Сабақтың тақырыбы: «Абай -дана, Абай- дара қазақта»



бет1/6
Дата25.01.2022
өлшемі35,94 Kb.
#114597
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тәрбие сағаты сабақ жоспары Абай


Сабақтың тақырыбы: «Абай –дана, Абай- дара қазақта».

Сабақтың мақсаты:  Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндңру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету

Сабақтың  көрнекілігі:  Абай портреті,  кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, слайдтар, буклеттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезең.



Кіріспе

Мұғалім сөзі:  Құрметті ұстаздар , оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз « Абай- дана, Абай- дара қазақта»  атты әдеби кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады.   Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар. Абай философ ,заңгер ,ақын, аудмашы,сазгер,дара ойшыл ,кемеңгер ,Абай жазба әдебиетінің негізін салушы ,гуманист , қоғам қайраткері, әділ би, ағартушы-ұстаз. Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М. Лермонтовтың, Л. Н Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің  шығармаларын қазақшаға   аударды.

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.

Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.

Мені мен, менікінің айырылғанын,

“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.



Ал енді белсенді тақтаға назар аударайық Абай Құнанбаевтің өмірбаяны туралы видиосюжетті тамашалайық.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет