Сабақтың тақырыбы: Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және жылдам ұйқы



Дата28.11.2023
өлшемі1,46 Mb.
#193857
түріСабақ
Байланысты:
Қысқамерзімді жоспар


Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және жылдам ұйқы.

Бөлім:

Координация және реттелу

Педагогтің аты-жөні:




Күні:

03.03.2023

Сыныбы:7 А,Б

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және жылдам ұйқы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.7.8 - ағзаның тіршілік әрекеттерінің қалпына келуіне және тынығуына ұйқының маңызын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Ұйқының физиологиялық маңызын біледі.
Көпшілік оқушылар үшін:
Түс көру құбылысын сипаттап бере алады.
Кейбір оқушылар үшін:
Баяу, тез ұйқы фазаларын және ұйқы гигиенасының талаптарына мысал келтіріп, дәлелдейді

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
5мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.



Жаңа сабаққа кіріспе
7мин



«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру
оқушыларға ұйықтап жатқан адамдардын суретін көрсету арқылы сабақтың тақырыбын ашамын.

Жаңа сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстырады


.

Суреттерде не көріп тұрсыздар? Сабаққа қандай қатысы бар? Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.



Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтарға жауап береді. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
1.Ұйқы қандай фазалардан тұрады?
2. Баяу ұйқының физиологиялық белгілері қандай?
3. Түс көрушілік деген не?
4. «Адам денсаулығы» деген ұғым нені білдіреді?
5. «Аурудан сауықтыру» ұғымын қалай түсінесіңдер?



Дескриптор:
Жалпы балл-3
1.Ұйқының физиологиялық табиғатын түсіндіреді.

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып ұйқы гигиенасын және түс көрушілікті түсіндіретін видеоролик көреді.




Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады

1-Тапсырма
Баяу және тез ұйқы фазаларын түсіндіреді.

2. «Ұйқы гигиенасы» ұғымы нені білдіреді?


3. Баяу және тез ұйқыны сипаттап, талдайды.



Дескриптор: жалпы балл-3.
1.Тапсырманы түсіндіреді.
2.Гигиена ұғымын түсіндіреді.
3.Кестені сызады.

ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.




Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады

2-Тапсырма
1.Суреттердің қайсысында психикалық, қайсысында физикалық денсаулық көрсетілгенін анықтайды.


Дескриптор:
Жалпы балл-3
1.Суретпен жұмыс жасайды.
2. Талдау жасайды.
3.Айырмашылықтарын анықтайды.

ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
Үйге тапсырма



Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет