Сабақтың тақырыбы: 8 саны мен цифры Сабақтың мақсаты



бет2/3
Дата11.03.2017
өлшемі1,62 Mb.
#11449
түріСабақ
1   2   3




Всего комментариев: 0













Начало формы




Имя *:



Email:



Керісінше айт

  • ramuk_b

 

  • 16 қазан 2014

 

  • 229

 

  • 0

  • 0

Білім беру саласы. «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің түрі: ҚМТҚ
Тақырыбы: «Керісінше айт (оң - сол, алға - артқа, жоғары - төмен, алыс - жақын, биік - аласа)»
Мақсаты: Балаларға оң - сол, алға - артқа, жоғары - төмен, алыс - жақын, биік - аласа ұғымдары жайлы түсінік беру. Заттарды қолмен ұқыпты ұстап санай білуге үйрету. Қызығушылықтарын арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру мен сезімталдыққа тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: алға - вперед, артқа - назад, жоғары - на верх, төмен – вниз


Тәрбиешінің іс - әрекеті
- Балалар, бүгін біз сендермен «Көңілді тапқырлар» клубына қатысамыз.
- Сендер білесіңдер ме олар кімдер?
- Сол топтың белсенді мүшесі болғың келе ме?
- Олай болса, мына ерекше жәшікте сендерді сол топқа қабылдайтын құжат бар екен, бірақ жәшік ашылмаймын дейді. Сендер сол тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма?
Ширату жаттығуы: «иә» жаттығуды орындай отырып, «иә» деп жауап беру.
Таңғажайып сәт: музыка ойналып, Мысық пен Мақта қыз ренжісіп келеді. Мақта қыздың қолында хат.
- Сәлеметсіздер ме, не болды?
Мақта қыз: хатта тапсырмалар бар, мына мысық соны орындаса құйрығын беремін.
- Балалар, көмектесеміз бе?
Мысықтың тапсырмасын орындау үшін ертегіні есімізге түсірейік. Мысық неден барып көмек сұрайды?
1. Сиырдың тапсырмасы.
«Ойлан, тап»
Мақсаты: Көрсетілген логикалық тапсырмаларды ойланып орындау. Математикалық ұғымдарды ажырата білуге үйрету.
Жарайсыңдар, әрі қарай қайда барады?
2. Ағаш тапсырмасы.
«Лақтырылған тас» ойыны
Мақсаты. елестету, ой жинақтау және сөйлеу қабілетін жетілдіру.
- Сендер, әрине білесіңдер, суға
лақтырылған тастан дөңгелек бүршіктер шығатынын, енді ойлаңдар мен тас емес «сөз» лақтырсам, сендерге бірден осы сөзге байланысты қандай ойлар келеді, бәріңнің ойыңа бірдей сөздер келе ме?
Қане, ойнап көрейік.
Жарайсыңдар, ағаштан кейін ше?
3. Қыздар тапсырмасы.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз
Қолды белге қоямыз
Орнымызды айналып
Билеп - билеп аламыз
Оңға қарай бір адым,
Солға қарай бір адым
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Жоғары төмен қараймыз
Орнымызды табамыз.
Алға - вперед, артқа - назад, жоғары - на верх, төмен - вниз

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Кері қайту

Ілмек сөздер: бала бақша

Санамақтар



  • bibka

 

  • 7 қазан 2014

 

  • 588

 

  • 0

  • 0

Санамақтар
Сан алуан ұлттық ойындар ерте дәуірден бастап - ақ қоғамдық құбылыс ретінде баланың ақыл - ойын дамытуда, баланың бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсету секілді жақсы қасиеттерді тәрбиелеуде мәні, орны ерекше. Сондықтан да «Ұлттық ойын»- тәрбиеші деуге де болады. Соның ішіндегі бір бөлігі санамақ. Санамақтар бірнеше түрге бөлінеді.
1. Саусақ санамақ.
2. Сан санамақ
3. Ұлттық санамақ
4. Күн санамақ
5. Тағы да басқа
тұрақты сөз тіркестерінен құралған санамақтар. Мысалы солардың бірнешеуін сіздерге көрсетеміз.

1. Қол маторикасын дамытуға арналған санамақ


1. Кел санайық, санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармагым алғашқы,
Балан үйрек жалғасы,
Ортан терек атасы,
Шылдыр шүмек анасы,
Шынашағым балапан,
Бәріне ортақ алақан.

2. Мен базарға бардым,


Ысқырық сатып алдым.
Қызыл, жасыл, көгілдір
Қайсысын алсаң өзің біл.

3. Ойын ойнағанда басшы таңдау үшін айтылатын санамақ


Бірім, екім,
Алма текім.
Сапар айым,
Сар шымшық
Балтаңды ал да,
Жүгіріп шық.

4. Тұрақты сөз тіркестерінен құралған санамақ


Бір ауыз сөз,
Екі айтпайтын адам,
Үш қайтара сәлем,
Төрт түлік мал,
Бес уақ намаз,
Алты алаш,
Жеті қабат жер асты,
Сегіз қырлы жігіт,
Тоғыз торау жол,
Он сақа ой.

5. Жаңа санамақ


Бір - таңертең тұр.
Екі - шынығып, бекі.
Үш — тазала тіс.
Төрт - сабындап жу бет.
Бес - сүртін тез.
Алты — үйді жина жалпы.
Жеті - киін енді.
Сегіз — асыңды жеп, іш.
Тоғыз - ыдысты жу тегіс.
Он — сабақ оқы.
Осыдан соң
Бұл санамақ жаңа
Күнде өстіп сана.

Саусақ санау ойыны

(Халық өлеңі)
Қуыр - қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш!
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр - қойыңа бар!
Сен тұр - қозыңа бар!
Сен тұр - жылқыңа бар!
Сен тұр - сиырыңа бар!
Сен тұр - түйеңе бар!
Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап,
Үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар....
Мына жерде қатық бар...
Қытық, қытық

Балалармен бірге танымдық тәжірибе жұмыстары



  • bibka

 

  • 12 сәуір 2014

 

  • 1334

 

