Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Психология ахуал « Жүректен жүрекке»
Оқушылардың бір-біріне жылы лебіз айту.
Жаңа сабақ
Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар
химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер
физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
өнеркәсіп орындары;
ауыл шаруашылығын химияландыру:
халық шаруашылығының басқа да салалары.
Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Ағзалар денесі 30-дан 90 пайызға дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адам денесінде 50кг су бар. Оның мөлшері 17 кг кемісе адам өледі. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.
Cу тіршілік нәрі. Тіршілікке қажетті бес жағдайдың бірі су екенін білесіңдер. Су бар жерде тіршілік бар. Адам тәулігіне 4-5 литр су ішеді. Адам баласы тамақ ішпей бір айдан астам өмір сүре алады. Ал сусыз үш күнде өмір сүре алмайды. Су күнделікті тұрмыста, егістікте, өндірісте пайдалануға қажет. Жер бетінің 23-нен астамын су алып жатыр. Бірақ оның 98%- ы пайдалануға жарамсыз. Теңіз, мұхит сулары ащы. Жер бетіндегі судың 2%- ы ғана тұщы су. Жер шарының 60%-нда тұратын адамдар тұщы су аз болуынан зардап шегуде. Мысалы, Грецияның Афины және Персияға жақын аудандарда ауыз су жеткіліксіз. Югославияға су кемемен жеткізіледі. Біздің елімізде су жеткілікті. Бірақ сол суды біз ластанудан қорғауымыз керек. Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздан ауыз су бүлінуде. Суда улы заттар өте көп. Судың ластануы денсаулыққа зиян.
Ойын. «Кім көп біледі?» Су туралы мақал-мәтелдер айту.
- Судың да сұрауы бар.
- Сулы жер – нулы жер.
- Сағадағы су ішеді, жағадағы у ішеді.
- Су тіршілік көзі.
Тәжірибе. Судың қасиеті.
1. Екі ыдысқа су мен сүт құйып салыстыру 1. мөлдір, 2. түссіз, мөлдір, иіссіз. 3. сұйық, жұғады, жабысқақ, пішіні жоқ.
Табиғатта су барлық жерде әр түрлі кездеседі. Табиғатта су өте көп. Ол біздің тіршілігімізге өте қажет.
Сұрақ. Суды қандай жерлерде кездестірдіңдер? (Көл, өзен, тоған, құдық, жаңбыр суы)
|