«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»
Сабақтың тақырыбы: «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін »
Сабақтың мақсаты:Абай шығармашылығынан алған білімдерін тексеру, әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білім бере отырып, басқа өнер түрлерінен айырмашылықтарын айыра білуге үйрету; оқушылардың байқампаздығын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту; табиғат пен адам, жалпы тіршілік атаулының тұтастығын түсіндіре отырып, оқушыларға экологиялық тәрбие беру, отанды, туған жерді сүюге, табиғатты қорғауға , қолдауға баулу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, бағдарламасында жасалған презентация, компьютер.
Сабақтың түрі: өткен тақырыпты пысықтау.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ой бөлісу.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды 3 топқа бөлу, сабақтың мақсатымен таныстыру.
Бүгін біз қазақтың ұлы ақыны - Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын қорытындылап, өз білімдерімізді бақытты поэзия сабағында көрсеткелі отырмыз.
«Бақытты сәт» ойынына 3 топ қатысады.
«Ақыл» тобы, «Жүрек» тобы, «Ғылым» тобы.
Сабақ 5 турдан тұрады.
«Мына тұрған Абайдың суреті ме, Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне. Ақыл , қайрат, білімді тең ұстаған Өр Абайдың төтеген кім бетіне? » деп Жамбыл атамыз айтқан.
І тур »Даталар тізбегі».
1.Ақын Семейдегі «Ахмет – Риза » медресесінде қай жылы оқыды? (1855ж.)
2.Абай қай жылы дүниеге келді? (1845ж.)
3.»Ескітам» медресесінде қай жылы білім алады? (1853ж.)
4.»Абай» шығармаларының тұңғыш жинағы қашан шықты? (1909ж)
5.Қай жылы әкімшілік, билік жұмыстарға араласты? ( 1858ж.)
6.Қоңыркөкше елінде қай жылдары болыс болды? (1875-1880ж.ж.)
7.»Абай әні» атты көркем фильм қай жылы түсірілді? (1945ж.)
8.»Абай « атты «Қазақфильм» киностудиясы шығарған деректі фильм қай жылы қойылды? ( 1983ж.)
ІІ тур
«Туғанда дүние есігін ашады өлең».
Сұрақтар:
1.Абайдың ең алғашқы аудармасын ата ?
(Лермонтовтың «Бородино» өлеңі).
2.Абайдың «Дүние де өзі, мал да өзі» деген сөзінде нені айтады? (оқуды, ғылым, білімді меңгеруді айтады).
3.Абайдың оқу , ғылым, өнер жөніндегі өлеңдерін ата.
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», »Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Сегіз аяқ».
4.Абайдың қанша қара сөзі бар ? (45 қара сөзі)
5.Абайдың өмірбаянын бірінші рет кім жазды? (Ақынның өмірбаянын бірінші рет туған інісі – Ысқақтың баласы – Кәкітай 1909 ж. жазды).
6.Абайдың табиғат лирикасына жазылған өлеңдерін ата.
( Жаз, Жазғытұрым, Күз, Қыс, Желсіз түнде жарық ай, Қан сонарда бүркітші шығады аңға).
ІІІ тур Жұмбақтас.
Әр топқа ұлы ақын туралы айтылған басқа ақын – жазушылардың берген бағасын жұмбақ ретінде қоямын.
1.«Ақыл» тобына : Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан басқа бұрынғы – соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.
(А.Байтұрсынұлы)
2.«Жүрек» тобына: Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.
(Ғ.Мүсірепов)
«Ғылым» тобына: Орыстар үшін - Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели ... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.
(Қ.Кулиев)
ІVтур «Сен маған , мен - саған» Әрбір топ үй тапсырмасы бойынша екі сұрақтан дайындап келіп, бір біріне қояды.
V тур «Қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі».
Әрбір топқа Абайдың бір - бір қара сөзі таратылып беріледі, қарасөздің мағынасын ашу.
Содан кейін әрбір топ бір өлеңін жатқа айтады.
Соңында барлық топтар бірге «Көзімнің қарасы» өлеңін орындау.
Сабақты Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деп айтқан пікірімен аяқтаймын.
Сабақты қорыту:
Бағалау:
Үйге тапсырма: Абай атамыз туралы өлең құрастыру.
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,
Ертеңгінің үміті өлмеу үшін,
Зұлымдыққа мәңгілік төзбеу үшін,
Дәл шындықты жүрекпен көздеу үшін,
Өлең жаз, кітап оқы,
Ғылым ізде,
«Ертеңім жоқ» деп болмайды көндігуге.
Алға ұмтыл,
Әр қадамды жігермен бас.
Қиналсаңда шығарма
Көзіңнен жас.
Бас име ешкімге де,
Абайдай бол:
Қазағын артық көрген бәрінен де.
Оқи бер Абай әнін, шырқата бер,
Таныған Абайымды қазағыммен
Танысын қазағымды Абайыммен.
Абайдың салып кеткен сара жолы
Мәңгіге дара болып қала бермек!
. Негізгі бөлім: «Абай жаққан бір сәуле...» сайыс
Сайыстың шарты:
1. Топтың аты, ұраны, әні (Екі топ таныстырып шығады).
2. «Кемедегінің жаны бір» сұрақ - жауап
І топ. 1. Абай балаларын медресеге не үшін берді?
(- Баламды медресеге біл деп бердім)
2. Шешендігі жөнінде өзін қалай бағалады?
(- Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазақта қара сөзге дес бермедім)
3. Абай сөз өрнегін өре алды ма?
(Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сөйлеймін десең өзің біл,
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.)
ІІ топ: 1. Ол жартасқа барда. Не істеді?
(- Күнде айғай салды.)
2. У ішкен күндері болды ма?
(- Мен ішпеген у бар ма?)
3. Ол жалғыз ба еді?
(Жоқ.. Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ)
3. «Мал жұтайды, өнер жұтамайды» (көрініс көрсету)
4. «Өлең – сөздің патшасы...» Мәнерлеп оқу. 1. поэзия
2. қарасөздер
5. «Қиыннан қиыстыр» (Абайдың ұлағат сөздерін құрастыру)
6. «Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе» (Абай өлеңдерінің жалғасын табу)
7. «Абай – табиғат жаршысы» (понтомимо көрсету)
8. Оқыған білер әр сөзді. (Бір – біріне сұрақ)
9. «Болмасаң да ұқсап бақ...» (шығармашылық жұмыс)
10. Абайды білесің бе? ( «Абай жолы» эпопеясының кейіпкерлерін атау)
Ендеше сұрақ бізден, жауап сізден болсын. Ал мен бірінші сұрағымды ортаға тастаймын.
(Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар)
1. Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды? (Көкбай)
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған)
3. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата. (Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»)
5.Абайдың аяқталмаған поэмасы. («Әзім әңгімесі»)
6.Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).
7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата. ( Зере, Ұлжан.)
8. Ділдәдән туған балалары. (Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
9. «Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев» деп атаған кім? (Ахмет Байтұрсынов).
10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата. (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман)
11.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада? (1909 жылы Петербургта).
12. «Абай жолы» романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов).
13. Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
14. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды? (Абайдың ағасының баласы.)
15. Абайдың «Ей, сорлы заман, менен аяған қай қастығың қалды..? Мен ішпеген у бар ма..? » деген сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (Мағауияның өлімі)
Рахмет достар, онда менде бір сұрақ бар:
- Абай аңсаған
Толық адам кім?
Мұғалім: «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» мен не істей аламын? -деген сұраққа қалай жауап берер едіңдер
«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» мен ... істей аламын?
Абайдың барлық қара сөзін оқимын;
Адам бойындағы бүгінгі айтылған жақсы қасиеттерді бойыма жинаймын;
«Абай жолы» эпопеясын оқуым керек деп шештім;
Абайдың ізденуін үлгі еттім;
Мен-дағы өлең жазбаймын
…
Өлмеу үшін - құлқынды жемдеу үшін.
Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.
Достарыңызбен бөлісу: |