11.1.1.1 - мобильді құрылғылардың негізгі компоненттерінің сипаттамаларын салыстыру: планшеттер, телефондар
11.1.2.2 - аппараттық және программалық қамтамасыз етуде даму заңдылықтарын сипаттайтын мысалдар келтіру
Мобильді құрылғылардың негізгі құрамдастарының сипаттамаларын салыстыру: планшеттер, телефондар;
Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің даму заңдылықтарын сипаттайтын мысалдар келтіру.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
Мобильді құрылғылар қандай сипаттамаларға ие екенін біледі;
Көптеген оқушылар:
Мобильді құрылғылардың негізгі құрамдастарының сипаттамаларын салыстырады: планшеттер, телефондар;
Кейбіроқушылар:
Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің даму заңдылықтарын сипаттайды.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
1.Оқушылармен амандасу.
Қызығушылықты ояту: «Ассоциативті қатар» ойыны.
Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға
жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты
ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған
сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: дыбыс, «Дыбыс жазу»,
программа, өңдеу, т.б....
Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды.
Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес
тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі). Мұндай жұмыстар
оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере
отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.
(Ұ). Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
Мұғалім өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды.
Оқушылар ұжымдық үлгіде жауап береді. Егер сұраққа жауап дұрыс айтылмаса мұғалім дұрыс
жауапқа бағыттап дұрыс жауабын табуға көмектеседі.
Топтастыру.
«Екеуі дұрыс, біреуі қате» әдісі
Оқушылар өтілген тақырып бойынша «Екеуі дұрыс, біреуі қате» әдісімен жауабы бар тест
құрастырады, жұмыстарын жұптарымен ауыстырады.
Өзара бағалау: «Дұрыс. Қате».
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
5.Бағалайды.