Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Жаз» Сабақтың мақсаты



Дата23.05.2017
өлшемі44,24 Kb.
#16608
түріСабақ
Абай Құнанбаев «Жаз» өлеңі

Пәні

Ана тілі   3-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбаев «Жаз»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Автор туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын, негізгі идеясын ұғынуына жағдай жасау.

Дамытушылық: танымдық қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады.Өлеңді өмірмен байланыстыра отырып сөйлеу мәдениеттерін арттырады.

Тәрбиелілік:топтық жұмыс істеуге баулу, өзара көмекке, ынтымақтастыққа,табиғатты аялау сезімдерін оятуға тәрбиелеу


Күтілетін нәтиже

 Өлеңнің мазмұнын түсінеді, қортынды жасайды  Сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық қабілеті артады.Өмірден мысал келтіреді.Өз ойларын дәлелдей алады.

Сілтеме

Оқулық 3 сынып,сабақ жоспары.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық             

2.Интербелсенді тақта,слайдтар, бейнеролик.гүлдер арқылы бағалау(суреттері )



Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай аламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді

Болып кетер сонда дереу жан жағым


 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылығын ояту:

Сыныпты топқа бөлу(жыл мезгілдері бойынша)

Оқушылар топтарға бөлінеді, топ басшысын сайлайды.

1-топ:Көктем

2-топ:Қыс

3-топ: Жаз

4-топ: Күз


Үй тапсырмасын тексеру

Біз қандай тарауды ақтадық?

Осы тарау бойынша эссе жазу.

«Кубизм» стартегиясын қолдандым .

3.Жаңа білімді үйренуге дайындық.

а) Топтық жұмыс:«Кубизм» стратегиясы бойынша .

I- топ: Суреттеңіз: Табиғат құбылыстары туралы айтыңыз.

II-топ:Салыстырыңыз:Жыл мезгілдері туралы айтыңыз,

Ұқсастық пен даралық

III-топ: Саралаңыз: Адамдар қай жыл мезгілін қалайды?

IV –Сурет бойынша әңгімелеу.



«Табиғат- менің өз үйім»

Бөлімінен өткендерді қайталады



Мағынаны тану кезеңі.

Бейнероликтен«Жаз мезгілі»

туралы слайд көреді.

«Миға шабуыл»

-Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-Оны неден аңғардың?

 

Абай Құанабаев туралы не білеміз? Сызбаға түсіру.


Абай



Оқушылар бейнеролик бойынша тұжырым жасап,жаңа тақырыпты анықтайды.

 

 



 Оқушылар Абай Құананбаев туралы өз білгендерін айтады.

Абай Құнанбаев туралы білетіндерін сызбаға түсіреді.



 Оқулықпен жұмыс

Жаз өлеңін іштей оқып танысады.


Оқушылар оқып  шығады.

 Дәптермен жұмыс

INSERT стартегиясы бойынша

стратегиясы бойынша белгілеп алған түсініксіз сөздерге түсіндірме жұмысын жүргізеді.



Күркіреп-өзеннің ағып жатқан дыбысы.

Шұрқырап-кісінейді.

Шалғын-жайылым

Жоны-арқасы



Сергіту сәті

Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығулары

Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды

Тапсырма

1-топ:Жаздыгүнгі табиғат

2-топ: Жаз мезгілі туралы

3-топ: Жазғы жайлау

4-топ : 5 жолды өлеңдер құрастыру.




Постер қорғайды

Берілген тақырыптар бойынша қорғап шығады.



 Қорытынды

2. Жаңа білімді бекіту,қорыту

а) " Табиғатты аялайық" құрастыру

Шарты: Суреттерге байланысты мақалдар айту, мағынасын ашу. Плакатқа жапсыру арқылы жаз көрінісін шығару.



Тапсырмасы: «Жаз көрінісін» тақтаға жапсыру арқылы

сұрақ – жауап жүргізу:



1. Қандай тарауды бастадық?

2. Кімнің өлеңімен таныстық?

3. Жаз айларын ата.

4.Жаз несімен ұнайды?

5. Абай Құнанбаев туралы айтып бер.

1. Оқушылар білімін бағалау

.-Кім қанша «Гүл» жинады екен? Сол бойынша бағалау, мадақтау. Ризашылық білдіру.





 

 


Үй тапсырмасы

Өлеңді жаттау.Өлең бойынша сурет салу

Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады

 Бағалау

Топтық жұмыс нәтижелерін, жеке жұмыс нәтижелерін қортындылап бағалау.

Бағаны не үшін қойды, қысқаша сипаттама айтып өтеді.

Рефлексия

Оқушылардың жинаған гүлдерін «табиғатты аялайық» көрнісіне жапсыру.гүлдің артына жазу .

-Топ ішінде қалай жұмыс жасадыңдар?



-Сабақ ұнады ма?

Оқушы жауаптары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет