Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы»



бет1/3
Дата12.05.2020
өлшемі58,38 Kb.
#67380
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Өлең-сөздің патшасы


Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев  «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы»

Мақсаты:білімділік:Абай өмірі мен  шығармашылығымен  таныстыру.Абайдың  поэзияға қояр

талабын түсіндіру,өлеңді өнер деп ұғындыру ;

дамытушылық:Оқушыларды тұжырымды ой айта білуге үйрету,тіл байлығын өрістету;

тәрбиелік:Абай  өлеңдерін,поэзияны сүюге,оны түсіне білугетәрбиелеу.

Сабақтың  типі:Жаңа тақырыпты  меңгеру сабағы

Сабақтың  түрі:Шығармашылық  сабақ

Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі.Саз.Кино.

Әдіс-тәсілдері:ой қозғау,сұрақ-жауап,сто әдістері

Көрнекілігі:Абайдың суреті,интерактивті тақта,кесте, «Абай»деректі фильмі

Сабақ кезеңі:І.Ұйымдастыру.

   Оқушылардың сабаққа қатысын,дайындығын тексеру.

   Оқушыларды   топқа    бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Майлықожа    Сұлтанқожаұлы кім?Қайда дүниеге  келген?

Қандай шығармалары бар?

«Ілімге толса көкірек»толғауында ақын нені жырлайды?

Өлеңде  қандай  көркемдік  тәсілдер   бар?

Толғаудың  идеясы  не?

 Үй  тапсырмасын       бекіту. Венн диаграммасы

ІІІ.Жаңа сабақ:А.Қ. «Өлең –сөздің патшасы,сөз сарасы»

Қызығушылықты ояту.  Абайдың  «Желсіз түнде жарық ай»әні жіберіледі.

Ендеше,балалар,тыңдағандарыңыз  кімнің  әні? (Абай суреті,кітап көрсетіледі.)

 

«Болжау»кестесін толтыртқызу.



Не болады деп ойлайсың?

                     Дәлел

      Не       болды?

 

 

 

 

 

 

 

Ой қозғау. Абай кім?   

« Топтастыру»стратегиясы

 

«Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы,ерінбе!Адамдықты  көздесең,жаттап тоқы көңілге!»-деп ақын Сұлтанмахмұт айтқандай,Абай- туған халқының ,болашақ ұрпақтың өнегелі  тәрбиешісі,ана тіліміздің ,қазақ поэзиясының гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы,сөз зергері.Олай болса ,  Абай өмір сүрген  кезеңге  көз жіберейік.



ІV.Топтарға  тапсырма. ( Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша әр топ слайд арқылы түсіндіреді.)

І-топ. Арғы атасы қажы  еді.(Абайдың әкесі Құнанбай  туралы) -3минут

«Атадан алтау,анадан төртеу» .Абайдың өмір  белестері

2-топ.Абай сусындаған үш бұлақ.

 Абай білім алған ордалар.

3-топ.Абай шығармалары

 Абай -аудармашы

4-топ.Абайдың қара сөздері.Абай-сазгер

V.Абай лирикасы туралы баяндау.

 Сұрақ:Кім Абайдың өлеңдерін жатқа айтады? Абай өлеңдерін жатқа айтқызу.

1.Абайдың  «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы»өлеңін мәнерлеп оқу.

 .2. Топтарға  өлең шумақтарын  беріп,мазмұнын айтқызу.

VІ.Оқулықпен жұмыс.

1-топ.Кешенді талдау жасау.3-топ.Бір тармақты  сөйлем мүшесіне талдау.

2-топ.Көркемдік  тәсілдерді табу.         4-топ. Өлең құрылысына  талдау.

VІІ.Сөздік жұмысы.

Аят(арабша)-Мұхаммед пайғамбардың сөзі     Құтпа(арабша)-уағыз оқу,сөйлеу

Мүнәжат(арабша)-Аллаға жалбарыну,мақтау сөз айту

Бәйіт(арабша)-өлеңсымал-өлең секілді

VІІІ.«Абай»деректі фильмінен  үзінді  көрсету.

 ІХ.Сабақты бекіту.   «БҮҮ»стратегиясы».

Абай өлеңдерінің тақырыптары  қандай? «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы»дегенде  ақынның

              Поэзияға қояр талабы қандай?Абай өлеңді неліктен үлкен   өнер деп  таниды?Өлеңнің идеясы не?

 Сонымен,өлең-өнер,өлең-өрнек, «Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған»деп ақын сөзді айта білген  билер мен тыңдай  білген танымы  терең құлақ  иелерін аңсайды, «көкірегі болса көзді»деп армандайды.«Өлең деген- әр  сөздің ұнасымы»деп қазақ ұғымындағы  поэзия,поэтика шеңберін  кеңейте  түседі. «Ескі бише отырман бос мақалдап,ескі ақынша  мал үшін  тұрмын зарлап»деуінде өнерін,қасиетті сөзін сатпай, қазақ сөзін қадірсіздендіріп, осы кезде ұйқасын ғана сатып,саудалаған,сонымен күн көрісін ажыратқан арзан өлеңшілерді мінеп сөгеді. «Батырды айтсам,қызды айтсам,қызықты айтсам қыздырмалап»деп құлақ салады,ал өзгесін қадірсіз ,былжырақ  деп танитын тыңдаушының құлықсыздығын айтып,жүрегінен у төгілгендей болады.Ақын поэтикасында жалған ділмарлық,мақал-мәтелді тықпалау,жас ұрпаққа қаратып құрғақ ақыл айту жоқ,мұның орнына өз өкінішін,өз кемшілігін жасырмай жария етуінде үлкен тәрбиелік мән жатыр.Сөздің сипаты мен ұнасымын қос тізгінше  қатар ұстап,өз мініңе өзің үңіл,тағдыр  таразысына  ақылмен түс дейді..Есте жоқ ескі мезгілден  ауа райындай  айнығыш бүгінгі заманға дейін ұлтымыздың іргесін бекітіп,ұрпақ көңілінорнықтырып келе жатқан әуелгі асыл сөз өнерін қадірлей білейік.Текті сөздің бала жастан құлағымызға сіңіп қалыптасуының өзі - тәрбиенің төресі.

ІХ.Үйге тапсырма. Абай  өмірі мен шығармашылығы туралы реферат «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы»өлеңінің  жеті шумағын жаттау.

Х.Бағалау.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет