Қабатта түзілген жарықшақтар немесе ашылған және кеңейген жарықшақтар басқалармен байланысып, мұнай мен газдың өткізгіштері болып қалады. Ол ұңғыманы түптен алыс жатқан қабаттың өнімді аймақтарымен байланыстырады. Қабат тереңіндегі жарықшақтардың болу ауданы бірнеше ондаған метрге дейін жетуі мүмкін. Ірі түйіршікті құммен толған, ені 1-2 мм болатын жыныста түзілетін жарықшақтардың өтімділігі жоғары болады. Қабаттың гиравликалық жарудан кейін ұңғымалардың өнімділіктері бірнеше есеге артады.
Қабатты гидравликалық жару операциясы мынадай сатылы кезеңдерден тұрады:
Қабатты гидравликалық жару операциясы мынадай сатылы кезеңдерден тұрады:
Әдетте қабатты гидравликалық жару кезінде жару сұйықтығы мен құм тасушы сұйықтық ретінде бір сұйықтықты пайдаланады. Сондықтан да терминалогияны жеңілдету үшін бұл сұйықтықтарды жару сұйықтықтары деп атайды.