Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
Қашаған Күржіманұлы атындағы
№8 орта мектептің биология-география
пәнінің мұғалімі: Байболова Гүлжамал
Сабақтың тақырыбы: 45 Алтай тауы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Алтай тауының географиялық орны, геологиялық құрлысы, климаты,
Табиғат зоналары туралы түсінік беру.
а) Білімділік: Оқушыларға Алтай тауы туралы толық мағлұмат бере отырып, білім-
білік дағдыларын қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: жаңа технологиялық әдістерді қолдану арқылы кейбір бөлімдері
тірек-сызба нұсқалар және атлас карталар арқылы, өзіндік ойлау, есте сақтау
қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: Отанын сүюге, туған елін, жерн сүюге, қоршаған ортаны, табиғатты
қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Тірек-сызба, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың түрі: Аралас-сабақ
Көрнекілігі: Сызба нұсқа, интерактивті тақта. Слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география, тарих.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ә) Оқу құралдарына назар аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап, картамен жұмыс)
Қазақстан солтүстігінде қай елмен шектеседі?
Қазақстанның ең биік нүктесі қалай аталады?
Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
Қазақстанның батыс қақпасы деп нені айтамыз?
Сарыарқа Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
Сарыарқаның биік нүктесі?
Бетпақдала Сарыарқаның қай жағында орналасқан?
Қазақстанның аласа тауларын ата?
Қазақстанның ең төмен ойысы?
Шығыс Еуропа жазығына кіретін, Қазақстанның қай аймақтары?
Тұран жазығына қандай жерлер жатады?
Мен қай зонада тұрамын.
3. Сабақ жоспары:
Географиялық орны.
Жер бедерімен геологиялық құрылымы.
Пайдалы қазбалар.
Климаты.
Өзендері мен көлдері, мұздықтары.
Табиғат зонасы. Өсімдіктері, жануарлары.
1 Географиялық орны- Зайсан көлінен басталып, Байкал көліне дейінгі аралықта, Алтай –Саян тау жүйесіорналасқан. Алтай тауының оңтүстік батысы Қазақстан жеріне кіреді.
Ал Алтайдың Солтүстік батысы-Ресейде
Солтүстік шығысы –Монғолияда
Оңтүстік шығысы- Қытайда
Алтай тауына Қазақстанның мына аймақтары кіреді. Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, Қалба жотасы, Сарыарқаның шығысындағы Шар өзенінің аңғары жатады.
2. Жер бедері – Алтай тауының жер бедерінің ерекшелігіне қарай үш ауданға бөлеміз.
Оңтүстік Алтай
Кенді Алтай
Қалба жотасы
Осыларға жеке-жеке тоқталамыз.
Оңтүстік Алтай – Бұқтырма өзені, Зайсан көлімен Қара Ертіс аралығында жатыр. Оңтүстік Алтайдың солтүстігі биіктеу келеді. Нарын жотасының абсолюттік биіктігі 3373 м биік шыңы. Ал оңтүстігі онша биік емес қыратты, жазықты аласа таулар болып келеді. 1449м биіктікте орналасқан Марқакөл қазаншұңқыры орналасқан. Алтайдың оңтүстік бөліктері күшті тілімделген. Кей жерлер аласа, жазыққа айналған.
Кенді Алтайға – Оңтүстік Алтайдың Солтүстігімен Рессейдің шекаралас жерлерін түгелдей қамтиды. Үлбі және Үбе жоталарынан тұрады. Алтайдың биік қатынтау жотасы осы өңірге кіреді.
Қалба жотасы – Ертіс өзенінің сол жағында орналасқан Оның биік нүктесі. 1560 м Сары шоқы деп аталады. Қалба жотасы Батыс жағында шар өзенінің аңғары арқылы Сарыарқамен шектеседі. Төбелері жұмырлау, беткейлері әбден тілімделген. Кей жерлері жазық.
Алтай тауларының геологиялық құрлысына келетін болсақ.
|
Герцин қатпарлығында
пайда болған.
|
Мезозойдың аяғында мүжіліп күшті тілімделген, көптеген жері жазық.
|
Неогенмен, антропогенде екінші рет қайта көтерілді шөгінді жыныстар пайда болды.
|
Қазіргі биік таулардың қалыптасуына өзен эрозиясы мен мұздықтар көп әсер еткен. Алтай тауы метаморфтанған тау жыныстарына өте бай өлкеге айналды. Көптеген қазба байлықтары түзілді.
Достарыңызбен бөлісу: |