  • 0

  • 0

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Айналамен танысу
Сабақтың тақырыбы: «Балалармен бірге танымдық тәжірибе жұмыстары»
Мақсаты: Су туралы, білімдерін кеңейту, судың қасиетімен таныстыру, іс – тәжірибе жасауға қызығушылығын арттыру. Суға қамқорлық жасауға үйрету.
Білімділік мәні: Балаларды судың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру ( дәмі жоқ, иісі жоқ, белгілі пішінді болмайды, түссіз, жақсы еріткіш болып табылады).
Дамытушылық мәні: Себеп салдарлық қатынастарды белгілеу дағдыларын қалыптастыру арқылы балаларға судың мөлдір болатындығы жайлы, суда тірі ағзалардың өмір сүре алатындығы туралы түсінік беру.
Тәрбиешілік мәні: Сүйіспеншілік пен қызығушылықтарын арттыру, суға деген ұқыптылығын тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд; тәжірибе жұмысына арналған заттар; су құятын тәрелке, стақан, сіріңке немесе тіс шұқығыш, жұмыртқа, тұз, лимон қағаз.
Алдын - ала жұмыс
Қандай суды ішуге болмайды?
Қандай суды ішуге болады?
Әдіс – тәсілдер:
1. Су тақырыбына әңгімелесу.
2. Судың қасиетін анықтау, тәжірибе жұмыстары
3. Су туралы тақпақтар, ырым, тиым сөздер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер.
Күннің көзі ашылып,
Көке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге.
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей, бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Балалар қош келдіңдер зертханаға. Балалар бүгінгі сабағымыз біздің ерекше болайын деп тұр, өйткені сендер біз бүгін өткен сабақтағы сияқты зертеу, бақылау жұмыстарын өткіземіз. Біз зертеу жұмысын бастамай тұрып мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар біз соған байланысты тәжірибе жасаймыз.
Жұмбақ:
Кескен болам, кесілмейді, кесілсе де бөлінбейді. (Су)
Дұрыс таптыңдар, енді сол суға байланысты кім тақпақ біледі.
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолыңды жу
Жусаң сен әрдайым
Аппақ бетің маңдайың.
Тәрбиеші: Тыйым сөз, мақал – мәтел, жұмбақтар білесіңдер ме?
Жұмбақ шешу
Аяғы жоқ, қолы жоқ
Бірақ тыныш тұрмайды.
Санамасаң – қорын тек,
Барша тіршілік қурайды. (Су)
Тыйым сөз
Ыдыстағы суға аузыңды батыруға болмайды.
Су турлы тағы не білесіңдер?
Мақал – мәтелдер:
1. Сусыз өмір жоқ.
2. Судың да сұрауы бар.
- Су сөйлей алама? (Сылдырлайды, ағады, сарқырайды, құяды)
- Судың қандай қасиеті бар (су жылғадан ағады, мұз болып қатады, теңіз болып толқиды, ауаға бу болып ұшады.
- Судың дәмі бар ма?
- Судың дәмі жоқ.
- Судың иісі бар ма?
- Судың иісі жоқ
- Судың түсі жоқ, ол мөлдір.
- Балалар су туралы көп білесіңдер екен енді біз қазір сендермен сол су арқылы тәжірибе жасаймыз.
Тәрбиеші:
1. Тәжірибе Стақандағы суға шикі жұмыртқаны саламыз ол түбіне батып кетеді. Стақаннан жұмыртқаны алып тастаймыз.
2. Тәжірибе Стақандағы суға 2ас қасық тұзды салып шикі жұмыртқаны саламыз, жұмыртқа батпай судың бетінде тұрады.
3. Тәжірибе Тәрелкедегі суға сіркені немесе тіс шұқығышты күн шашуға ұқсатып саламыз, ортасына рафинад қантты қоямыз. қант пен сіркеміз күнге ұқсайды. Қантты алып тастап ортасына бір тамшы езілген сабынды құямыз, сол кезде ортада жиналған сіркеміз жан-жаққа кетеді.
Сергіту сәті:
Күн болып жанайық
Мөлдір су болып ағайық
Гүл болып жайнайық,
Терең – терең деп алып,
Жүгіріп – жүгіріп алайық.
4. тәжірибе тәрелкеге жарты лимонды қысып лимон қышқылы қанша болса сонша су құямыз. Ақ қағазды алып мақта таяқшасымен лимон қышқылын қағаз бетіне ұнайтын сөздерді жазу. Қағазды үстел үсті шамымен кептіріп сөздерді оқу.
5. Тәжірибе 2 стақан біреуінде су, екіншісі бос болады. Стақанда суға кактельдің түтігін салып бас бармақпен басып тұрамызда, екінші стақанға әкеліп саламыз сол кезде түтікшеден су ағады. Осылай қайталап екінші стақанға суды құйып алуға болады. Түтікшенің басынан бас бармақпен баспасаң су ақпайды. Көрсеткен тәжірибелерді балалар өз алдарында қайталайды.
Қорытынды:
Балалар біздің жасаған тәжірибенің бәріне судың көмегікерек болды сондықтан мен былай аяқтағым келіп тұр.
Су – өмірдің көзі деген сөзді айтқым келіп тұр

Артық, кем, тең



  • ainur1975

 

  • 24 маусым 2014

 

  • 1225

 

  • 0

  • 0

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным.», «Қатынас», «Шығармашылық»


Тақырыбы: «Артық, кем, тең»
Мақсаты: «Артық», «кем», «тең» түсініктерімен таныстыру; заттар, суреттер жиыны бойынша салыстыруға үйрету; Зейіндерін, салыстыра алу дағдыларын, математикалық ұғымдарын, ойын дамыту. Бұрынғы алған білімдерін жетілдіру. Өзара достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: Даша және Алааяқ (түлкі) суреті, карта.
Билингвалды компонент: 1 - один, уан, 2 - два. ту, 3 - три, сри, 4 - фо, 5 - файф

Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Бала әрекеті


Мотивациялық -қызығушылық:
- «Шаттық шеңбер» - Балалар шаттық шеңберіне жиналайық.
- Балалар шеңберіміз кішкене сияқты. Шеңбер неге ұқсайды?
Қане онда үрлейік.

Армысың ару күнім


Армысың арайлы аспаным.
Бармысың думанды достарым.
Бармысың қадірлі қонақтарым.
Бас иіп өздеріңе сәлем бердік.
Қызығушылық танытады.
- Ол допқа және шарға ұқсайды.
«Шеңберді үрлейді»
Үлкенмен бірге мәтіннің сөзін және қимылын қайталайды.
Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте!
Hello!
(қонақтармен амандасады)
Ұйымдастыру - ізденушілік
1 - тапсырма:
«Неше жол және түстерді ата, сана»
2 - тапсырма: Ормандағы ағаш гүлдердің қайсысы артық, кем, тең екенін салыстыру.
Сергіту сәті
3 - тапсырма: «пішіндерді, жапсыру»
4 - тапсырма:
«Кім жылдам»ойыны
- Балалар бізге қонаққа кім келгенін қараңдаршы? Кім екен?
- Иә. Бұл Даша досымыз екен. Сендер қайдан білесіңдер?
- Ол бізге қонаққа келе жатып, сендерге әкеле жатқан сыйлығын ұрлатып алыпты. Оны кім ұрлады екен білесіңдер ме? Қайдан біліп қойдыңдар?
- Балалар, Алааяқ сендерге өзінің алып келген тапсырмасын орындасаңдар сыйлықтарыңды қайтарып беремін дейді
- Онда алаяқтың тапсырмаларын орындайық па? - Бізге Алаяқтың сыйлықты қайда жасырғанын білмейміз ғой, ол үшін бізге не керек сыйлықты қайдан табамыз?
- Дұрыс айтасыңдар балалар, бізге карта керек.(карта ашылады) Сыйлығымызды көріп тұрсыңдар ма?
Картада неше жол көріп тұрсыңдар? түстерін сұрау.
- Қане, балалар біз Алаяққа нешеге дейін санай алатынымызды көрсетейік.
- Картаның жоғарғы және төменгі жағындағы ағаштарды санап көрелік. Жоғары жақта үш ағаш, төмен жақтарыңда үш ағаш. Екі жақ қандай?
- Дұрыс айтасыңдар. Тағы жол шетінен не көріп тұрмыз? Ал енді гүлдерді санайық.
1, 2, 3 келесі жағында 1, 2
Нешеуі артық.
- Өте жақсы.
Балалар шаршадық па? онда бір демалып алайық.
- Ой, балалар мұнда қараңдаршы қызық. Не көріп тұрмыз?
- Неден салынған көпір?
- Өте жақсы дұрыс айтасыңдар. Енді осы пішіндерді түстеріне қарай жапсыруымыз керек. Бұл жердегі пішіндер қайда екенін көріп тұрсыңдар ма? Қайдан табамыз.
- Енді бізде қандай пішін жоқ.
- Дұрыс. балалар Алааяқ сендерге үшбұрыштар алып келіпті осы үшбұрыштардан кім не құрай алатынын көрсетсін дейді.- Қане құрап береміз бе?
- Біз қазір сендермен ойын ойнаймыз. Ойын шарты былай.
Жол шетіндегі саңырауқұлақтарды жинауымыз керек. Кім көп жинаса сол жеңімпаз болады.
Ойын шартымен таныстыру.
- Ура, балалар қараңдаршы біз қайда жеттік. Ойын ойнап жүріп сыйлығымызғада жетіппіз.
- Ал, енді сыйлығымызды алып қайтайық. Біз қандай ойын ойнадық? Одан кейін неден өттік? Сендердің сыйлықтарыңды кім ұрлап алып еді. Нешеге дейін санадық? (санату, естеріне түсіру)
Даша
Балалар жауабы.
Алааяқ.
Орындайтындарын айтады.
Карта керек
Көрдік.
Үш жол. Қысқа - шот, ұзын - лоң жол.; жасыл - гриин, қызыл - ред, көк - блу.
Балалар санайды.
1 - один, уан, 2 - два. ту, 3 - три, сри, 4 - фо, 5 - файф.
Тең, бірдей.
Гүл балалар санайды.
Біреуі артық, біреуі кем.
Орынымыздан тұрайық.
- Алақанды ұрайық,
- Бір - отырып, бір тұрып
Сәл демалып алайық.
Көпір пішіндерден
Суда ағып барады. Балалар тауып жапсырады.
үшбұрыш
Балалар екі топқа бөлініп құрастырады.
Ойынға қызыға қатысады.
Балалар жауабы.
Көпірден
Рефлексивтік - түзету:
- алгоритм бойынша сабақты талдау
- тосын сыйлық кезең - Балаларға тапсырмалар қалай орындалғанын бағалауды ұсынады, балаларды мадақтайды, бірлескен жұмыс үшін алғысын білдіреді.
- Дараның сендерге әкелген сыйлығын берейін.
- Балаларға сыйлықтар беріледі. Ұнағандарын айтады.
Дараның суреттерін сыйға алады.
Күтілетін нәтиже: Ереже бойынша тапсырма орындауды;
Толық сөйлеммен немесе тапсырмаға сәйкес нақты жауап беруді, өз тобының жетістіктеріне қуана білуді, өздеріне баға бере алуды.

