«Мен саған, сен маған» арқылы оқушылар бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді.
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
Түрлі түсті қима қағаздар
Сабақтың ортасы
Мысал 1: ABC үшбұрышына центрі O нүктесінде болатын шеңбер іштей сызылған. Егер ∠OAB = 35° және ∠OBA = 15° болса, онда ΔABC бұрыштарының мәндерін тап.
Шешуі:
∠OAB = 35°; ∠OBA = 15°
Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрі осы үшбұрыштың биссектрисасы бойында жатады деген теорема бойынша ∠СAВ бұрышының биссектрисасы АО.
∠САО =∠ОАВ= 35°
∠СВО=∠ОВА= 15°
∠САВ=35°+35°=70°
∠СВА=15°+15°=30°
∠АСВ=180°- (70°+30°) =80°
Жауабы: ∠САВ= 70°; ∠АСВ= 80°; ∠СВА= 30°.
Мысал 2: Центрі О нүктесі және радиусы R болатын ω шеңбері ABC үшбұрышына сырттай сызылған. Егер ∠ACB = 30°, ал ΔAOB периметрі = 15 см-ге тең болса, онда R-дің мәнін тап.
Ш ешуі:
∠АСВ= 30°; .
∠АОВ (центрлік бұрыш)
∠АСВ (іштей сызылған бұрыш).
Теорема бойынша: ∠АОВ= 2∠АСВ
∠АОВ= 2 30°=60°
ОА=ОВ (радиус)
Демек, тең бүйірлі үшбұрыш онда ∠ОАВ= ∠АВО=(180°-60°):2=60°
тең қабырғалы үшбұрыш. ОА=ОВ=АВ
.
ОА+ОВ+АВ=15 см
3ОА=15 см
ОА=5 см
R=5 см
Жауабы: 5 см.
Сабақтың аяғы
«Төрт сөйлем» әдісін пайдаланып сабақ бойынша түсінгеніңді жаз.
Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін төрт сөйлем арқылы тұжырымдайды.
Мақсаты:Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.
Тиімділігі:Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.
Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қорытынды»тәсілі көрініс табады.
Дескриптор:
Төрт сөйлем әдісі бойынша берілген тапсырманы толық орындайды.
Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Шеңбер. Геометриялық салулар
Мектеп:
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы: 7
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
62
Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
7.1.2.14 үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің анықтамаларын білу;
7.1.2.15 үшбұрышқасырттай және іштей сызылған шеңберлердің центрлерінің орналасуын түсіндіру;
Сабақтың мақсаты:
үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің анықтамаларын білу;
үшбұрышқасырттай және іштей сызылған шеңберлердің центрлерінің орналасуын түсіндіру;
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру:
-Оқушылармен амандасу, сынып оқушыларын түгелдеу.
Топқа бөлу:
Оқушылар бұрыш, радиан, градус деген сөздер жазылған түрлі түсті қима қағаздар таңдау арқылы топтарға бөлініп отырады;
Ітоп:«Бұрыш»,
ІІ топ:«Радиан»,
ІІІтоп:«Градус»
Топтар топ ережесін сақтайды , өз қалаулары бойынша топ ішінен топ басшы сайлайды,топ басшы топ мүшелерінің сабаққа белсенді қатысуын қадағалайды.
Үй тапсырмасын тексеру:Тақтада тапсырма дұрыс жауабымен көрсетіліп тұрады.
Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.
Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.