Сабақтың тақырыбы: 3D модельдеу және анимация Сабақтың мақсаттары: 1.Білімділік: Оқушыларды үш өлшемді моделдеу орталығымен таныстыру. 2.Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге және уақытты үнемдеуге тәрбиелеу. 3. Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу және ойлау қабілетін, логикасын дамыту. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақта қолданылатын құрал: интерактивті тақта, компьютер, оқулық,жұмыс дәптері. Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу. Сабақтың өту барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі а) Оқушылармен сәлемдесу, журналды толтыру. б) Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру ІІІ. Жаңа сабақ. IV. Жаңа сабақты бекіту V. Үй тапсырмасын беру VІ. Бағалау ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. а) Оқушыларға тест жұмысын беру (оқушылар тестті белгілеп болған соң интерактивті тақтадан жауабын көріп өзін-өзі тексеріп балдық жүйеде бал қояды.) 1. Программалау тілі - А) алгоритмді және алгоритмдік тілде жазылған амалдар тізбегін орындау үшін қолданылатын, компьютерге түсінікті арнайы тіл. + В) белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар кластарына арналған программалар жиынтығы. С) нақты құрылғылар мен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін нақты программа. 2.TextBox( Мәтіндік өріс)- А) кейбір әрекеттерді орындау үшін қолданады. В) сөздерді немесе жазуларды автоматты түрде батырмаға сиятындай етіп өзгертеді. С) қосымшаға әртүрлі ақпарат енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент.+ 3. ListBox- А) пішінге бірнеше қатарлардан тұратын жазулар тізімін шығаратын компонент. + В) қосымшаға әртүрлі ақпарат енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент. С) нысандарды көшіруге, қиып алып қою үшін қолданылатын компонент. 4.Run(Іске қосу) мәзірі арқылы- А) программаны іске қосуға және тоқтатуға болады. + В) нысандарды көшіруге, қиып алып қоюға болады. С) элементтерді жойып отыруға болады 5. Интерфейс дегеніміз- А) айнымалыны хабарлау. В) компьютермен адама арасындағы байланыс. + С) программалық жасақтама. б) Интерактивті тақтада тапсырмалар орындау
ІІІ. Жаңа сабақ. Анимация дегеніміз -суреттердің қозғалысы немесе өзгеруі.Анимация терміні латының «anima»-жан сөзінен шыққын, яғни жандану, тірілу деген мағынаны білдіреді. Анимация құрудың екі жолы бар: 1. Дайын суреттерді қолдану арқылы суреттер жасау, бұл классикалық әдіс деп аталады. Классикалық әдіс “gif”файлдары арқылы жасалады. 2. Компьютерлік ойындарды жасауды кадрлық анимациялар деп аталады. Visual Basic тілінде уақытты пайдаланып анимациялау және Move әдісін қолдануға,және PaintPicture әдісін қолдануға болады. Мультимедиа дегеніміз-компьютерде аудио және видео ақпараттармен жұмыс істеу технологиясы. Visual Basic тілінде мультимедиа құрылғыларын басқару үшін арнайы MCI интерфейсі қолданылады. Компьютерлік техниканың негізінде кеңістіктік уақыттық континиумды адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты-қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесін виртуалды шындық деп атаймыз. Модельдеу үдерісінде нысанның түпнұсқасын танып-білу мақсатымен нысан үлгілер құрылады.Үлгіде зерттелу мақсатына қарай түпнұсқаның қасиеттері болуы керек. Компьютерлік модельдеудің түрлері бар.Мысалы, математикалық модельдеуде қандайда бір құбылыс немесе үдеріс математикалық формулалар арқылы сипатталса, оның нәтижесін есептеу компьютерсіз күрделі болмақ. Сондай-ақ графикалық моделдеуді алатын болсақ, онда құбылыстың немесе үдерістің көрінуі шешімін табады. Мұндай модельдеу құбылысты күрделілігіне қарай көрнекі түрде ұсыну үшін керек. Декараттың кеңістіктің көрінісі өзара перпендикуляр үш ось: Х, У, Z сияқты екені белгілі. Бұл біздің қабылдауымызда нысанның ұзындығын, биіктігін және енін көрсетеді. Алайда осы сипаттамаларға ие бола тұрсада нысан тағы да өзгере алады. Нысанның өзгеруі төртінші өлшем- уақытқа байланысты болады. Бір қалыпты кеңістікті компьютерде модельдеу үшін үш өлшемді модельдеу орталары бар. Мұндай орта кеңістіктің ауқымын пішіндеп, оны әртүрлі нүктелерден бақылауға, нысанды қозғалтып және өзгертуге мүмкіндік береді.
3D графика –бұл жасанды заттар мен персанаждарды құру,олардың анимациясын шынайы заттар мен интерьерлерге ұқсастырып жасау. Үш өлшемді модельдеу әртүрлі деңгейде болады. 1.Қарапайым 3D модельдеу.Үлгілі ықшамдалған пішінде құруға болады. 2.Күрделі 3D модельдеу. Құрылатын үлгінің ұсақ-түйек детальдарының барлығы қамтылады. Үш өлшемді модельдеу ортасында нысандарды құрып қана қоймай, оларды анимациялауға да болады. 3D анимация дегеніміз не?
3D анимация - үшөлшемді сахна мен нысандарға негізделген қазіргі уақыттағы анимация бағыты. 3D анимациясы мультфильмдерде, жарнама роликтерін құруда, көрмелер мен өрнекті суреттерде қолданылады. IV. Жаңа сабақты бекіту. 1 Анимация дегеніміз? 2 Модельдеу дегеніміз? 3 Үш өлшемді модельдеу әртүрлі деңгейлері?. 4 3D анимация дегеніміз? 5 Анимация құрудың екі жолы? V. Үй тапсырмасын беру. 3D модельдеу және анимация. VІ. Бағалау.