Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың шығармашылық портреті. Білімділік мақсаты



бет1/3
Дата15.09.2017
өлшемі0,64 Mb.
#32201
түріСабақ
  1   2   3

Курмангожина Дина Бакытовна - Көкшетау балалар музыка мектебінің домбыра аспабының және музыка әдебиетінің оқытушысы 2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың шығармашылық портреті.

Білімділік мақсаты:

Оқушыларға А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармаларының қыр-сырын меңгеріп, өлеңдерін барынша терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау, қара сөздерін талдау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: Ақын портреті, суреттер.

Қажетті құралдар: слайдтар, СД-дисктер, электронды оқулық, компьютер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сабақты Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас» әнін оқушыларға тыңдатамыз, олар авторын және әннің атын айту керек. Содан кейін ақынның үлкен портретін көрсетіп тақтаға ілеміз.

2. Слайд. Оқушылар Абайдың өмірбаянына қатысты слайдтармен танысады. Композитордың туған жерінің суреттері, әр қалаларда орналасқан ескерткіштер, табиғат.

3. Мұғалімнің әңгімесі. Қысқаша Абайдың өмірбаянының ең маңызды оқиғаларын айту, толықтырып және кеңдеу шығармашылығына тоқтау, әндерін тыңдау, талдау. Балаларға бір кесте қара сөздерін таратып /1:18/ оқытып, мазмұндатып «Ата-анаға көз қуаныш» әнін тыңдау. Абайдың орыс шығармаларының қазақшаға аудармаларына тоқтап Татьянаның хатын орысша және қазақша оқып беру.

4. Оқушылармен Абайдың «Көзімнің қарасы» деген әнін айту.

5. Өткен сабақты пысықтау. Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.



Абайдың сөздері

Ұлы ойшыл, ақын және композитор А.Құнанбайұлы 1845 жылы Семей еліндегі Шыңғыс таудың етегінде дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі Ибраһим бола тұра, анасының бала кезіндегі еркелетіп қойған Абай атымен бүкіл дүние жүзіндегі әдебиет пен мәдениет өмірінің есігін ашқан. «Ескі там» қонысында әкесі ашқан медреседе оқып, ауылдың молдасынан дәріс алған. Әкесі Абайды 10 жасқа толғанда Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл оқиды. Медресенің 3 жылында ол осы қаладағы «Приходская школаға» түсіп, онда үш ай орысша оқиды. Осы жылдары араб, парсы және орыс тілдерін меңгереді. Орыс жазушылар А.С.Пушкин, Салтыков Щедрин, Некрасов, Лермонтов, Толстой мұраларын оқып, терең танысады.

Орыс ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, кейбір туындыларымен танысып, кейбір туындыларын қазақ тіліне шеберлікпен аударып, қазақ ұлтының орыс ақын жазушыларынң шығармаларымен танысуына өз ықпалын жасады. Тіпті Семейде кітапханаларға барып сонда айдауда жүрген геолог Михаэлис, дәрігер Долгополовпен достасып кетеді.

Абай жастайынан өз халқының әндерін, күйлерін сүйіп өскен, өзі ән айтып, домбырада ойнайды. Абайдың домбырасын көрсету.

Қаладағы орыс достарымен танысып араласа жүріп Абай орыс халқының қалалық және профессионалдық музыка өнерімен танысады.

Абайдың «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «желсіз түнде жарық ай», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» лирикалық тақырыпқа жазылған әндер.

Абай әндерінде «Ахау» «Аха-хай» «Хай-ли-лау», «Дүние-ай», «Шіркін-ай» қазақ әндерінде көп кездесетін тіркестер кездеспейді немесе басқаша айтқанда өрнектелетін айналымдар кездеспейді.

Музыкалық тақырыпқа арнаған көркем әндерінің бірі «Айттым сәлем, қаламқас». Бұл шығарма бізге үш түрлі нұсқада жетіп отыр. Негізгі нұсқасының. Бұл ән 1889 жылы дүниеге келді. Қазақ еліне кең тараған халық әндерінің қатарына қосылып кетті.

2 ән: «Көзімнің қарасы». Кең тынысты, мұңды әуені жақсы көретін жанын жырлауға сөз асылын таппай қиналған жанның ішкі толғаныс сырларын ерекше көркемдік мәнермен жеткізеді.



Абайдың «Көзімнің қарасы» әні

Көзімнің қарасы,


Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.

Қазақтың данасы,


Жасы үлкен ағасы.
"Бар" демес сендей бір,
Адамның баласы.

Жылайын, жырлайын,


Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын.
Жүректен козғайын,
Әдептен озбайын.
Өзі де білмей ме,
Көп сөйлеп созбайын.
Енді Абайдың қара сөздеріне тоқтап өтейік.

Мұғалім: Балалар аналарың сендерге ақыл айтқанда қалай айтады?

Оқушылардың жауабы: Ақылды бол, сабағыңды жақсы оқы, тәртіпті бол, үлкендерді сыйла.

Мұғалім: Абайдың қара сөздері дегеніміз – ақынның сөз өнеріндегі көркемдігін, дүниетанымын ерекшелеп көрсететін кітапқа жазып алынған шығарма. Бұл ән емес, поэма емес. Кедейдің балаларына әр түрлі жағдайда ақыл айтқаны, жалқау болма, тек қана жақсы жақтан көрсет, ішімдіктер ішпе.

Мысалы: 37

Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді,

Қалайша бітіргендігінен емес.

Екі оқушы оқиды. (1, 19)



БІРІНШІ СӨЗ
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.

Әкесінің баласы – адамның дұшпаны.

Адамның баласы – бауырың.

Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

«Ата-анаға көз қуаныш» - әнінде қайғы-қамсыз, алаңсыз өмір сүруге, оқу білімге ұмтылып, өз болашақтары туралы ойлауға, ата-ананың үміті мен сенімін ақтауға шақырады.



Ата-анаға көз қуаныш

Ата-анаға көз қуаныш -


Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі.

Еркелік кетті,

Ер жетті,

Не бітті?

Оқытарсың молдаға оны,

Үйретерсің әр нені.

Медеу етіп ойы соны,
Жаны тыныштық көрмеді.
Жасында күтті,
Дәме етті,
Босқа өтті.

1944 ж ұлы ақын Абай Құнанбайұлы 100 жыл толады, осыған қарай композиторлар А.Жұбанов және Л.Хамиди «Абай» операсын жазады.



Абай бейнесін ашуға философ мазмұны терең «Көзімнің қарасы» «Қараңғы түнде тау қалғып» секілді әндер алынған. 1945ж. – «Абай әні» деген көркем фильм шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет