Сабақтың тақырыбы: Абайдың ата-тегі, өскен жері. Сабақтың мақсаты



Дата03.12.2016
өлшемі26,43 Kb.
#3046
Абайтану . 2 сабақ

9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Абайдың ата-тегі, өскен жері.


Сабақтың мақсаты:
А/ Білімділік: Оқушыларға халқымыздың біртуар перзенті - ұлы ағартушы, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, өз халқының кемеңгері Абай өмірін, шыққан тегін, ағартушылық қызметін, әдебиетке келу рухани қайнар бастауларын түсіндіру, өмірінің маңызды кезеңдеріне талдау жасай отырып тың мәліметтермен таныстыру;
Ә/ Дамытушылық: М. Әуезовтің «Абай жолындағы»ақын өмірінің жарқын беттерін аша отырып, білім сабақтастығын арттыра дамыту, оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру.
Б/ Тәрбиелік: Оқушыларды дара тұлғаның өнегелі де өсиетті өмірі арқылы адамгершілікке, білімді, өнерлі болуға, тілімізді қадірлей білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, интерактивті тақта, Абайдың шығармалар жинағы, суреттері.


Сабақтың нақылы:
«... Құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл - жанның тамағы еді»
7 - қарасөз, Абай.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Үй тапсырмасын тексеру: өмірбаянын білу.
3. Жаңа сабақ.
«Абай Ыбырайды жақсы білген. Кейін Абайдың өзі қадірлегендіктен, Абайдың қолжазбаларының ішіне Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларынан жасалған аудармалар қоса кіруімен бірге, Ыбырай өлеңдері де үнемі бірге көшіріліп жазылып жүруші еді. Абайдың өзінің тапсыруы бойынша солай болса керек... Ыбырайдың әрқашан Абай атымен бірге жазылып, жатталып, таратылып жүруі бұл екеуінің үні бар, үміті бар, арман бағыты және болашақ тағдыры бір ақын екендіктерін танытушы еді» (М. Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы. 19 - том. 1985, 246 - 6).

1) Абайдың дүниеге келуі, шыққан ортасы, ата - тегі, әке - шешесі


Орта жүздің Арғын тайпасының

Тобықты руынан шыққан билер әулетінен.


АБАЙ ТЕГІ
Кішік
↓Әйтек
↓Олжай
↓Айдос, Қайдос, Жандос(Жігітек)
↓Ырғызбай
↓Өскенбай
↓Құнанбай
↓Абай(Ибраһим)
1. Құнанбайдың кім екенін білмесек, Абайды тану қиын. М. Әуезов
1. Ол сыпатты қазақтан
Дүниеге ешкім келмепті... Абай
2.«Алтын сақа - Құнанбай» Зере
3.«Табиғат оған кесек ақыл, ғажайып ес және жүйрік тіл берген. Қазақтарға қатысты Ресейлік жарғыны бес саусағындай біледі, қара қылды қақ жарған би...»
(А. Янушкеевич)
2) Есімі: Ибраһим - азан шақырып қойған аты.
Абай деп әжесі Зере, шешесі Ұлжан атап кеткен.
Телғара - бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайға жеңгелері қойған ат.
3) Білім алуы: Ғабитхан ауыл молдасынан сауат ашады. Ахмет - Риза медресесі, Семейдегі «Приходская школа»
4) Әдебиетке келуінің рухани қайнарлары:
1. Қазақтың ауыз әдебиетінен сусындаған халықтық дәстүр.
2. Араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың классик поэзиясы.
Араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науай, Сағди; Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады;
3. Орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Европа мәдениеті.
«Дүниеге көзімді ашқан - Михаэлис».
Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге айдалып келген орыс ғалымы, қоғам қайраткері, демократ. Евгений Петрович Михаэлиспен, 80 - жылдарда орыс демократтары Н. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси - әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз.
Шығармалары үш жүйемен өрбиді:
1. өз жанынан шығарған төл өлеңдері;
2. қарасөздері деп аталатын прозасы;
3. орысшадан аударған өлеңдері;

Тұңғыш өлеңі - 10 жасында


Кім екен деп келіп ем түйе қуған,
Қатын ғой күлдәрімен белін буған.
Төркініңнің бергені жауыр айғыр
Бауырыңды... бірге туған.
Абайдың 1855 ж. ауызша шығарған өлеңі. Ел аузындағы әңгімеге қарағанда, өз аулының түйелерін аралап бара жатқан екі аттыға шауып барған Абай оның біреуі төркінінен жауыр айғыр жетектеп келе жатқан әйел екенін біліп, табанда мысқылдап айтқан екен. Жас ақын ауылға тура келе алмай, түйе арасына жасырынған келіншекті де, оның сараң төркінін де бір - ақ ауыз өлеңмен өлтіре әжуалаған. Кәдімгі ашық мінез баланың ақтара салған тежеусіз ойы.
ІҮ. Бекіту;
Ү. Қорыту:
ҮІ. Үй тапсырмасын беру: Абайдың ата -тегі мен өскен ортасын білу.

ҮІІ. Бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет