Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбайұлы



Дата04.07.2018
өлшемі12,08 Kb.
#47047
түріСабақ
Қазақ әдебиеті 10 «б» - сыныбы
Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбайұлы «Ескендір» дастаны
Сабақтың мақсаты: а) поэманың мәтіні арқылы идеясын ашу,кейіпкерлеріне мінездеме жасау;
ә) оқу, талдау, жоспар құру, мінездеме беру арқылы оқушылардыңойларын дамыту;
б) оқушыларды адамгершілікке, іскерлікке, ізденіске тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: СТО технологиясы
Пәнаралық байланыс: тарих, өзін – өзі тану
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдасьтыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Абайдың «Адасқанның алды – жөн, арты - соқпақ», «Сегіз аяқ» өлеңдерін жатқа мәнерлеп айту, мазмұнын түсіндіру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1.«Ескендір»поэмасы- Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі, ақынның гуманистік ой – пікірлерін тереңірек танытатыны. Шығыс елдерінде Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараған , Еуропа Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарымен қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен.
2. Дастанның мазмұныны түсіндіру.
IV. Сабақты бекіту
І. Ой қозғау
Поэманың мәтінін алты топқа бөліп, топ мүшелерінің баяндауымен мазмұнын баяндату.
ІІ. Мағыныны тану
1. Жоспар құру
а) Патшаның жорығы
ә) Бұлаққа кездесу
б) Ескендірдің бұйрығы
в) Қақпаға кездесуі
г) Күзетшінің сөзі мен сыйы
д) Өсиет ( ақыл сөз) . Өсиет – көпшілікке айтылатын уағыз, келелі кеңес түріндегі өлең.
2. Кейіпкерлерге мінездеме беру
Образдар ------ Ескендір
------- Аристотель
-------- мифологиялық образдар ( табиғат, жұмбақ бұлақ, алтын қақпа, күзетші, орамалға түйілген сүйек)
ЕСКЕНДІР - ел жаулағыш, зұлым патша, баққұмар, көзі тар,көрсеқызар, тойымсыз
Ескендірдің іс – әрекеттерін әшкере ететін ақыл – нақыл сөздер мен мақал – мәтелдер келтіру
«Бақпен озған патшадан, мимен озған қара артық»
«Хан ақымақ болса, жұртың ылаң болар»
АРИСТОТЕЛЬ – ғалым, гуманист, гректің ойшылы, энциклопедиялық еңбектің авторы, Ескендірдің тәрбиешісі
3. Оқулықпен жұмыс
Күзетші мен ескендірдің диалогын тауып оқу
V. Сабақты қорыту
1. Абайдың «ескендір » поэмасының идеясы не?
2. Поэмадағы оқиға қай замандағы, қандай тарихи кезең суреттелген?
VI.Үйге тапсырма: 1. Поэманы оқу.
2. Поэмадан үзінді жаттау
VII. Бағалау



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет