Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының аса көрнекті, саяси мемлекетқайраткері Абылайхан жайлы білім беру. Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыру. Аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи танымын жетілдіру, сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттыру, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта, кесте, портреттер.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ
Қолданылатын әдістер: Интерактивті тақта, баяндау, сұрақ-жауап, топтастыру әдісі, ойын, шығармашылық жұмыс, проблемалық сұрақтарды талдау, тест, картамен жұмыс.
Тірек ұғымдар:
- Азаттық
- Отаршылдық
- Бостандық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, зейінді сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау
« Қазақстан және Ресей »
1-ұяшық: Ресей патшайымы Анна Иоанновнаға кіші жүз ханы Әбілхайыр хан елшілікке кімдерді жіберді?
Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлы
2-ұяшық: Қазақтар не себепті Ресейдің қол астына кіруге мәжбүр болды?
Жоңғар шапқыншылығы, хандар арасындағы ауызбіршіліктің болмауы
3-ұяшық: Кіші жүзді Ресей империясының қол астына алу туралы Жарлық грамотаға қай жылы қол қойылды?
1731 жылы 19 ақпанда
4-ұяшық: Орта жүз Ресейдің құрамына қай жылы кірді?
1734 жылы 10 маусым
5-ұяшық: 1 Петр неліктен Қазақ хандығы Ресейдің қол астына қарауы керек деп санады?
6- ұяшық: Қазақстанның Ресейге қосылар алдындағы жағдайы қандай болды?
Жаңа сабақ
Жоспар:
1. Абылайдың өмір жолы
2. Абылай хан-қолбасышы, мемлекет қайраткері
3. Абылай – аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері.
Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есімхан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.
Сонымен, бүгінгі сабақта біз қиын-қыстау шапқыншылық уақытта тарих сахнасына қазақ қауымын тығырықтан алып шығар тарихи тұлға Абылай шықты. Абылай тұлғасын ашып көрсететін ерлігі мен өрлігін, тектілігі мен батырлығын қатар ұстанған кезі жоңғар тұтқыныда болған уақыт.
1- Тапсырма: «Өткел» (Әр топ ізденген мәліметтерін ауызша баяндау арқылы 2 тапсырмаға өтеді).
1.Абылай ханның өмірбаяны 1-топ (хан сайлау)
2.Абылайдың саяси портреті 2-топ (Қытай, Ресей, Жоңғар хандығымен қарым-қатынасы, хандық биліктегі өзгерістер)
3.Абылайдың шығармашылығы 3-топ (ғалымдардың Абылай ханға берген сипаттамалары)
1-топ:
Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781) – қазақ ханың ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.
Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болды. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр « ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» де пат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметттерне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң,Алтын тұғар үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі.
Абылай ханның ата-тегі:
1. Шыңғыс хан
2. Жошы хан
3. Тоқай-темір
4. Өз Темір
5. Қожа
6. Бәдіғұл
7. Орыс хан
8. Құйыршық хан
9. Барақ хан
10. Әз-Жәнібек
11. Жәдік
12. Шығай
13. Есім хан
14. Жәңгір хан
15. Уәлибақы
16. Қанішер Абылай
17. Көркем Уәли
18. Абылай хан
Абылай өмір жолын ат сүтінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында 1781 жылы қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалады.
2 топ:
Халықтың ерік-жігерінің тастүйінін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленді. Батырлармен тізе қосып, қаhармандықтың тамаша үлгісін көрсеткен, сөйтіп, халықтың ұйытқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды.
Абылай ханның басты мақсаты – қазақ халқының басын қосып, жерін сыртқы жаулардан азат ету болды.
Қиын-қыстау шапқыншылық уақытта тарих сахнасына қазақ қауымын тығырықтан алып шығар тарихи тұлға Абылай шықты. Абылай тұлғасын ашып көрсететін ерлігі мен өрлігін, тектілігі мен батырлығын қатар ұстанған кезі жоңғар тұтқыныда болған уақыт.
Қай жылы туса да, 1730-1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қонтажы Қалдан Сереннің жақын туысы Шарышты өлтіреді. Үлкен әксінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.
1- кесте бойынша Абылай ханның дипломат болғандығын ашып көрсетеді.
Ішкі саясаты Сыртқы саясаты
Бір орталықтан басқаратын мемлекет құрды Ресей, Қытай,Орта Азия елдерімен экономикалық және сауда байланысын орнатты
Билер сотына тыйым салды Қазақ жеріне ешкім қол сұға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағыттады
Қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты
3-топ:
Абылай мұсылманша жақсы білім алған. Ол шығыстың жеті тілін білді. Домбыраны жақсы тартты. Абылай қаhарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жоға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.
Академиктердің Абылай ханға берген сипаттамаларынан:
1-оқушы: «Абылай қазақ елін бүкіл Еуразияда қуатты мемлекет дәрежеміне көтерді» - деп жазды академик М.Қозыбаев.
2-оқушы: Абылай хан туралы академик Е.Букетов: «Наполеонның министрлері мен маршалдары сияқты Шоқанның бабасы өзін ұлы адамдармен қоршай білді» деп жазған.
3-оқушы: Абылай қазақ халқының басын қосып, жерін жаудан азат еткен, біртұтас мемлекеттігін орнатқан, ұлттық санасын қалыптастырған ірі қайраткер, ұлы тұлға. Абылай бабамыздың кім екенін М.Әуезовтың сөзімен айтсақ: «Қазақстан дербес ел болуына, қазақтың қазақ болуына, басы қосылып бір жеңінен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас» - деп бағалаған.
4-оқушы: Абылай хан туралы жазылған еңбектер аз емес. 1999 жылы зерттеулер нәтижесінде «Абылай хан» кітабы жарық көрді.
2.Кесте бойынша тапсырма
№ Сұрақтар Қате жауап Дұрыс жауап
1 Абылай хан қай жылы дүниеге келді? 1721 жыл
2 Қай жылы Абылай үш жүздің ұлы ханы болып сайланды? 1743 жыл
3 Абылай хан елді абыроймен неше жыл басқарды? 25 жыл
4 Абылайдың шын есімі? Сабалақ
5 Абылай хан қай жерге жерленген? Арыстан баб кесенесіне
6 Абылай қай батырға «Дарабоз» депат берген? Баян батыр
7 Абылайдың сүйікті ақыны Үмбетей жырау
8 Абылайдың атасы «қанішер Абылай» қай қаланы биледі? Тараз
«Картамен саяхат» (сұраққа жауап беріп катадан қалаларды көрсету)
1. Абылай хан Орта Азиямен жүргізген соғыс нәтижесінде қай қалаларды жаудан босатып алды?
2. Абылай хан қай қалада дүиеге келді?
3. Абылай қай қаладан қай қалаға келе жатып қай өзеннің бойында дүиене салды?
4. Абылай қай жердің тумасы?
5. Абылай қайда жерленді?
Топтастыру «Абылай кім?»
Жауабы: хан, батыр, қолбасшы, мәмілегер, күйші, сұлтан.
Тұлғаға сипаттама.
Қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мәдени қайраткері Абылай хан қандай адам болған?
Мотивация (ой қозғау) шығармашылық жұмыс
Оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады:
1-топ: Төле бидің жас жылқышысы «Абылайлап» жауға шапты. Әбілмансұр Шарыштың басын шабады. Сұрақ: Қалдан Серен кек алу үшін Әбілмансұрды қалай қолға түсірді?
2-топ: Абылайды өлтіру алдында қандай Қалдан Серен қандай үш шарт қойып сынады?
3-топ: Қалдан Серен өзінің қызы Топыш сұлуды Абылайға сынамаққа жібергенде екі түрлі мақсат қойды? Ол қандай мақсат?
Жауабы:
1.Абылай көңілі көншісе үш күн үш түн тұяқ серппей ұйықтайды екен, қалмақтың жасырын қолы сол кезде Абылайды қолға түсірген.
2.Қалмақтар Абылайды шөл далада киіз үйде жеті күн қамап, ыдыстағы суға бармақтай тоң май салып береді, егер Абылай оны жесе өлуге тиіс еді, бірақ Абылай ыдысты лақтырып жібереді.Келесі күні төрт жендет «Басыңды аламыз» деп қылышын суырып алғанда жалынып, жалбарынбапты, Абылай міз бақпай отыра беріпті. Соңғысы Қалдан Серен Абылайды сарайға шақырып, өзі көпшіліктің арасында отырып бос орын болмапты. Абылай кіргенде төрдегі бос тұрған таққа отырып бұл орынға « Қалмақ ханы Қалдан Серен отырмаса, Қазақ ханзадағы Абылай отырмаса, Шайтан отырама» дегене екен. Сонымен бірге Шарышты қан майданда өлтіргенін, ал өзін ұрлатып алғандығын Қалдан Серенге мін ғып таққан. Қалдан Серен ұялып Абылайды босатқан екен.
3.Қалдан Серен өзінің қызы Топыш сұлуды Абылайды сынамаққа жібереді. Егер Абылай Топыш сұлуға жақындаса, ол өлуге тиіс, құпия өзімен бірге кетеді. Бірақ артынан туатын бала батыр болып қазақтан Шарыштың кегін алуға тиіс болады.Сыннан сүрінбей өткен Абылайды Қалдан Серен ұтылып Топыш сұлуды қосып Абылайды елге қайтарады. Қалдан Серен қалмақтарға қауіп Абылайдан келетінін сезіп топыш сұлу арқылы қолда ұстау еді.Алайда Топыш сұлу Абылайға адал жар болды. Жауласуды тоқтатты. Екі мемлекетті біріктіріп, достық орнатты.
Тарихи диктант
« Үш бидің әңгімесі »
Тапсырма:мәтінді оқып, қай жүзбен қай би жайында айтылып отырғанын анықта.
Ертеде Ұлы жүздің бір жесірін Кіші жүздің бір жігіті алып қашып, содан барымталасып, ел арасы ығыр болыпты. Осы дауды шешу үшін Үш жүздің белгілі билері бас қосады. Сонда _______жүздің биі ________тұрып:
- Мен ағаның баласымын, жасым үлкен, билікті мен айтамын, - дейді. Сол кезде келесі ________жүздің биі _________тұрып:
- Мен атаның қара шаңырағындағы кежесімін, жасым кіші болғанмен жолым – үлкен, төбе билік менікі, - дейді.
Осы кезде келесі _________жүздің биі ____________күледі.
- «Жылағанды сұрама – мұңы бар, күлгенді сұра – сыры бар» деуші еді, неге күлдің? – дейді Ұлы жүз биі.
- Сендер атадан туысыңды білесіңдер де, өсиетін ұмытқан екенсіңдер, - дейді__________________. – Аталарың ____________ қолына қауға беріп, малға қой, _______________қолына найза беріп, жауға қой, _________________қолына қамшы беріп, дауға қой дегені қайда?! Сүрінсем, сүйер алдымда – ағам, артымда інім бар төбе билік жөні менікі емес пе?
Бұл сөзге екіжағы да тоқтап, төбе билікті _____________береді. Сонда қаз дауысты ___________шешен былай деп төрелік айтады:
-Уа,___________! Сен атадан үлкен туасың. Ініңнің бір еркелігін көтермей, жылқысын неге қуасың?
-Уа, жарқыным,____________! Сен қара шаңырақта қалған еркесің, ағаңның көзі тірісінде жеңгеңді неге ертесің? Сен, Әйтек, жесірді қайыр! Сен, төле, жылқыны қайыр! – деп дауды шешкен екен.
Жауабы:
- Ағаның баласы – Ұлы жүз Төле би. Атаның баласы – Кіші жүз !йтеке би. Төбе би – Орта жүз Қазыбек би.
- Ұлы жүздің қолына қауға беріп, малға қой, Кіші жүздің қолына найза беріп, жауға қой, Орта жүздің қолына қамшы беріп, дауға қой.
III.Сабақты бекіту:Венн диаграммасы «кеше және бүгін»
1-топ: Абылай мен Н.Ә.Назарбаевты салыстыр
2-топ:Абылайдың туының түсі мен Қазақстан Республикасының туының түсін салыстыр
3-топ:Қазақ хандығы мен Қазақстан Республикасының жерін салыстыр
Қорытынды
Тест
1.Абылай хан қайда жерленген?
A. Сығанақта
B. Созақта
C. Таразда
D. Қойлықта
E. Түркістанда
2.1771ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғанын кейін, хан тағына мұрагерлік жолмен кім отыруы керек еді?
A. Абылай
B. Әбілпайыз
C. Уәли
D. Жақсылық
E. Абдолла
3.Абылай ханның шын есімі
A. Сабалақ
B. Әбілмансұр
C. Уәли
D. Қанішер Абылай
E. Әбілпайыз
4.Абылай хан қай жылдары хандық құрды?
A. 1748-1786жж
B. 1718-1748жж
C. 1734-1771жж
D. 1771-1781жж
E. 1770-1780жж
5.Абылайдың атасы қай қаланың билеушісі болған?
A. Ташкент
B. Сайрам
C. Әулиеата
D. Түркістан
E. Сауран
IV.Жаңа сабақты пысықтау
«Иә, жоқ» ойыны
«Елім-ай» әні «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты дүниеге келеді.
Жоңғар мемлекетінің әміршісіне богдыхан лауазымы берілген бе?
Абылай 1711-1781 жж. Өмір сүрді ме?
Ақтабан шұбырынды 1723-1727 жж болды ма?
Жоңғарларға қарсы соғыс «Отан соғысы» деп аталды ма?
Абылай жоңғарларға қарсы соғысқа 15 жасынан қатысты ма?
Абылай Түркістанда туылды ма?
Абылай Арыс өзенінің бойында қаза тапты ма?
Абылай Түркістанда жерленді ме?
Сөздікпен жұмыс:
Жоңғарлар – Моңғолияжерінде мекендеген тайпа.
Қонтайшы – жоңғар ханы.
Отан соғысы – туған елін-жерін жаудан қорғау үшін болған соғыс.
Боғдыхан –жоңғар мемлекетінің әміршісіне берген лауазымы.
Категориялық топтастыру
Есім хан
Жәңгір хан
Уәли
Абылай(Қанішер)
Уәли (Көркем Уәли деген аты тарихта қалған)
Абылай (Әбілмансұр)
Уәлихан Қасым
Шыңғыс Кенесары, Бопай
Шоқан
Мақы
Ыдырыс
Шота (Шотаман)
Қорытындылау:
Міне, бүгінгі сабақта елін-жерін жаудан қорғаған батыр бабаларымызбен таныстық. Осы батыр бабаларымыздың арқасында өз жерімізді жаудан қорғап қалдық. Енді туған жерді қорғау – сендердің қолдарыңда. Әр оқушы патриот болуы керек. Отанға деген сүйіспеншілікті жақсы оқу, тәртіпті болу арқылы көрсетуге болады.
Рефлексия:
Не білдім? Не үйрендім? Нені білгім келеді?
Үйге тапсырма: «Абылай хан»тақырыбын оқу. Реферат жазу.