Мұғалімнің аты-жөні
|
Пәні:
|
Сыныбы:
|
Күні
|
Усиева Мерует Тілепқалиқызы
|
Қазақ әдебиеті
|
8 «б»
|
2.04.15
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесі
|
Сілтеме
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ әдебиеті» 8-сынып оқулығы (С. Мақпырұлы,
Г. Құрманбай, А. Қыраубайқызы), сабақ жоспары
|
Жалпы мақсаты
|
Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасата отырып, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу;
Әңгімедегі кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының суреттеу тіліне талдау жасау;
Шығармашылық жұмысқа баулу, өз бетімен зерттеу, ізденуге жетелеу.
Оқушыларға топтық және жеке жұмыс жасауға, ойын анық, еркін айта білуге үйрету, өз бетінше салыстыра білу, зерттеу, қорытынды, тұжырым жасаудағы машығын дамыту;
Туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру
|
Оқыту нәтижелері
|
Оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып, өзінің қызметіне анализ жасай алуы;
Бір-бірінің пікірін тыңдауға, ортақ ой қосуға, бірін-бірі және өзін-өзі бағалауға машықтануы.
|
Негізгі идеялар
|
Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа білімнің басталғанын сезіндіру;
Оқушыға жаңа ойлау дағдысы, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау;
Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену;
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.
|
Дереккөздер және жабдықтар
|
Модуль, интерактивті тақта, плакат, маркер, ақ парақ, стикер, бағалау парағы, бейнебаян
|
Блум таксономиясы бойынша тапсырма сипаттары
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
І Ұйымдастыру
Сыныппен сәлемдесу, психологиялық тренинг, түстер арқылы топқа бөлу.
|
Мұғаліммен сәлемдеседі
Бір-біріне тілек айтып, өз үстелдеріне жайғасады
|
Білу
|
ІІ Үй тапсырмасы «Түрткі сұрақтар»
Қ. Жұмаділов кім?
Өмірі жайлы не білеміз?
Қандай шығармалары бар?
|
Алдын ала оқу бойынша үйден әңгіме мазмұнын оқып, меңгеріп келеді.
Жазушы туралы мәлімет жинақтайды.
|
Түсіну
|
Топтық тапсырма
І топ.Әңгіменің тақырыбын, жанрын, идеясын анықтау.
ІІ топ.Шығарманы композициялық құрылысына талдау.
ІІІ топ. Шығармадағы әдеби теориялық ұғымдар, түсіндірме сөздік.
|
Оқушылар постер арқылы тапсырмаларын орындап, топпен қорғайды.
|
Қолдану
|
«Жазушы шеберлігі» Жеке жұмыс
Әңгімеден үзінді
|
Мақал-мәтел
|
Көнерген сөздер
|
Атаулы сөйлем
|
Тұрақты сөз тіркестері
|
Тау іші. Иен дала.
|
|
|
|
|
Бармағын шайнап, мойын бұрғызған жоқ
|
|
|
|
|
Шоқай, шекпен лашық
|
|
|
|
|
«Өлмегенге өлі балық кездеседі», «Түз несібесі-тәңірден».
|
|
|
|
|
|
Кестемен жұмыс жасай отырып, жазушы шеберлігін тани біледі.
|
Талдау
|
«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі
Байтас қарт қайда сапар шегіп келеді?
Оны бұл сапарға нендей мақсат жетеледі?
Қарттың бөтен елге баруының себебі неде, не үшін барған деп ойлайсыңдар?
Қарт жолда қандай қиыншылықтарды басынан кешірді? Туған жер топырағын басқан сәттегі қарт толғанысын, қуанышын жазушы қалай суреттеген?
|
Жұппен, топпен жұмыс жасайды.Нақты практикалық ситуацияда теория мен заңдылықтарды қолдана
ды;
|
Жинақтау
|
«Кім шапшаң?»
Жазушының өмірі мен әңгіменің арасында қандай байланыс бар?
Әңгіме неге «Қаздар қайтып барады» деп аталған?
Қаздардың жылы жақтан келіп, ұя басуында қандай сыр бар?
Туған жер топырағын аттаған қарттың сезімі, сағынышы, қуанышы қалай суреттелген?
Жазушы, Байтас қарт, қаздың арасында қандай ұқсастық бар?
Жазушы әңгімесі мен С. Жүнісовтің «Аманай мен Заманай» әңгімесінің арасында қандай ұқсастық бар?
Жазушының «Қозыкүрең» әңгімесімен ұқсастығы неде?
Топтық жұмыс.
Әңгімеден үзінді
|
Тақырыбы
|
Кейіпкер
|
Адами қасиеттері
|
І топ
«Алдымен зират жаққа барып, аруақтарға құран бағыштайын»
|
|
|
|
ІІ топ
...Жануарым-ай, аман-есен келген екенсің ғой! Айшылық жолды алты аттап, алатауыңа жеткен екенсің-ау!...
|
|
|
|
ІІІ топ
...Бұл асудың арғы жағында, өзіңе талай айтқан Жетісу жері-жалпақ ел бар. Ол-сенің атамекенің. Алтын бесігің
|
|
|
|
|
Шығармадан алынған үзінділер арқылы кейіпкерді тауып, іс-әрекеттерін саралайды, адами қасиеттерін айқындап, өз беттерінше болжам жасайды.
|
Бағалау
|
«Авторлық баяндау». «Ортадағы қаламсап» әдісі
Жазушы осы әңгімесі арқылы нені айтқысы келді?
Әңгіменің маңыздылығы неде?
Байтас қарттың арманы не? Өкініші не?
Қарт арманына жетті деп ойлайсыңдар ма?
Қарттың туған жерінің топырағын қайтаруының себебі неде?
Туған жер, туған елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры не деп ойлайсыңдар?
Қазіргі оралмандар туралы не айтасыңдар?
Бейнебаян көру.Дүниежүзі қазақтарының 1 Құрылтайы туралы
|
Қарттың мұңы, өкініші, ең соңғы тілегі арқылы кейіпкерге баға бере отырып, авторлық баяндау арқылы өз көзқарастарын айтады.
|
Кейінгі оқу
|
«Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық тақырыбында эссе жазып келу»
|
Рефлек
сия кезеңі
|
Бағалау (Әр топ басшысы өз құрамындағы топ мүшелеріне критерий арқылы баға береді)
«Аяқталмаған сөйлем»; Бүгінгі сабақтан мен өзіме не алдым? «Күту» ағашына ілу.
|