Оң жақта, сол жақта



  • usenov2009

 

  • 29 мам 2014

 

  • 998

 

  • 0

  • 0

Мақсаты: Білімділік: Айналадағы заттардың орналасуын алдында, артында, оң жақта, сол жақта, нешінші сұрақтарға жауап бере білуге дағдыландыру. Дамытушылық: Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру, сөздік қарым - қатынастарын молайту. Белсенділіктерін, ой - қиялдарын жинақтау қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: Алған білімдерін жүйелі түрде көрсете білу, ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге, өз ойларын жеткізе білуге машықтандыру.

Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелету, сергіту сәті, ойын.

Көрнекіліктері: үлестірмелі құралдар, сандар, суреттер, тақта.
Оқу іс - әрекетін ұйымдастыру:
Шаттық шеңбері Армысың, қайырымды Аспан - ата, Армысың, мейірімді Жер - ана. Армысың, шұғылалы Нұрлы - күн, Армысыздар, құрметті апайлар.
Балалар көңіл күйлерің қалай? Өте жақсы.
- Есіктен Тапқышбек кіреді, қолында конверт.
- Саламатсың ба, сіз кім боласыз?
- Мен Тапқышбекпін! Сәлематсыздар ма! мен математика патшалығынан келдім. Мына конвертте тапсырмалар бар. Соған жауап берсеңдер, мен сендерге сыйлық беремін. Келістік па?(Келістік) - Тапқышбек, сіз біздің балалардың сабағын тыңдаңыз. (Тапқышбек орындыққа отырады)- Олай болса балалар, Тапқышбектің тапсырмаларын шешейік.

1. Санамақ айту


Бір дегенім – білім, Білімсіз жоқ - күнің. Екі деген – елім, Далам, тауым, көгім. Үш дегенім – үміт, Үміт аптар жігіт. Төрт дегенім – төзім, Төзе білем өзім. Бес дегенім – – бесік, Шықтық содан өсіп, Алты деген – ақыл, Тыңдағаның мақұл. Жеті деген – жалау, Жүректегі алау. Сегіз деген – сөзің, Серт беретін кезің. Тоғыз деген – тоқтау, Елдің жоғын жоқтау. Он дегенім – Отан, Қорға оны, ботам!
2 Тапсырма: «Қанша, болса сонша» мақсаты: кез - келген санды айтады, балалар сонша зат көрсетеді.- Жарайсыңдар Балалар! Тапқышбектің екінші тапсырмасында орындадық.

3 Тапсырма:-«Шалқан» ертегісі қалай басталады? Балалар естеріңе түсіреді. Ата, одан кейін әже, қыз, ит, мысық, тышқан тартады. - Балалар ретімен кейіпкерлерді қояды. - Балалар ата нешінші тұр? бірінші - әже нешінші тұр? екінші - Қыз нешінші? үшінші - Ит нешінші? төртінші - Мысық нешінші? бесінші - Тышқан нешінші?– алтыншы


Сергіту сәті: Ормандағы аю, қонжық, Ұялардан бал іздеді. Мойындарын оңға бұрды, Мойындарын солға бұрды, Орман ішін аралады. Оңға бір, солға бір, Ағаштарды шайқап көрді. Аяқтарын көтеріп ап, Қуанғаннан билей берді.
Д\о: «Кеңістікті бағдарла» мақсаты: Суреттегі заттардың орналасқан орнын айту, төмен, жоғары биік, аласа сөздерін қолдану. Еске сақтау қабілетін арттыру.
- Балалар бүгінгі сабақта Тапқышбектің тапсырмасын орындадыңдар. Сабаққа жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар!

Күтілетін нәтиже: Білу: Сандардың реттік орнын анықтай біледі, тура, кері санайды.


Игеру: Кеңістіктегі заттардың орнын бағдарлай білуді игерді.
Меңгерді: Өз беттерімен іс - әрекет жасай алады

1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау



  • asilai

 

  • 23 мам 2014

 

  • 1585

 

  • 0

  • 100

Білім беру саласы: Таным
Оқу іс – әрекет түрі: Математика
Тақырыбы: «1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»

Мақсаты:
а) 1 - ден 5 – ке дейінгі сандар туралы өткенді пысықтау;


ә) геометриялық фигураларды табу қабілетін дамыту;
б) логикалық тапсырмаларды шешуді үйрету;

Мотивациялық - қозғаушылық: Амандасу


Қуан, шаттан! Алақай!
Қуанатын күн келді!
Қайырлы таң,
Қайырлы күн.
Күліп шықты күн бүгін.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы:


Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз үшін ерекше сабақ. Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- 3 ай
- Наурыз, сәуір, мамыр.

Қызықты сәт.


Жүгіріп қоян кіреді. Қолында сыйлығы бар.
Қоян: Сәлематсыздар ма! Балалар.
Тәрбиеші: Сәлематсыз ба қоян, көңілдісің ғой?
Қоян: Ия балалар бүгін менің туған күнім, маған қасқыр сыйлық берді.
Тәрбиеші: Сыйлығыңды бізге көрсетесің бе? Қасқыр саған не сыйлады екен?
Қоян: Білмедім? Ендеше сыйлықты бірге ашып көрейік.
Қоян: Ой балалар мына қораптың ішінде дым жоқ қой! Сонда мені қасқыр алдағаны ма?
Тәрбиеші: Қоян тоқта ренжіме қораптың ішінде хат жатыр. Хатты ашып көрейік.
Тәрбиеші: Қоян қасқыр саған тапсырмалар беріпті сол тапсырманы орындасаң сыйлығыңды табасың депті.
Қоян: Қандай тапсырма?
Тәрбиеші: Тапсырма математика сабағына байланысты екен.
Қоян: Ооооой, балалар тапсырманы орындауға маған көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар қоянға көмектесеміз бе?
1 тапсырма: «Сан қатары»
Балаларға жеке карточкалар таратылып беріледі.
0.... 2.... 4..... 1..... 3..... 5
5.... 3.... 1......... 4..... 2..... 0

2 - тапсырма: «Қай пішінге ұқсас?»


Жеке карточкаларда заттардың суреттері беріледі. Жанындағы бос төр көзге қай пішінге ұқсас екенін салып көрсетеді.

3 - тапсырма:


Екі қаз ұшып барады,
Биіктен төмен қарады.
Аяқ нешеу, бас нешеу?
Жауабын кім табады?

Алма бағы жайнаған,


Қызыл алма айналам.
Алдым үзіп екеуін,
Тағы да алдым екеуін,
Алдым сонда нешеуін?

Сергіту сәті:


Кел санайық, екеуміз.
Бас бармағым - папам,
Балаң үйрек - апам.
Ортан терек - ағам
Шылдыр шүмек - мен
Титтей бөбек - сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.

Тәрбиеші: Міне, балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Қоянға көп көмек көрсеттіңдер. Қасқырдың тапсырмаларын орындап қоянның сыйлығын тауып бердіңдер. Өздеріңнің ойларыңды, тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Жарайсыңдар балалар.

Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы


  • Мереке Киятовна

 

  • 20 мам 2014

 

  • 1234

 

  • 0

  • 0

Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене келе, айналадағы дүниені танып - біледі. Көрген - білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім дағдысы молайып, күнделікті өмірден алған әсерінің нығая түсуіне себеп болады. Тіл - баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы барысында ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.

Баланың тілін дамытып, қалыптастыруда ойынның маңызы зор. Ойын технология арқылы баланың тілін дамыту жеңіл болмақ. Ойын баланың оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс. Бүгінгі таңда дидактикалық, сюжеттік, спорттық, ұлттық ж»не шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды. Ойындар арқылы баланың дұрыс және ұғынықты сөйлей білуін, сондай - ақ ойын жағдайлары арқылы олардың зейіні мен ынтасын арттыруға болады. Баланың тілін дамыту барысында ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс.


Ойын дегеніміз не? Ойын қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс - әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесінде кең тараған дамыту ойынның қызметі;
Ойынға тарту, рахаттану, демалдыру, қызығушылығын тудыру.
Ойын арқылы баланың бойында адамгершілік қасиеттерді, өмірге деген
құштарлықты қалыптастыруға болады.
Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойын - балалардың ой өрісін
жетілдірумен бірге өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу тәсілі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше
зерделейді. Ойын дегеніміз - баланың тілін дамытатын, қызықтыра отырып, ойдан ойға жетелейтін, тыныс кең, алысқа меңзейтін, қиялға қанат бітіретін нәзік нәрсе.
Ұлы педагог В. И. Сухомлинский; «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз, шығармашылықсыз толық мәндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды»,
дейді.

Демек, ойын арқылы баланың ақыл - ойы, сөздік қоры толыға түседі. Ойынның тілді дамытуда орны ерекше. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де олар бір - бірімен қарым - қатынасқа түсіп сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір - біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір - бірлерін бақылайды, тәрбиеші тек бағыттаушы болады. Ойын барысында тәрбиешінің рөлі үнемі өзгеріп отырады. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан жөн. Бала рөлде өзін неғұрлым еркін сезінетін болса, соғұрлым қызыға ойнайтын болады. Бастапқы кезде тәрбиешінің балалардың ынта - жігерін бақылағаны жөн. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды. Кейде тәрбиешінің өзі де басты рөлден басқа кез - келген рөлде ойнауына болады. Тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын. Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап, оның жұмысына жәрдем беруіне болады. 



Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей, өзіне ғана түртіп алады да келесі сабақта осындай қателермен жұмыс жасайды. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс, нақты түсіндірілуі қажет. Рөлде ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп (мәселен батырға немесе шешенге), кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді, мақал - мәтелдерді пайдалану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланады, сөздік қоры молаяды, халқымыз асыл - маржанын меңгереді. Рөлдік ойындар баланың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ақыл - ойын, дүниетанымын жетілдіруде тиімді нәтиже береді. Драматизациялық ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуға үлкен әсер етеді. Драматизациялық ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек, себебі ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құралады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы, драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
1. Шығарманы өзгертпей, түпнұсқасында сахнада қою;
2. Мәтінге шығармашылық өзгерістер енгізіп, сахнада қою.
Драматизациялық ойындардың белгілі, айқын мақсаты бар:
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тілдік қарым - қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыру;
2. Балаларды сөйлеуге үйрету;
3. Өмірдегі кез - келген оқиға туралы естігенін айтуға және іс - әрекет жүзінде көрсете білуге машықтандыру.
Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай кезде баланың қызығушылығы төмендейді. Қандай да болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген дұрыс. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуді үйренеді. Ата - аналар мен тәрбиешілер баланың тілін дамыту мен тәрбиелеуде ойын түрлерінің маңызы зор екенін ұмытпаулары қажет.
Сөйлесу қызметі - белсенді әрі мақсатты үрдіс. Бұл қызмет түрі серіктестің болуын талап етеді. Онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Мектеп жасына дейінгі мекемелердің басты мақсаты - бүлдіршіндердің диалогтық қарым - қатынасы болып табылады. Балалар өз құрбыларымен сөйлесу арқылы тілін дамытады.
Ойынның мәні - баланың дербес әрекеті мен төңірегіндегі өзгерістерді танып - білуіне жол ашу. Ойын халықтық педагогиканың ең бір көне және тиімді құралдарының біріне жатады. Бала ойын арқылы өзінің өмірден байқағандарын жүзеге асырып, айналасындағы адамдардың іс - қимылдарына еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды, ұлттық ойындар, оның ішінде ата - бабаларымыздың баға жетпес құнды қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретеді, сөздік қорын байыта түседі. Сабақтарды ұлттық ойындармен байланыстыра түсіндіру тақырыптарды тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді.

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы Мұхтар Әуезов:


«Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»,- деп тегіннен тегін айтпаса керек. Балабақшаларда ұлттық ойындар ұтымды пайдаланылса, онда тәрбиеленушілердің тілін дамытуға, білімге деген құштарлығын арттыруға және қазақ халқының мол мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады. Қазақтың белгілі ғалым - ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін, өткен ұрпақтың дәстүрі мен тарихын құрметтеп, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерінің дамуына, сөздік қорының баюына қосатын үлесін жоғары бағаласа, біртуар ақын Мағжан Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігінің, тілдік тәрбиенің негізгі ажырамас бөлшегі деп тұжырымдайды. Тілді дамыту мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмыстарының негізгі болуы тиіс, өйткені баланың сөздік қорының нығаюы оның танымдық қабілетін арттырып, сана - сезімін кеңейтеді.

Тіл - халықтың ажары, базары, бағы. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, өзінің айналасында болып жатқан өзгерістерді, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата - анасы міндетті. Бала тілінің дамуы негізінен эмоциялық ортаға, әр баланың отбасында қалыптасқан әкесі мен анасының, атасы мен әжесінің, үлкен мен кішінің қарым - қатынасына тығыз байланысты. Баланың өзге адамдармен қарым - қатынасының негізгі де отбасында қалыптасады. Бүгінгі техникалық мүмкіндіктер жақсы дамыған заманда ата - аналардың да мүмкіншіліктері кеңейе түсуде. Теледидар арқылы көрсетілетін ертегілер мен қойылымдар, ойындар баланың тілдік дамуына өз әсерін тигізері сөзсіз.


Сонымен түйіндеп айтарымыз, мектепке дейінгі әр түрлі топтардағы балалардың тілін дамытуда ойындарды тиімді пайдалану осы бағыттағы атқарылатын игі іс - шаралардың нәтижесіз қалмайтындығының айқын дәлелі деп санаймын.

