Темекі түтінінің құрамында қандай заттар бар
Сигарет — бұл темекі жапырағы мен қағаздан жасалатын еш залалы жоқ ойыншық емес. Ол бықсып жанған кезде 4 мыңнан аса қатерлі химиялық заттар бөлініп шығады. Дәл сол заттар темекі тартқан кезде ағзаға ең басты нұқсанды келтіреді.
Темекі түтінімен бірге сіз мыналарды да жұтасыз:
● шайыр — қатты бөлшектер қоспасы. Олардың көбі канцероген болып табылады, сондай-ақ олар өкпеге шөгіп, сіңіп қалады;
● күшала — темекі құрамындағы ең залалды химиялық элемент. Жүрек-қан тамырлары жүйесіне әсер етіп, обыр ісіктерінің дамуын өршітеді;
● бензол — органикалық жолмен пайда болатын улы химиялық қосылыс. Лейкозды және обырдың басқа да түрлерін қоздырады;
● полоний — радиоактивті элемент. Организмге іштен радиациялық зиянын тигізіп отырады;
● формальдегид — улы химиялық зат. Өкпе мен тыныс жолдарының ауруларының себепкері;
● басқа да заттар — темекі түтінімен бірге жұтылатын зиянды қосылыстар қантамырлар жүйесі арқылы бүкіл организмді жайлап, ішкі ағзаларға көп нұқсан келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |