Негізгі бөлім Мағынаны тану.
|
1. Оқушыларға Абайдың туған жері туралы бейнетаспадан көрсетемін.Абай Құнанбаев өмірі мен әндері туралы мұғалім түсінігі. (тақтада Абай суреттері кетеді)
Абай Құнанбаев (1845 - 1904) ақын, ағартушы, композитор, аудармашы.
Қосымша декерті өз бетінше оқуға тапсырма беру,оқушылардың ой қорыту деңгейін байқау.
Ол өзі қалдырып кеткен құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен бірге басқа халықтың мәдениетін, өнерін білуге шақырды. Абай композитор ретінде қазақ музыка мәдениетінде үлкен үлес қосқан. Ол өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған.
. Әндері «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың»т. б. және де Абай орыс ақындары Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, оған музыка жазды.
Музыка тыңдау: Абай табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды, адам өміріне арнап жырға қосты. Табиғат, махаббат сырына арналған әні «Желсіз түнде жарық ай». Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні. Бұл әнді 1888 жылы Абай Ақшоқыға қарап тұрып айтқан екен. Ақшоқы Абай жырының бесігі. Бұл өлең
1909 жылы кітапқа басылған.
Жарық айдың сәулесі суға түсіп, дірілдеп тұрған жанды бейнесі, терең сайды қуалап, тасқындап ағып жатқан өзен, қалың ағаштың сыбырласқан жасыл жапырақтары, жер жүзін құлпыртып тұрған көкорай шалғын – табиғаттың сан алуан суреті көз алдыңа келеді, көңіліңе қона кетеді.
Музыка сауаты: Динамикалық белгілер. Әннің шумақтарында кездесетін қатты, ақырын, орташа белгілері болады. Дыбыс күшін азайту немесе күшейту белгісін Динамикалық белгілер деп атайды.(грек тілінде динамикос – күшейту)
Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы, орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту белгілері былай белгіленеді.
p – piano - пиано – ақырын, жай
f - forte – форте - қатты
mf - messo piano – меццопиано - орташа
ff – fortissimo – фортиссимо - өте қатты
pp – pianissimo – пианиссимо - өте жай
- diminuendo – диминуэндо – бірте - бірте жайлата
Классикалық музыка деп ең биік көркемдік талапқа сай, терең мазмұнды, уақыт сынынан өткен, музыка өнерінің алтын қорына енген шығарма.
Абай тек орыс әндерін ғана емес, классикалық музыканы да білген. Орыс және Еуропа музыкасы жөнінде түсінігінің кеңеюіне Санкт-Петербургте оқыған баласы Әбдірахманның көп ықпалы тиген.
Абай өз әндерінде табиғат сұлулығын, адамның көңілін әсерлі әуенмен бейнелеп жеткізген. Қазір біз Абайдың табиғатты бейнелейтін «Желсіз түнде жарық ай» әнін үйренеміз.Бұл ән естіген құлаққа жағымды, өлеңнің тұтастығымен, айқындығымен және әуенімен ерекшеленетін ән. Әуені мен өлеңі екеуі біртұтас көркем бейне жасап, көз алдымызға жарық ай астындағы әдемі тымық түн елестетеді. Әннің әуені жеңіл, лүп еткен лептен құйылғандай сабырлы, бір тегіс, құлаққа жағымды болып келеді.
2.Сергіту сәтін орындау
3."БББ" әдісі
|
Әр топ бірлесе отырып берілген сұрақпен арнайы А4 форматына ой-пікірлерін түсіреді.
Тапсырманы орындау.
Белсенділік таныту.
Топта бірлесе жұмыс жасау.
Көшбасшылық таныту. Жеке оқушылардың топта жұмыс жасау деңгейлері байқалады.
Оқушылар әуен ырғағымен қимыл-қозғалыстарды қайталап бой жазады.
Топтық жұмыс орындалады
|