Кері қайту

Ілмек сөздер: Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы




Заттың санын цифрмен сәйкестендіру

  • asilai

 

  • 12 мам 2014

 

  • 942

 

  • 0

  • 0

Білім беру саласы: Таным
Оқу іс – әрекет түрі: Математика
Тақырыбы: «Заттың санын цифрмен сәйкестендіру»

Мақсаты:
а) цифр мен заттың санын сәйкестендіруді жалғастыру;


ә) математикалық жұмбақтар шешу;
б) балалардың зейінін дамыту;

Мотивациялық - қозғаушылық: Амандасу


Амансың ба алтын күн!
Амансың ба көк аспан!
Амансың ба достарым!
Амансыздар ма қонақтар!
Сабағымызды бастайық
Жамандықты тастайық.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы:


Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз үшін ерекше сабақ. Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- 3 ай
- Наурыз, сәуір, мамыр.

Қызықты сәт.


Ренжіп Дара кіреді.

Тәрбиеші: Дара, сәлеметсің бе, қайдан жүрсің?


Дара: Кеше мен Ботимен ренжісіп үйден шығып кетіп едім, енді жаңбырға әбден жаурап қалдым, оның үстіне қолшатырымда тесіліп қалды.
Дидактикалық ойын: «Тесік қолшатыр»

Тәрбиеші: Балалар, Дараның қолшатырын жөндеп, әдемілеп берейік. Ол үшін стол жанына жақындайық.


Балалар стол жанына жақындап түрлі - түсті қағаздардан жасалған «қолшатырға» үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш пішінді қағаз қиындыларын жапсырады.
Тәрбиеші: Балалар қандай пішіндер жапсырдыңдар?

Балалар: Үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш.

Дара: Ой, рахмет! Қолшатырым бүтінделіп, әдеміленіп қалыпты.

Дара: Ой балалар мен жолда келе жатып мына бір қорапша тауып алдым ішінде не бар екенін білмеймін.

Тәрбиеші: Қорапшада не бар, көрейік. Балалар, бұл математика ханшайымының қорапшасы екен, мұның ішінде бізге тапсырма берілген екен.

1 - тапсырма: «Математикалық жұмбақтар»


- Үш мысықтың құйрығы нешеу?
- Қоянның құйрығы нешеу?
- Екі балада неше құлақ бар?
- Бес сиырдың басы нешеу?

2 - тапсырма:


Дидактикалық ойын «Цифрды тап»
Мақсаты: Балалар атаған цифрларды табады да, оны айналдырып сызады.

3 - тапсырма: «Доптарды жинастыр»


Мақсаты: цифрларды айыра білу және дұрыс атау машығын бекіту, тура және кері санауға жаттықтыру.

Карточкамен жұмыс


- Суретте неше дөңгелек бпр? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
- Үшбұрыш нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
- Сопақша нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
- Шаршы нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?

Сергіту сәті: «Аңқайма, қайтала»


Қане, достым, аңқайма,
Менен кейін қайтала.
Барша қимыл үш – үштен:
Көзіңді қыз үш рет: 1, 2, 3
Басыңды еңкей үш рет: 1, 2, 3
Иықты көтер үш рет: 1, 2, 3
Солға – оңға иіл үш рет: 1, 2, 3
Орныңда секір үш рет: 1, 2, 3
Ентігімізді басамыз және орнымызға отырамыз.

4 – тапсырма: «Көрші сандар»


Мақсаты: цифрларды қайталау, балаларға бір цифрды көрсету, ал балалар оның «Көршілерін» атайды.

Математика әлемінің есігі ашылып, алдарынан математика ханшайымы шығады.

Математика ханшайымы: Қош келдіңдер! Сендер менің жіберген тапсырмамды орындадыңдар. Көп нәрсе білетіндеріңді мен мына «сиқырлы таяқшам» арқылы біліп отырмын.
- Жарайсыңдар балалар, бәрің де тапсырманы орындап, тамаша жауап бердіңдер.
Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже
Біледі: 1 - ден 5 - ке дейінгі цифрларда;
Меңгерді: цифрлар туралы түсініктерді

Кім зейінді? ойын сабағы



  • usenov2009

 

  • 25 сәуір 2014

 

  • 1459

 

  • 0

  • 0

Мақсаты:
білімділік: Санды санау, пішіннен бейне құрастыру алған білімдерін бекіту, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру,.
Дамытушылық: Балалардың ой - өрісін дамыту, ойын арқылы ойлау, салыстыру қабілеттерін арттыру
Тәрбиелік: құрастыру арқылы балалардың қиялын шыңдау, есептерді шығару арқылы еске сақтау, ойларын жинақтау, ұқыптылыққа дағдыландыру.
Әдіс - тәсілдері: санау, құрастыру, сұрақ - жауап, жұмбақ, сергіту сәті, ойын.
Көрнекіліктер: сандар, үлестірмелі құралдар, тақта, геометриялық пішіндер. Оқу іс - әрекет барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: шаттық шеңбер
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
- Неше жыл мезгілі бар? (төрт жыл мезгілі бар. Қыс, көктем, жаз, күз)
- Қазір жылдың қай мезгілі, айларын ата? (көктем мезгілі, үш айы бар наурыз, сәуір, мамыр.)
- Жарайсыңдар балалар! Сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.
1 тапсырма: Геометриялық пішінді ата? Пішіндерді қолданып бейнелерді құрастыр.
2 тапсырма: Көрші санды тап.
Сергіту сәті: 1 дегенде тұрайық 2, 3, 4, 5 алақанды соғайық Оң жаққа бұрылып Сол жаққа бұрылып Біз шынығып алайық

Математикалық жұмбақ – есептер шешсін


Ұлпа жүнін қыздырып, Күн шуақта бір күшік, Отыр еді, Қасына келді тағы бір күшік. Болады сонда қанша күшік?

Ағашқа қонды төрт торғай, Оған келіп қосылды бір торғай Болды сонда барлығы неше торғай?


Алтыдан бірді алайық Қанша қалды қарайық Қарайық та санайық Санайық та табайық Табақта үш алма Қолымда екі алма Қосқанда барлығын Болады неше алма?
Ойындар «Не артық?» мақсаты: Балалар сурет ішіндегі артық затты табу.
«Не өзгерді?» мақсаты: заттардың санын санау арқылы, жоқ, орны ауысқан затты табу.
Логикалық сұрақтар: Үш бұрыштың неше бұрышы бар? Дөңгелекте бұрыш болама? Түлкінің құлағы қысқа, ал қоянның құлағы.... Күшік жүгіреді, ал қарлығаш.... Тасбақа жүреді, ал балық....
Күтілетін нәтиже:
Білу: Балалар реттік сандарды ауызша санау арқылы салыстырады пішіндерді ажырата білді, логикалық сұраққа жауап береді.
Игеру: Неше деген сұраққа толық жауап беруді, сандарды ретімен қоюды үйренді.
Меңгеру: Өз бетімен іс - әрекет жасап, математикалық есептерді шығара алады.

Бала тілі - бал



  • Асемгул

 

  • 25 ақпан 2014

 

  • 2102

 

  • 0

  • 0

Білім беру саласы: Таным 
Оқу іс – әрекетінің түрі: Қарапайым математика.
Мақсаты: Балалар 0 - 5 дейінгі сандарды тура, кері санау, жұбын табу, апта күндерін, кеше, бүгін, ертең сөздерін атай білу. Логикалық ойлау қиялдарын дамыту, белсенділіктерін арттыру, суреттерге қарап айырмашылықты ажырату, сөз құрап айта білу белсенділігін арттыру. Ұқыптылыққа жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, сандар, пішіндер.
Оқу іс – әрекеті: Балалар топқа келген қонақтармен амандасайық: Сәлематсыздарма апайлар!
Шаттық шеңбері: Шуақ шаша, алтын таңда,
Мөлдір таза ауада,
Табиғатта бәрі оянады, оян сенде бар бала.
- Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда, ең алдымен нені көреміз? - Күннің көзін көреміз. Аяғымызбен нені басамыз? - Жерді басамыз. - Қазір жылдың қай мезгілі? - Қазір көктем мезгілі. - Көктемнің неше айы бар? - Үш айы бар: наурыз, сәуір, мамыр. Жарайсыңдар балалар, енді сабақты әрі қарай жалғастырайық.
- Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі бұлар нелер? - - Бұларды апта күндері дейміз. Аптаның қай күндері демаламыз? - Сенбі, жексенбі күндері.
- Жарайсыңдар! Ерте, ерте ертеде сандар қалашығы болыпты. Онда сандар тату - тәтті өмір сүріпті. Кенеттен қатты жел тұрып, дауыл соғып сандардын орны ауысып кетеді. Енді біз сандарды орнына ретімен қойып, көмектесейік.
- сандарды ретімен қою: 0, 1, 2, 3, 4, 5. - қалашықта қанша үй бар? Екі үй бар. - олар қандай үйлер? Биік, аласа, түстері бірдей. - қандай пішіндерден жасалған? Үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, дөңгелек.
Машиналарды санау, суретке карай отырып жүзеді, ұшады, жүреді.
Дөңгелене тұрайық санамақты санайық:
Бір дегенім - білім, Білімсіз жоқ күнің. Еке дегенім - елім, Асқар тауым көлім. Үш дегенім - үміт, Үміт артар - жігіт. Төрт дегенім - төзім, Төзе білем өзім. Бес дегенім - бесік, Шықтық содан өсіп.
Енді «Ойлан тап».
Суретке қарап айырмашылықтарын табайық: екі парабозды, екі баланы салыстыру; ішінде, сыртында, ұзын, қысқа, оң қол, сол қол. Жарайсыңдар балалар! Енді «Сөз ойла, тез ойла». Суреттегі заттардың атын атап, сөйлем құраймыз.
Ойын «Жер, су, ауа»
Мақсаты: Қолдарын жоғары, алға, жанға түсіру. Ойынға қызығушылығын арттыру. Енді орнымызға отырып логикалық сұраққа жауап берейік. – Түлкі қу, ал қоян... (қорқақ) Тұз ащы, ал шекер...(тәтті) Піл үлкен, тышқан...(кішкентай).
- Бағдаршамның неше көзі бар? Үш көзі бар: қызыл, жасыл, сары.
- Ара, шыбын жәндік, ал қасқыр, түлкі...(жабайы аң) - Қасқыр, түлкі жабайы аң, ал жолбарыс, арыстан...(оларда жабайы аң) - - - Қошақан, қозы дейміз. Ол қандай жануар...(қой) - Аружан балабақшаға қашан келді? (кеше) – Дүйсенбі кеше болды, ал сейсенбі кашан болады?(бүгін, сәрсенбі ертең)
Жарайсыңдар балалар!
Қоштасу шеңбері:
Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет! Таза ауа, күш, қуат бергенің үшін рахмет! Қонақтар сабағымызға келгендеріңіз үшін және мұқият тыңдағандарыныз үшін рахмет!
Күтілген нәтижелер:
Білу: Сандарды, тура, кері санауды, логикалық сұрақтарға жауап беруді біледі.
Игеру: Суретке қарай отырып сөз, сөйлем құрауды игерді.
Меңгеру: Ойланып жауап бере білуді, ойынға қызығушылықпен қатысуды















 

  • Оқушыларға





















 

  • Сертификат алу

 

  • Бізбен байланыс

 

  • Сайтқа тіркелу

 

  • Танысу бұрышы

Начало формы

Іздеу

Конец формы



  • Мемлекеттік рәміздер

  • Қазақтың келіндері- ай (келіндер сайысы)

  • Ұстазым-ұлағатым, үлгі өнегем

  • Мен қазақ болғаныма мақтанамын

  • Мұғалімдер арасында "Екі жұлдыз" мұғалімдер күніне орай

  • Интеллектуалдық марафон

  • Қош бол, балабақша!

  • «Қош келдің, Жаңа жыл» 2015 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі

Оплаченная Реклама:
Заработок в интернете
Новинка - 70 долл. на SEO sprint
Пожалуй, самый простой способ заработка денег через интернет..
20pro12
Тут я заработал 158 долл. за 2 часа!
Заработай от 50 долл. в день


FireFall — многопользовательская командная браузерная игра в жанре шутера

7 санымен таныстыру

  • Marjan

 

  • 7 қаңтар 2014

 

  • 1820

 

  • 0

  • 0

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: 7 санымен таныстыру, құрамын анықтау.
Мақсаты: 1. Білімділігі: 7санымен таныстыру, құрамын анықтау арқылы 7 санының қатарын ретімен ауызша жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы, балалардың білім - біліктілігін арттыру.
2. Тәрбиелігі: Жұмбақ - есеп, санамақ туралы ұғымдарын қалыптастырып,
қызығушылығын арттыру.
3. Дамытушылығы: Баланың танымдық, шығармашылық, логикалық ойлау дағдысын дамыту.
Ұ. о. і. ә. әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, көрсету, ойын, санау, сергіту сәті, бағалау, қорыту
Қажетті көрнекіліктер: «Жеті шал»әңгімесінің суреттері, сан таңбалары, кемпірқосақтың жолақты түстері, әліппе - дәптері т. б.
Сөздік жұмыс: бірлік, жеті
О. і. ә барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Жылулық шеңбері. Оқу іс - әрекетіне дайындық.
ІІ. Өткен сандарды еске түсіріп, ұжыммен қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Балалар, біз қандай мектепте оқимыз?
Біз М. Әуезов атындағы №7орта мектепте оқимыз. Мектепке сендер неше күн келесіңдер?
Бес күн келеміз.
Ал неше күн демаласыңдар?
Екі күн демаламыз.
Сонда бір аптада неше күн болады?
Барлығы жеті күн болады.
- Қане, жеті күнді кім айтып береді?
Дильназ: Апта деген атайдың,
Жеті бірдей ұлы бар,
Біріншісі - Дүйсенбі,
Екіншісі - Сейсенбі,
Үшіншісі – Сәрсенбі,
Төртіншісі - Бейсенбі,
Бесіншісі – Жұма,
Алтыншысы - Сенбі,
Жетіншісі - Жексенбі.
Сергіту сәті.
Енді бәріміз тақтадағы суретке назар аударайық. Балалар, «Жеті шал»әңгімесін есімізге түсірейікші. Бұл әңгімедегі басты кейіпкер Жабақ жетіге келгенше атасының арқасынан түспегені естеріңде ме? Балалар, бүгін бізге қонаққа Жабақ келіпті, ол бізге құр қол келмепті, жаңа санды ала келіпті. Бірақ ол бізге қандай сан әкелгенін айтпаймын дейді, ол санды табу үшін біз мына тапсырманы орындауымыз керек.
Жұмбақ есеп:
І тапсырма
Талда 6 алма,
Қолымда 1алма,
Барлығын қосқанда,
Болады неше алма? (7алма)
ІІ тапсырма
1 - ден 7 - ге дейінгі сандарды тура және кері санау. 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7
ІІІ тапсырма
«Қай сан жоғалды?» 0 2 4 6
Балалар олай болса бүгінгі танысатын санымыз «7саны мен цифры»
7 саны қасиетті сан, мынадай халық аузында нақыл сөз бар: жеті қазына, жеті шелпек, жеті ата, жеті күн, жеті мүше, жеті қарақшы.

Дәптермен жұмыс:


1. 7 санының цифрін ауада жазу
2. 7 санын дәптерге жазу.
Кемпірқосақ ойыны. Жеті түрлі жолақты түстен кемпірқосақ құрастырып, артына жазылған тапсырмаларды орындау.
Қорытынды:
Балалар бүгінгі сабағымыз сіздерге ұнады ма?
- Нені білдік?
- Нені үйрендік?
Мадақтау:
Балаларды мадақтау, жақсы қатысқан балаларға жұлдызша беру

7 саны мен цифры. Тура және кері санау



  • Молдахан М

 

  • 18 мам 2013

 

  • 3625

 

  • 0

  • 0

Тақырыбы: 7 саны мен цифры. Тура және кері санау.
Мақсаты: 7 саны мен, цифрымен таныстыру. Сан қатарындағы орны, құрамы туралы түсінік беру. Тура және кері санауға үйрету. Балалардың ой - өрісін, танымдық қабылетін дамыту.
Әдіс – тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ойын.
Көрнекілігі: Суреттер, сандар.
Пән аралық байланыс: 
Тіл дамыту, орыс тілі.
Іс - әрекет кезеңдері 
Тәрбиешінің іс - әркеті
Балалардың іс - әркеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті,
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Ал кәнекей бәріміз
Сәлем делік үлкенге
Сәлеметсіздер ме,
Здравствуйте. Балалар өлең жолын қайталап айтады.
Ұйымдастырушылық, ізденімпаздық.
Өткенді қайталау.
Сандарды тура және кері санау. Ойын:
« Кім жылдам»
Аспанда неше күн бар?
Екі қоянның неше құлағы бар?
Бағдаршамда неше көз бар?
Ешкіде неше аяқ бар?
Бір қолда неше саусақ бар?
Бір жылда неше мезгіл бар?
Жаңа тақырыппен таныстыру.
Балалар бүгін 7 санымен танысамыз.
7 саны қазақта киелі сан болып есептеледі. Сендер қандай ұғымдарды білесің – дер. 7ата, 7 қазына, 7 күн, 7 күлше.
Жұмбақ жасыру.
Жеті саны киелі,
Алтыдан кейін келеді
Аптада бар жеті күн
Кім оны жатқа айта – ды?
Тақтаға суреттерді
Іліп заттарды санату.
Заттарды салыстыру.
Кемпірқосақ түстерін санату.
Санның кұрамы жеті бірліктен тұратынын түсіндіру. Ойын:«Кім тапқыр»
Санын білмей сәбіздің
Қоян әбден тосылды
Көмектесіп жіберші
Құтқарып сен досың ды.
Оң қолында төрт сәбіз.
Сол қолында үш сәбіз.
2. Айболда бес өрік,
Нұрболда екі өрік
Барлығын қосқанда,
Болады неше өрік?
3. Маратта алты алма
Саматта бір алма
Санашы, санашы
Барлығы неше алма?
4. Алма ағашта жеті алма
Қандай тәтті жесе алма
Жетеуінде жеп қойсам
Қалады онда неше алма.
Тосын сәт: Дымбілмес келеді.
Тапсырма алып келеді. Балалардан көмек сұрайды.
Суреттегі заттарды санап санын жауымыз керек.
Ойын: «Көршісін тап»
Сергіту сәті: Бір дегенде тұрайық.
Тақтаға жеті санын
жазып көрсету.
Ауада жаттығу.
Дәптерге жазғызу.
Балалар жауап береді.
Ойынды шарты бойынша ойнайды.
Балалар мұқият тыңдайды.
Жұмбақты шешеді
Заттарды санайды
Жауап береді
Тапсырманы орындайды.
Ойынды ойнайды.
Бойларын сергітеді.
Тақтаға жазады
Ауада жаттығады.
Дәптерге жазады
Рефлексиялық Қортындылау.
Балаларды мақтау,
Мадақтау. Қуанышты хабарлама тарату.
Жүректен – жүрекке
Күндей болып күлеміз
Шуақ шашып жүреміз
Бізге келген қонаққа
Гүлді сыйға береміз
Өлең жолын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: 7 саны мен цифры туралы түсінік алады.
Болу: Санның құрамын, қатардағы орнын меңгереді.
Жасай алады: 7 санын жаза алады

Кім зейінді? ойын сабағы



  • usenov2009

 

  • 25 сәуір 2014

 

  • 1459

 

  • 0

  • 0

Мақсаты:
білімділік: Санды санау, пішіннен бейне құрастыру алған білімдерін бекіту, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру,.
Дамытушылық: Балалардың ой - өрісін дамыту, ойын арқылы ойлау, салыстыру қабілеттерін арттыру
Тәрбиелік: құрастыру арқылы балалардың қиялын шыңдау, есептерді шығару арқылы еске сақтау, ойларын жинақтау, ұқыптылыққа дағдыландыру.
Әдіс - тәсілдері: санау, құрастыру, сұрақ - жауап, жұмбақ, сергіту сәті, ойын.
Көрнекіліктер: сандар, үлестірмелі құралдар, тақта, геометриялық пішіндер. Оқу іс - әрекет барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: шаттық шеңбер
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
- Неше жыл мезгілі бар? (төрт жыл мезгілі бар. Қыс, көктем, жаз, күз)
- Қазір жылдың қай мезгілі, айларын ата? (көктем мезгілі, үш айы бар наурыз, сәуір, мамыр.)
- Жарайсыңдар балалар! Сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.
1 тапсырма: Геометриялық пішінді ата? Пішіндерді қолданып бейнелерді құрастыр.
2 тапсырма: Көрші санды тап.
Сергіту сәті: 1 дегенде тұрайық 2, 3, 4, 5 алақанды соғайық Оң жаққа бұрылып Сол жаққа бұрылып Біз шынығып алайық

Математикалық жұмбақ – есептер шешсін


Ұлпа жүнін қыздырып, Күн шуақта бір күшік, Отыр еді, Қасына келді тағы бір күшік. Болады сонда қанша күшік?

Ағашқа қонды төрт торғай, Оған келіп қосылды бір торғай Болды сонда барлығы неше торғай?


Алтыдан бірді алайық Қанша қалды қарайық Қарайық та санайық Санайық та табайық Табақта үш алма Қолымда екі алма Қосқанда барлығын Болады неше алма?
Ойындар «Не артық?» мақсаты: Балалар сурет ішіндегі артық затты табу.
«Не өзгерді?» мақсаты: заттардың санын санау арқылы, жоқ, орны ауысқан затты табу.
Логикалық сұрақтар: Үш бұрыштың неше бұрышы бар? Дөңгелекте бұрыш болама? Түлкінің құлағы қысқа, ал қоянның құлағы.... Күшік жүгіреді, ал қарлығаш.... Тасбақа жүреді, ал балық....
Күтілетін нәтиже:
Білу: Балалар реттік сандарды ауызша санау арқылы салыстырады пішіндерді ажырата білді, логикалық сұраққа жауап береді.
Игеру: Неше деген сұраққа толық жауап беруді, сандарды ретімен қоюды үйренді.
Меңгеру: Өз бетімен іс - әрекет жасап, математикалық есептерді шығара алады

1-ден 10-ға дейінгі сандар. Геометриялық денелер. Шар, текше, цилиндр, пирамидамен таныстыру.



  • Nazumgul

 

  • 20 сәуір 2014

 

  • 2310

 

  • 0

  • 0

Тобы: «Жұлдыз» ересектер тобы.
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 1 - ден 10 - ға дейінгі сандар. Геометриялық денелер. шар, текше, цилиндр, пирамидамен таныстыру.
Мақсаты:
Білімділік: 10 көлеміндегі сандарды тура, кері санауды қайталау. Сандар құрамын бекіту. Балаларға көлемді денелер: шар, текше, цилиндр, пирамида туралы түсінік беру. Қоршаған ортада сәйкес пішіндегі заттарды табуға үйрету.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөйлеуге дағдыландыру. Ойын арқылы танымдық қабілеттерін, логикалық ой - өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: Тапсырманы ұқыпты, таза орындауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: қайталау, түсіндіру, ойын.
Билингвизм: шар - круг, текше - куб, цилиндр, пирамида..
Қолданылатын көрнекіліктер: теледидар, компьютер, тақырыпқа сай слайдтар, суреттер

Мотивациялық - қозғаушылық Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Ашық оқу іс - әрекетімізге қош келіпсіздер!


Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жайнай түсті қаламыз.
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн, апайлар!
Сәлем! Сәлем! Сәлем! Балалар тәрбиешімен бірге көтеріңкі көңіл - күймен шаттық шеңберін орындайды.
Ұйымдастыру - іздестіру - Балалар, қазір сендермен «Таным» білім беру саласы бойынша, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ашық оқу іс - әрекетін жүргіземін. Сендерге шын жүректен сәттілік тілеймін!
Өткенді қайталау:
- Балалар, сендер нешеге дейінгі сандарды тура және кері санауды, қосып азайтуды үйрендіңдер?
- Ендеше маған қазақ, орыс, ағылшын тілінде 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері кім санап береді?
- Жарайсыңдар. / жұлдызша, төртбұрыштармен мадақтаймын /
- Балалар тақтада не көріп тұрсыңдар?
- Бұл жай пойыз емес, «Көңілді пойыз»
Қазір «Көңілді пойыз» ойынын ойнаймыз.
Мақсаты: 1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды қосып азайтуға байланысты алған білімдерін бекіту.
Пойызға жолаушылар мінеді. Бірақ біздің бүгінгі жолаушыларымыз аңдар. Тапсырма, аңдарды ретімен өз вагондарына отырғызу керек. Паровозға артылған вагондар саны 10. Жолаушыларды тапсырманы дұрыс орындап, вагондарға отырғызайық.
1 - вагон 2 - 1=1 Арыстан
2 - вагон 4 - 2 = 2 Піл
3 - вагон 0+3 = 3 Керік
4 - вагон 5 - 1 = 4 Түлкі
5 - вагон 2+3= 5 Қоян
6 - вагон 3+3= 6 Мысық
7 - вагон 8 - 1= 7 Қасқыр
8 - вагон 6+2= 8 Ит
9 - вагон 5+4= 9 Маймыл
10 - вагон 7+3=10 Аю
Тапсырманы дұрыс орындаған балалар мадақталады.
Сергіту сәті:
Сыңгыр - сыңғыр сырғалар,
Құлағымда ырғалар.
Оң қолымда білезік.
Сол қолымда білезік,
Қолдарымда сақина.
Санап көрші, кәнекей?
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
- Балалар сендер геометриялық фигуралардың қандай түрлерін білесіңдер?
- Дұрыс, жарайсыңдар!
Жаңа тақырып:
- Балалар бүгін сендерді геометриялық денелермен таныстырамын.
Қазір сендерге геометриялық денелер туралы ертегі айтып беремін. Мұқият тыңдап, назар аударыңдар.
Сиқырлы геометриялық денелер.
/Слайд көрсету арқылы ертегіні айтып беремін./
Ертеде математика елінде, геометриялық фигуралар қамалында сиқырлы геометриялық денелер өмір сүріпті.
Бір күні олар: «Бәрінен де кім күшті?» - деп өзара айтысып қалыпты.
Сол кезде текше былай депті: « Мен бәрінен де күштімін. Өйткені менің бұрыштарым көп» - деп мақтаныпты.
Мұны естіген шар: «Босқа мақтанба, сенің бұрыштарың кімге керек? Мына менде бұрыш жоқ. Мен үнемі дөңгеленіп, көңілді жүремін. Менің басым да аяғымда жоқ» - депті.
Осы кезде цилиндр келіп, былай депті: «Босқа айтыспаңдар. Мен бәріңнен де күштімін. Менің арқамда адамдар ауыр заттарды үстіме қойып, итеріп, қозғалтады. Сондықтанда мен күштімін» - депті.
Қызу айтысты естіп тұрған пирамида былай депті: «Неге босқа айтысып тұрсыңдар. Біз барлығымыз адамдарға өте қажетпіз. Біз әрбір үйден табыламыз. Адамдар бізді балабақшадан бастап танып біледі. Сондықтан адамдарға әрдайым қажетпіз. Олар бізді жақсы көреді» депті пирамида.
Осы кезден бастап геометриялық денелер өздерінің адамдарға қажет екендіктерін түсінді.
- Балалар, ертегі ұнады ма сендерге?
- Ертегі нелер туралы екен?
- Дұрыс айтасыңдар.
- Осы геометриялық денелер туралы толық түсінік беріп өтейін.
- Назарларыңды экранға аударыңдар.
/ экранда алдын - ала дайындалған слайд көрсетіледі./
Шар – шар: ол дөңгелек, домалатуға болады.
Шарға доп, моншақ, шырша ойыншығы ұқсас келеді.
Текше - куб: шар сияқты дөңгелей алмайды, өйткені оның бұрыштары бар. Текшеге теледидар, сумка, сағат, үстел, текше ойыншықтар, печенье т. б. заттар ұқсас келеді.
Цилиндр екі тілде осылай аталады. «Сырғанақ» деп аударылады. Егер бірнеше цилиндрді қатар қойып, оның үстіне ауыр заттарды қойып итерсең, ол қозғалады. Мысалы: бірнеше қатар қарындаштың үстіне кітап қойсаң кітап орнынан жылжиды.
Цилиндрге стакан, ерлер шляпасы, гүл салатын ваза, балмұздақ, сгущенка т. б. заттар ұқсас келеді екен.
Пирамида екі тілде осылай аталады.
«Шың» деп те аударылады. Пирамида таудың қар басқан ұшына, сарайлар мен мұнаралардың күмбезіне ұқсайды.
Сергіту сәті:
Саяхатқа барамыз,
Дорбамызды аламыз.
Эй бұл кім? Эй бұл не?
Бұл тау.
Астынан өте алмаймыз,
Үстінен өте алмаймыз.
Кеттік тура. / қолдарын жұдырықтап бір - біріне ұрады/
Балалармен бірге «Шариктер»атты саусақ жаттығуын орындаймын.
Екі қолымыздың саусақтарын шөкімдеп, ұштарын бір - біріне тигіземіз. Шарды үрлейміз. Үрлегенде қандай қимыл жасаймыз тура сондай қимыл жасалады.
Шар жарылды. Саусақтар бастапқы қалпына келді.
Электрондық технологиямен (компьютер) жұмыс:
тапсырма.
Берілген тапсырмадағы геометриялық фигураларды атап көрсет.

- Рахмет!


10 көлеміндегі сандарды.
Балалар 3 тілде тура және кері санап береді.
- Пойыз

Балалар 10 көлеміндегі сандарды қосып, азайтуға берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.


Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
шаршы, сопақша, ромб, трапеция
көп бұрыштар: бесбұрыш, алтыбұрыш, сегіз бұрыш
- Ұнады.
- Сиқырлы геометриялық денелер туралы.

Балалар слайдтан көрген ұқсас заттарды атап отырады.


Балалар тәрбиешімен бірге сергіту, саусақ жаттығуларын жасады.
Балалар тапсырманы қызығушылықпен орындады.
Рефлексивті - түзетушілік Қорытынды:
«Сиқырлы фигуралар әлемі» дидактикалық ойыны ойналады.
Мақсаты: Геометриялық фигураларды, денелерді көлемі, өзара ұқсастығы бойынша құрастыру.
Балаларға геометриялық фигуралар, денелер, пирамидалар, лотолар, пазылдар таратылады. Фигураларды көлемі, өзара ұқсастығына байланысты құрастыру тапсырылады.
Балалардың жұмысы мадақталады.
- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетімізде нелермен таныстық?
Геометриялық денелерге нелер жатады?
- Жарайсыңдар.
Бүгінгі ашық оқу іс - әрекетіміз аяқталды белсене қатысқандарың үшін сендерге алғысым шексіз.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнады.

- Геометриялық денелермен.


- Шар, текше, цилиндр,
пирамидалар жатады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: 1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды тура кері санауды, қосып азайтуды, геометриялық фигуралар түрлерін біледі.
Нені білу керек: Қоршаған ортада геометриялық фигураларға ұқсас заттар түрлерін ажырата білу керек.
Нені меңгерді: Геометриялық денелер түрлерін таныды

Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар



  • kuralaiox

 
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет