шыңғыс хан – тарихи тұлға
Хан
Батыр Саясаткер
Шыңғыс хан
Қолбасшы Заңгер
ІV Сергіту сәті
1 3582/3+797=1991 (Тәуелсіздік алған жыл)
2 5000-3100+95=1995 (Конституция қабылданған жыл)
3 450/9-49=1 (1 желтоқсан Президент күні)
V Сабақтың бекіту:
Шыңғысхан әкесі кім? Бай ноян Есугей баһадүр
Темучинқайжылы хан сайланды? 1206 жылы
ШыңғысхантұсындаМонғолимперясыныңастанасы? Қарақорым
1206 жылықұрастырылғанәдет-ғұрыпзаңдаржинағы? Яса / Жасақ/
5. Нояндар деген кімдер? Моңғол феодалы, яғни жер иесі
6. Қазақ жері қанша ұлысқа бөлінді? 3-ке
VІ Бағалау:
VІІ Үйге тапсырма:§ 24. Моңғолдардың қазақ жердерін жаулап алуы (оқып келу)
Достарыңызбен бөлісу: |