Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
№1 - тапсырма: Адамның әртүрлі мінез-құлқын қарасөз мазмұны арқылы түсіндіріп беріңдер. Берілген қарасөздің идеясын талдап, дәптерге жазыңдар.
Адамның әртүрлі мінез-құлқын қарасөз мазмұны арқылы түсіндіріп береді. Берілген қарасөздің идеясын талдайды, дәптерлеріне жазады.