Сабақтың тақырыбы 53 Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері. Центрлік бұрыш



бет17/34
Дата26.01.2022
өлшемі1,44 Mb.
#115031
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Байланысты:
геометрия 7сын 4-ток

«Мен саған, сен маған» арқылы оқушылар бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»



Түрлі түсті қима қағаздар



Сабақтың ортасы


Анықтама.Егер шеңбер үшбұрыштың барлық төбелері арқылы өтсе, онда бұл шеңбер үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер деп аталады. Үшбұрыш қабырғасының ортасы арқылы өтетін және оған перпендикуляр түзуді үшбұрыштың орта перпендикуляры деп атайды.

Теорема 1. Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрі үшбұрыштың орта перпендикулярының қиылысу нүктесі болады.

Д әлелдеуі:

Айталық, АВС –берілген үшбұрыш және О – оған сырттай сызылған шеңбердің центрі болсын. ОАС үшбұрышы теңбүйірлі: оның ОА мен ОС қабырғалары радиустар болғандықтан тең. Бұл үшбұрыштың медианасы оның биіктігі де болып табылады. Сондықтан шеңбердің центрі АС қабырғасына перпендикуляр әрі оның ортасынан өтетін түзудің бойында жатады. Дәл осылайша шеңбердің центрі үшбұрыштың қалған екі қабырғасының да орта перпендикулярында жататыны дәлелденеді. Теорема дәлелденді.



Анықтама. Үшбұрыштың барлық қабырғаларын жанайтын шеңбер осы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер деп аталады.

Теорема 2. Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер центрі үшбұрыш биссектрисаларының қиылысу нүктесі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет