Сабақтың тақырыбы Қабдеш Жұмаділов "Қозыкүрең" (3-сағаты) Жалпы мақсаттар



Дата27.12.2016
өлшемі91,42 Kb.
#5527
түріСабақ



Махметова Меруерт Асқарқызы

Атырау облысы Индер ауданы

Махамбет атындағы орта мектептің ІІІ деңгей бойынша сертификатталған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі

Сынып:5 Күні: 22.04.2016


Сабақтың тақырыбы

Қабдеш Жұмаділов "Қозыкүрең" (3-сағаты)

Жалпы мақсаттар

- әңгіменің негізгі мазмұны туралы түсінік қалыптастыру
- әңгімені өз бетімен баяндай алуға, өз пікірін айтуға машықтандыру. 
- елін, жерін сүюге, өзіндік пікірлерін ашық айта білуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға, жұмыстарына баға беруге тәрбиелеу. 

Сілтеме


"Қазақ әдебиеті " оқулығы 5-сынып. Мұғалімге арналған нұсқаулық;

Оқыту нәтижесі:

•кейіпкерлердің іс-әрекеті туралы біле алады;
•өзіне және өзгелердің ісіне талдау жасайды;

Дереккөздер мен жабдықтар

интернет материалдары; интербелсенді тақта, стикер, флипчарт, маркер, смайликтер.

Уақыты


Мұғалімнің іс-әрекеті



Оқушының іс-әрекеті


Тапсырмалар



Ұйымдастыру

Ұйымдастыру, амандасу, сынып оқушыларын түгендеу,

Оқушылардың назарын сабаққа аудару , сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру



Сабақ басталарда зейіндерін шоғырландырып, өзіндік реттелу жасау.

Оқушылар шеңберге тұрып, бір- біріне тілектерін арнап, сенім білдіреді.



"Тәтті тілек"

(психологиялық тренинг)



Сынып оқушыларын крестиктер-нөлдіктер арқылы топқа бөлемін


Оқушылар крестиктер, нөлдіктер арқылы топтасады. Топтар бірігіп топтың ережесін шығарып, қабылдайды.

"Құлагер, Қозыкүрең"

(қима қағаздар арқылы топқа бөлу)

Топтың ережесін шығару.


Үй тапсырмасы

Үйге берілген тапсырманы пысықтау

«Құпия қорап » әдісі бойынша қорап ішіне жаасырылған сұрақтарға топ болып жауап береді.



«Құпия қорап»

(үй тапсырмасына шолу жасау)

1. Қабдеш Жұмаділов қай жерде дүниеге келген?

2. Жазушының қандай шығармалары бар?

3. Әңгімедегі қазақ-қырғыз достығының үлгісін көрсететін кімдер?

4. Ералы мен Жұмақанды жақындастырған қандай оқиға?

5. Ағыбайлардың Төреқұл ауылына салтанатпен бару себебі неде?

6. "Қозыкүрең" оқиғасы қай жылдары болған?


Білу

Оқушыларға ой шақыру стратегиясын пайдаланып, бейнеролик көрсетемін. Сол көргендері бойынша өз ойлары мен пікірлерін сұраймын.


Оқушылар тақтадан көрсетілген бейнеролик туралы өз ойларын айтып, бүгінгі сабақтың не туралы екенін өздері шығарады.


"Бас бармақ" әдісі

Бас бармақтарын көтеру арқылы тақырыпты түсінгендерін немесе түсінбегендерін айтады.





«Ой шақыру» стратегиясы

"Көргенімнен түйгенім"
Сабақтың эпиграфы:

Туған жер, келдім, міне, тағы саған,

Өзіңе құштарым бар арындаған.

Туған жер, сүйем сені, алтын бесік,

Жанымды жадыратты желің есіп...

Е.Шыңғали.



Түсіну 

Ортаға 1 оқушыны шақырамын. Тақырып бойынша сұхбат құру, әңгімелеуді тапсырамын.


Ортаға 1 оқушы шығады. Қалған оқушылардан тақырып бойынша сұхбат алады. Оқушылар мұқият тыңдап, түсінгенін әңгімелейді

"Кезбе тілші"

(мәтінді түсінгендерін баяндау)




Қолдану 

Оқушыларға білімдерін одан әрі толықтыру оқулықпен жұмыс жүргіземін, кейіпкерлер іс- әрекетін талдатамын.

Оқушылар әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме береді.

І топ- қарт жылқышы Саяқбайға мінездеме беру.

ІІ топ- Қырғыздық дос Төреқұлға мінездеме беру.


"Кейіпкерлер келбеті"
(әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме беру)


Талдау 

Оқушыларға әңгімені композициялық құрылысына талдауға және "Ақырғы бәйге" әңгімесімен салыстыруға тапсырма беремін.

І топ- Әңгімені комп.құрылысына талдау

ІІ топ- "Салыстыру күнделігі"

"Талдау - табыс кілті"

(комп.құрылысына талдау)


"Салыстыру күнделігі"

("Ақырғы бәйге" мен "Қозыкүрең" әңгімесін салыстырады.






Сергіту сәті



.

«Кім көп біледі» ойыны.
Жылқыға байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
1.    Жылқы – малдың патшасы,
2.    Түйе – малдың қасқасы.
3.    Жүйрік атқа жел қамшы.
4.    Жүйрік ат – бірде ат, бірде қанат.
5.    Жылқылы елде жау көп,
6.    Жатақ елде дау көп.
7.    Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды.

8. Жаман жолдастан таяғым артық, жаман аттан аяғым артық.
9. Ер басына күн туса, етігімен су кешер, ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер.
10. Жақсы ат – жанға серік
11. Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас.

12.Байтал шауып, бәйге алмас, құнан шауып, құр қалмас
13. Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.

Жинақтау 

Семантикалық карта





Саяқбай     

Төреқұл  

Ағыбай

-    Пәлі, мына қазақтарды қарай гөр!




+




-    Бұлар менің жиендерім....







+

-    Жігіттер, мен бірдеңе білсем, сендер осы қозыкүреңнен айырыласыңдар,-деді.

+







-    Жануарым – ай, аман-есен келген екенсің ғой! Айшылық жолды алты аттап, Алатауыңа жеткен екенсің- ау!....

+







-    «Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын..




+




-    Мынауың баға жетпес сый болды – ау, Төреқұл! 







+



Берген жомарт емес, алған жомарт







+



Сабаққа қатынаспай отырған оқушыларға сұрақтар жазылған "Авторға хат" таратамын.

Бағалау

Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беремін.

1-топ- Ойтолғау "Түбі бір туыспыз"

2- топ- "Жылқы-жеті қазынаның бірі"

"Шығармашылық шыңы"

Қорытынды сөз: Балалар, туған жерден, туған елден ыстық, артық еш нәрсе жоқ. Адам баласынан бастап жануар, құс атаулыға дейін туып-өскен жерінен қымбат жер жоқ. Отанымызға әрқашан адал, жанашыр болайық.



Оқушылар

ды бағалау

Оқушылардың бағалауынан қорытынды бағаны шығарамын.


Топтан бір оқушы өзінің жұлдызын ауызша ұсынып, тілегін айтады.

"Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы бағалау

Кері байланыс

Оқушылардан кері байланыс аламын.

Оқушылар сабақ бойынша бір- біріне ұсыныстары мен пікірлерін айтады.



"Ақылдың алты қаламы"

"Аяқталмаған сөйлем" әдісі

Үйге тапсырма

Үйге тапсырма:
«Мен де бір перзентімін туған жердің» тақырыбына ой толғау жазу.


Каталог: uploads -> doc -> 10d1
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10d1 -> Сабақ : №7 Тақырыбы: Менің ұстазым Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: әділдік, мейірімділік, ақылдылық, білімділік
10d1 -> Сабақ жоспары Мұғалімі: Қазиуллин Ақжол Жасқайратұлы Күні, айы: 02. 2016 Сыныбы: 6


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет