Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Психология ахуал «смайликтер таңдау» әдісі.
Жаңа сабақ
Алкогольдің ӛсер ұрпақ үшін зор зияны бар екендігі ертеден-ақ белгілі болған. Ерте ғасырдағы Рим заңдарында алкоголь ішімдіктерін 30 жасқа толмаған жастарға ішуге рұқсат берілмегендігі бекер емес, себебі бұл уақытта жастардың дүниеге ұрпақ әкелу құбылысының қарқынды жүретін уақыты. Кӛне Грекияда да 18 жасқа дейінгілерге «ащы су» ішуге тосқауыл қойған. Ресейдегі ертеден келе жатқан құжаттарда жаңадан отау тіккен жастарға ішімдік ішуге тыйым салынған. Франция елінде арақ ішкіш ата-аналардан туған әлсіз балаларға арналған «жексенбі күнгі балалар» немесе «кӛңілді кештің баласы» деген кекесінді атау бар. Спирт — ерігіш болғандықтан ішкен кезде қанға тез сіңіп, ағзаға күшті әсер етеді. Ішімдіктің әсерінен адамның ықыласы кеміп, байқампаздығы тежеледі, қимыл үйлесімділігі бұзылып, мінез-құлқында әдепсіздік, желікпелік, дӛрекілік пайда болады. Адамды ақылынан ғана ажыратып қоймайтын арақ асқазан жолының кілегейлі қабықшасын зақымдап, қарында, ұлтабар ұшында уытты жара, гастриттің туындауына әкеліп соғады. Миға сіңген спирт нерв клеткаларын уландырады, одан ойлау қабілеті бұзылып, рухани ауыр халге ұшырайды. Отбасындағы зорлық- зомбылық оқиғаларының үштен екісі және балалардағы қатігездіктің үштен бірі ата-аналардың маскүнемдігіне байланысты болып келеді екен. Бақытсыз жағдайлардың, адам ӛлтірудің, ӛзіне қол жұмсаудың 50 пайызы тікелей алкогольге тәуелділіктен туындайтыны да бесенеден белгілі.
Алкоголь – бүкіл әлемге тараған ежелгі есірткі. Алкогольді тұтыну алдымен адамдардың көңіл-күйін жасанды көтере бастайды, одан кейін бас миына қысым түсіреді, агрессия әкеледі. Ағзадағы алкоголь 4 негізгі әсер береді:
• Ағзаны энергиямен қамтамасыз етеді /спирттің жоғары энергетикалық құндылығы бар, бірақ қоректендіру заттары жоқ/
• Орталық нерв жүйесінің жұмысын бәсеңдетіп, әрі тиімділігін төмендете отырып, анестезиялау құралы ретінде әрекет етеді;
• Несептің жиналуына ықпал етеді.Алкогольді тұтынғанда адам көп су жоғалтады, сондықтан клеткалар құрғайды;
• Бауырдың қызметін уақытша төмендетеді. Спирттік ішімдіктің белгілі бір мөлшерін тұтынғаннан кейін бауырдың үштен бір бөлігінің жұмысы төмендейді, ол әдетте бірнеше күннен кейін ғана қалпына келеді.
Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды. Ӛйткені алкоголизм мен маскүнемдіктіц артында жеке адам, семья тағдыры тұр. Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да, бейтаныс адамды да бейғам қалдыра алмайды. Теріс жолға түскен адамға білікті де дұрыс ақылшы керек. Ішімдік салдарынан маскүнемнің жан дүниесінде болған дағдарыстарды, ӛміріндегі сәтсіздіктерді кӛріп, түсіне, түсіндіре білетін, кӛзін жеткізіп айта білетін шын жанашыр адам керек.
29 қазан — дүиежүзілік алкогольден бас тарту күні болып жарияланғаны белгілі. Қазақстан мен бүкіл әлемге қауіп тӛндіріп, жүйке-неврологиялық және басқа да инфекциялық аурулардың ӛршуіне әкеліп соқтыратын, бауыр циррозы, қатерлі ісіктің әр түрлері мен мезгілсіз, ерте ӛлімнің негізгі себебі боп табылатын «ащы суға» тәуелділіктің алдын алу мақсатында атап ӛтіліп жүрген даталы күн барын біреу білсе, біреу білмейді. Елімізде жылда тіркелетін кісі ӛлімінің 11 пайызы осы ішімдіктің әсерінен болатындығын айтып отырған мамандар адамды ақылынан алжастыратын «әзәзілге» қарсы қоғам болып күресуга шақырады.
|
слайдтар
Интербел
сенді тақта
|