Сабақтың тақырыбы: А.Алтай «Дегелеңдегі жарылыс»
Сабақ мақсаты: А.Алтайдың шығармашылығымен таныстыру; әңгімені оқыту, Семей полигоны, «Невада-Семей» қозғалысы туралы түсінік беру; Ой-өрісі, сөздік қорларын кеңейту, тілді дамыту; Дұрыс түсініп оқуға үйрету; өз еліне, халқына, жеріне азаматтық борыш сезімін тәрбиелеу. Міндеттері: 1.Танымдықізденпаздық қызғанушылығын арттыру. 2.Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру. 3.Оқушылар өздерін өздері оқытуға,сыни тұрғыдан ойлауға ,білім алуға жағдай жасау. Негізгі идеялары: 1.Оқушы өмірдегі біліміне,білетіне сүйену. 2.Жаңа ақпарат беру арқылы,ойлау,сөйлеу,жазу,оқу дағдысын дамыту. Күтілетін нәтиже: 1.Өз бетімен жұмыс жасау арқылы білімдерін жетілдіру. 2.Мәтін туралы түсінігін меңгерту. 3.Өз ойын тиянақты ,еркін айтуға үйрету. Сілтеме: 4 сынып 98-101 бет Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Қолданылған әдіс-тәсілдер:
• Тізбекпен оқу; • Рөлмен оқу; • Іштен оқу; • Теріп оқу;
• Шығарманы өз бетіңше аяқтау;
• «Авторлық орындық» стратегиясы
• Бейнероликтер
• Оқуды бейнесуреттермен сәйкес жүргізу
• Мәнерлеп оқудың үлгісін көрсету
• Сөздік жұмыс.
Қолданған технологиялар:
• Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
• Денсаулық сақтау технологиясы
• Жергілікті компонент қолдану
• ИТК
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Мәтінді оқу.
Аянға жазған хаттарын оқу.
ІІІ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
1) Бүгінгі оқитын әңгімеміз жазушы Асқар Алтайдың «Дегелеңдегі жарылыс» аттты шығармасы.
Дәптерлеріне бүгінгі күн, сабақтың тақырыбын жазыңдар.
2) Автор туралы ақпарат.
Асқар Алтай – қазіргі жазушылардың ішіндегі ірі жазушылардың бірі, Семей өңірінде дүниеге келген.
Ол отыз жасында бірінші романын жазды.
Бүгінгі күнге дейін жазылған 2 романы, бірнеше повесі, 30-шақты әңгімесі бар.
Асқар Алтай - өзінің туған жерінің, елінің қайғы-қасірет, мұның туралы жазып жүрген жазушы.
3) Оқулықпен жұмыс. Оқулықтарының 98 бетін ашыңдар. Тақырыпты оқыңдар.
- «Дегелең» атты жер туралы не білесіңдер?
- Оқулықтағы суретке назар аударыңдар. Бұл ненің суреті? (бомба, жарылыс)
- Семей ядролық полигоны туралы не білесіңдер? (балалардың жауаптары)
- Семей полигоны - әлемдегі ең ірі бес полигонның бірі.
Қырық жылдан астам уақыт ішінде мұнда 456 жарылыс болды. Бұл өңірде қатерлі ісік, қан ауруларымен сырқаттану жиіледі. Бұрын қазақ арасында болып көрмеген сұмдық сырқаттар көбейді. Сол күндері алдына аса ізгі мақсат қойған «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігі дүниеге келді. Невада-Семей қозғалысын жетекшілік етті.
- «Невада-Семей» қозғалысының атқарған жұмысы туралы бейнероликтен көре аласыңдар.
Бейнеролик «Невада-Семей» қозғалысы.
Бұл бейнероликте республикалық деңгейде өткізілген іс-шаралар көрсетілген. Ал, қарапайым адамдар, жеке балалардың тағдыры туралы Асқар Алтайдың әңгімесінен оқып білеміз.
І бөлігін (үзіндіні) оқу
Мәтіннің басында кімдер туралы әңгімеленген
Бас кейіпкерді атаңдар
Неге барлық бала оған қызыға да, қызғана да қарайтын?
ІІ бөлігін (үзіндіні) оқу
Бұл үзіндіде не жайлы айтылған?
Ауыл адамдарының күнделікті тіршілігі туралы. Олар мал бағып, шөп жинап, бала өсірген жайы бар.
ІІІ бөлігін оқу
Үлкендер арасында қандай әңгіме шықты?
Бұл хабарды халық қалай қабылдады?
(үлкендер-үрейленіп, уайымдай бастады, балалар – мән берген жоқ)
IV бөлігін оқу
Мәтінді оқи тұрып, интерактивті тақтада «Царь-бомба» бейнеролигін көрсету.
V бөлігін оқу
Дегелең тауына ұлдар неге барды?
Дегелең үстінде жарылған не нәрсе?
Осы жарылыстың әсерінен Қажымұрат қандай жағдайға дұшар болды?
Сергіту сәті
Көзге арналған жаттығулар орындайық.
• Көздерімізді қатты жұмып 1-3 санап, ашамыз.
• Қолымызды алға созып, саусағымыздың басына қарап тұрып, саусағымызды бірде жақындатып, бірде алыстатамыз.
• Саусақтың басына қарап, жоғары, төмен, оңға, солға қараймыз.
• «Шамшырақ» жаттығуы.
Сөздік жұмыс.
Мағынасы таныс емес сөздерді түсіндірейік.
Қау шөп –
Сілесі қату –
Қозықа –
Құлжа –
Жүрегі лоблу –
Зәресі ұшу –
Көздің қарығуы –
Теріп оқу
- Мәтіннен Қажымұратты жарылысқа дейінгі сипаттайтын сөздерді оқыңдар.
- Әңгіменің соңында Қажымұрат туралы не айтылған? Слайд 5
Міне, балалар, өздерін салыстыра отырып атом полигоны, бомба жарылыстарының адамға, табиғатқа қандай қайғы-қасірет әкелгенің, қалай әсер еткені туралы оқыдыңдар.
Шығармашылық тапсырма
• Соңғы үзіндісін оқыңдар.
• Сөйлемдердегі ойды өрбітіп, әңгімені өз беттеріңше аяқтаңдар.
«Авторлық орындық»
3-4 бала жазған шығармаларын оқиды.
Үй тапсырмасы Әңгімені оқу, мазмұндау, жалғасын жазу.
Ал бүгінгі сабақты мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
Ол ауырса, сенің де ауырғаның
Ол сауықса, сенің де сауыққаның
Табиғаттық қабағы қашанда ашық
Сезбесе егер адамнан қауіп барып.