Сабақтың тақырыбы: 3-БӨлім. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар Пән: қазақ тілі



бет2/5
Дата26.08.2017
өлшемі1,16 Mb.
#28774
түріСабақ
1   2   3   4   5

Ортасы

15 мин

5 мин


Негізгі бөлім

Жеке жұмыс

Екі түрлі жанрда мәтін ұсынылады. Мәтіннің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ажырату және тіліне талдау жасау мақсатында мәтін таратылады. Мәтіндерге талдау дәптерге жүргізіледі.


1-мәтін.

Неге екенін кім білсін, ол тіккен тонның ақысына біздің үйдің алатыны картоп қана. Осы картоптан басқа адал ас жоқ.

Бір күні таңертең Ораз әкемнің көңілін сұрай отырып:

-Мұқан! Шариғатта айтады екен, «ең ауыр ақы – көрші ақысы» деп. Маған биыл көрші қондың ғой сен. Биыл қыс мылтықтың қарауылына, бүркіттің тұяғына ілінген олжаға екеуміз ортақ болайық, - деді.

Осы кеңестен кейін біздің екі үйдің дастарқаны қосылып кетті, Ораз үйінің қоян етінен пісіретін бәлішіне біздің үй де ортақ болады. Бірақ бұл бәлішті екі үй кезектесіп бір күні Ораздікі, бір күні біздікі пісіреді. Үлкендігіне кісінің құлашы әрең жетерліктей зор бәліштің ішіне қоянның етіне араласа картоп та салынады. Молдығы ма, берекелігі ме – бір бәліш екі үйдің жанын лық тойғызады. Әуелі олар бәлішті айнала отырып, қасықпен ішіндегі тұздықты етін соғып алады да, содан кейін сыртқы қабыршағымен шай ішеді...
2-мәтін.

Құдайым-ау, қазаққа гендік өзгеріске ұшыраған өнімді тұтынудың қажеті қаншалық? Кең-байтақ жері бар, суы бар, күні де жылы, мал өсіріп, егін егуге қолайлы аймақта тұратын халқымыз жасанды тағамға зар болып отыр ма?  Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды пайдаланбасақ та, күнімізді көре аламыз ғой. Гендік өзгеріске ұшыраған өнімдер туралы газеттерден оқып, теледидардан көріп, неше түрлі адам шошырлық жағдайларды біліп жатырмыз. Кейде «Енді не ішіп, қандай тағамдарды пайдаланамыз?» деп ойланып қаламыз. Біз ештеңе емес-ау, жастардың болашағы не болмақ? Жан-жануардың гені қосылып өндірілген тағамды жеу ертеңгі ұрпағымыздың мінезі мен болмысына әсер етіп жүрсе ше? Қытай тамақтары, әрине, арзан ғой. Бірақ арзан екен деп, сапасыз тағамға жүгірмейік! «Ауру - астан» деген атам қазақ. Сондықтан жейтін тамақтарымыздың сапасына мән берейік!


Тапсырма: екі мәтіннің жанрына, стиліне және тіліне талдау жасаңыздар

А мәтіні

Ә мәтіні

Жанры .....................

(мысалы: мақала, интервью, блоктағы жазбалар)

Себебі, ........................

Оған мысал .............



Жанры: .....................

Себебі, ........................

Оған мысал .............


Стилі ..............................

Себебі...............................

Оған мысал ..........................


Стилі ..............................

Себебі...............................

Оған мысал ..........................


Тілі.............................................................................................................................................

Тілі................................................................................................................................................

Оқушылар жауаптарын бір-бірімен алмасады. ЖК бойынша бағалайды.

Жетістік критерийі:

1. Екі мәтіннің ұқсастығын табады;

2. Мәтіндердің жанрын ажыратып, оған дәлел келтіре алады;

3. Екі мәтіннің стилін анықтап, кем дегенде 1 жай және 1 құрмалас сөйлеммен 2 дәлел келтіреді;

4. Мәтіндердің тіліне талдау жасайды.
2-сабақ

Жеке және топтық жұмыс

Тапсырма

Оқушылар «Сапарға шыққанда қандай тағамдарды алу қажет?» деген тақырыпта сыныпта сауалнама жүргізеді. Бір оқушы бес оқушыдан сауалнама алуы тиіс.

Сауалнама қорытындысы бойынша диаграмма құрастырады. Құралған диаграмманы сипаттап, түсіндіретін мәтін құрайды.


Аты - жөні

Сүт өнімдері

Ет өнімдері

Ұн өнімдері

Майлы тағамдар

Жемістер

Сусындар

1.........



















2.........



















3.........



















4.........



















5.........




















Жетістік критерийі:

1. 5 оқушыға сауалнама жүргізеді;

2. Сауалнама қорытындысын шығарады;

3. Сауалнама нәтижесін топ мүшелерімен біріктіріп, график не диаграмма құрастырады;

4. Құрылған графикті не диаграмманы сипаттап, қорытындысын 40-50 сөзден тұратын мәтінмен береді.


Таратпа мәтіндер



Соңы

3 мин


Кері байланыс.

Оқушылар осы сабақ бойынша «блоб ағашындағы» өз орнын белгілейді.






Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет