Ақтөбе қаласы
Тарих пәні мұғалімі
Нурмагамбетова Салтанат Куандыковна
Сабақтың тақырыбы: §42. Республиканың рухани өмірі: білім және ғылым
§43. Әдебиет және өнер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Халыққа білім беру ісі мектеп ,кәсіптік техникалық білім, жоғары және арнаулы оқу орындары туралы білу; тоқырау жылдарының әдебиетіне шолу, жетiстiктер мен iркiлiстерiн ажырату, танымал жазушылардың татымды шығармаларын атау және олардың мазмұнымен таныстыру,
Дамытушылық: Оқушыларды жұппен ,топпен жұмыс жасауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие.
Сабақтың түрі: аралас сабағы.
Сабақтың әдісі: жұппен жұмыс, хронологиямен жұмыс, сұрақ түрлері.
Көрнекілігі: карта, интерактивті тақта, сызбанұсқа, фотосуреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу ,түгендеу. Топқа бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасы. §41. Ауыл шаруашылығы. Әлеуметтік даму.
Үй тапсырмасын бекіту.
Хронологиялық кесте
1960 ж
|
Ауыл шаруашылығын интенсивтендіру шаралары жүргізілді.
Қой өсірумен 1285 шаруашылықтың 587-сі осы салаға арнайы мамандандырылған;
|
1965 ж
|
Қазақстандағы кеңшарлар саны 1521-ге жетті, ауыл шаруашылық өнімдерінің 57%-ын құрады. Астық өндіру - 80%, мал шаруашылығы – 52,8% құрады. КОКП ОК пленумында қабылдаған шешімі КСРО-ның ауыл шаруашылығына ықпал етті.
|
1970 ж
|
Салалық өндіріс, материалдық-техникалық базасын нығайту, даму қарқынын арттыру, мамандандыру мен шоғырландыру жұмыстары жүргізілді.
|
1971 ж
|
Шұбартау ауданы жастарды қой шаруашылығына шақырды.
«Қой өсіруші комсомол-жастар бригадалары» құрылды;
|
1975 ж
|
34,6 млн қой мен ешкі болды;
|
1971-1975 ж
|
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру 13%-ға дейін құлдырады.
|
1979 ж
|
Алматыда санақ бойынша 11% жергілікті ұлт өкілі;
|
1980 ж
|
Медициналық қызмет көрсету, білім беру, әлеуметтік салаларда арттақалушылық жыл өткен сайын айқын көрініс бере бастады.
|
ІІІ Жаңа сабақ.
§42. Республиканың рухани өмірі: білім және ғылым
§43. Әдебиет және өнер.
Жоспары:
Халыққа білім беру.
Ғылым.
Әдебиет.
Өнер.
Соғыстан кейінгі жылдарда ағарту ісіне бөлінетін қаржының көлемі арта бастады. Мектептерге көмек көрсетілді, қор жасау үшін жексенбіліктер ұйымдастырылды, малшы балалары үшін мектеп-интернаттар салынды. 1947 жылы “Қазақ КСР-де жоғары жəне орта білім беруді одан әрі дамыту шаралары туралы” қаулы қабылданды. Жоғарғы және орта білім беру жүйесіне бөлінетін қаржы молайды.
1949 жылы жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беру ісі қайтадан қолға алынды.
1959 жылы “Мектептің өмірмен байланысын нығайту жəне халыққа білім беру жүйесін одан əрі дамыту туралы” заң қабылданды. 1962-1963 оқу жылынан бастап 8 жылдық білім беруге көшу, 11 жылдық еңбек-политехникалық мектептерін құру, жұмысшы жастар мектептерін көбейту, мектеп-интернаттар жүйесін кеңейту шаралары көзделді.
1946-1956 жылдары кəсіптік-техникалық білім беру жүйесінде 344,5 мың жас маман дайындалды.
1980 жылдардың ортасында ЖОО-ның саны 55-ке жетті. Бұл жылдары студенттік құрылыс отрядтары өріс алды. Орта арнаулы оқу орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 550 мыңға жуық студенттер мен оқушылар 200 түрлі мамандық алды.
1960-1970 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО-дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды. Қазақстандық ғалымдардың еңбектері шет елдерге танымал болды.
Д.В.Сокольский катализаторларды электрохимиялық əдістермен зерттеу мәселесін көтерді. Социалистік Еңбек Ері, академик У.М.Ахметсафин гидрогеология жəне гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек етті. М.А.Айтхожин бастаған ғалымдар тобы генетика мен микробиология саласында табысқа жетіп, өсімдік жасушаларындағы информасомаларды ашты. Академик А.И.Бараев басқарған Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылым академиясының Шығыс бөлімі топырақ қорғаудың жаңа жүйесін жасауда зерттеулер жүргізді. Академиктер Ә.Х.Марғұлан мен Е.А.Букетов есімдері ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында кеңінен танымал болды. Ғалымдар аллергология, онкология, вирусология салаларында табыстарға жетті.
Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетін қалыптастыруға қаламгерлердің барлық ұрпағы қатысты. Бұл кезде елде С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ғ.Орманов, А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, Ж.Хұсайынов, Ә.Әбішев, М.Хакімжанова әдебиет саласында құлшына еңбек етті.
ХХ ғасыр басындағы демократтар – “Сөзді өнер атаулының ішіндегі ең біріншісі деп есептейтінін” мәлімдеген ақын, қазақ графикасының реформаторы А. Байтұрсынов (1873-1938), М. Дулатов (1885-1935) – “Оян, қазақ!” өлеңдер жинағы; М. Жұмабаев (1893-1938) – ұлы лирик. Әлемге әйгілі жазушылар М. Әуезов (1897-1961) – “Абай жолы” роман-эпопеясы (1954); І. Есенберлин
(1915-83) – “Көшпенділер” трилогиясы (1973); ақын М. Шаханов – “Өркениеттің адасуы” поэмасы (2001); ақын, түрколог, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі О. Сүлейменов –«Адамға табын, Жер, енді!” поэмасы (1961), «Аз и Я» зерттеуі (1975).
«Қазақфильм» – елдегі жалғыз кинокомпания, ол 1960 жылы Алматы кинохроника студиясының (1934) негізінде құрылды. Қазір Қазақстан жылына 30-40 көркем және деректі фильмдер, сондай-ақ мультфильмдер шығарады.
Ш.Аймановтың «Атаманның ақыры», С.Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмдері халық арасында ілтипатпен қабылданған шын мәніндегі көркем таспалар болды.
«ББҮ» сызба әдісі
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
Топтарға бөлімдерді оқушыларға бөліп беріп, оқыту, түсінгендері бойынша постер қорғату.
Бейнебаян көрсету.
Сұрақтар:
1. Қазіргі кездегі білім сапасы қандай деңгейде? Білім туралы қандай заңдар бекітілді?
2. Ғылымның қазіргі кездегі жаңалықтары қандай?
3. Әдебиет саласындағы өзгерістер. Қандай мерейтойлар аталып өтуде?
4. Қазіргі кездегі өнер саласы туралы айтып беріңіз.
Жаңа сабақты бекіту. «ББҮ» сызба әдісін аяқтау.
Сабақты қорытындылау. «Тілек ағашы»
Үйге тапсырма: §42. Республиканың рухани өмірі: білім және ғылым.
§43. Әдебиет және өнер.
Ә.Х.Марғұлан, Е.А.Букетов, А.И.Бараев туралы қосымша мәлімет әкелу.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |