Сабақтың тақырыбы: Адам және табиғат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: экология және адам өміріндегі оның рөлі туралы ұғым қалыптастыру
Дамытушылық мақсаты: оқушыларды эколог мамандығымен таныстыру
Тәрбиелік мақсаты: қоршаған дүниеге деген сүйіспеншілікті арттыру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Психологиялық дайындық.
«Табиғат» сөзіне топтастыру жасау.
денсаулық емделу ауа тамақ
демалыс жануарлар
табиғат
су өсімдіктер киік жәндіктер баспана
оқушылар «тірі және өлі табиғат арасында байланыс бар» деген қорытынды шығарады.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Оқулықтағы мәтіннің мазмұны бойынша жұмыс істеу.
Тақтаға сурет ілінеді.
Суретте нелер бейнеленген? Не байқадыңдар?
Оқушы жауаптары:
Көл. Көлдің айналасы шашылған қоқыс, өлген құс, балықтар.
Зауыт бейнеленген. Зауыттың мқржаларынан қара түтін будақтап шығып жатыр.
Сынғын ағаштар. Бүлінген табиғат.
Сұрақтар:
Ал осыны қалпына келтіру үшін не істеу керек?
Табиғатта бүлдіргендерді қалпына келтіру керек. Ағаш отырғызып, гүлдер өсіру керек.
Жануарларға қамқорлық жасау керек.
Қоқыстарды өзен-көлге төкпей, арнайы қоқыс төгетін ерлерге төгу керек.
Тақтаға «экология», «эколог» деген сөздер жазылған кесте ілінеді.
Оқушылар экология және эколог туралы білетіндерін ортаға салады, мұғалім оларды толықтырады.
Экология – тірі табиғаттың ортасы мен байланысын зерттейтін ғылымның бір саласы. Эколог табиғатты бүлінуден сақтайтын, қорғайтын адам (мамандық иесі).
Ү. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.
Экологиялық ережерлермен жұмыс. Оқушылар экологиялық ережелерді толықтырады. Осыдан кейін оқушылар топсеруенде салған суреттерін тақтаға іледі, сурет бойынша қорытынды шығарады.
Бақылау күнделігімен жұмыс.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Қалай ойлайсыңдар, біз эколог бола аламыз ба?
Өзен көл мен теңіз, мұхиттарда балықтар қырылып, құс, жәндік, жануар, өсімдіктер жойылып кетпеуі үшін не істеу керектігін естеріңе түсіріңдер. Бұған кім кінәлі?
Жер планетасы үшін сен қандай жақсылық істер едің?
Сабақ соңында оқушылар табиғат, табиғат құбылыстары туралы білетін өлеңдерін оқиды. Мәселен:
Жау, жау, жаңбыр, жау, жаңбыр!
Жау, егіннің көгі өссін!
Сұлудай бұраң құрақты,
Айдын шалқар көлі өссін!
Ой мен қырдың шалғыны
Жатқан малды жасырсын!
Табиғаттың көркіне
Таңғалып, жан бас ұрсын!
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ.Үйге тапсыма беру
8, 9 бет оқу мазмұндау
ҮІІІ. Бағалау.
Қатысқан оқушыларды бағалау
|
Сабақтың тақырыбы: Мен адаммын(экономика «Еңбек өмірді жақсартудың негізгі құралы»)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Адам табиғаттың бір бөлігі екенін дәлелдеу. Адамның тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсініктер қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Салыстыру, қорыту жжәне тұжырымдау біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Адамның табиғаттың бір бөлігі болуының өзі оның табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру.
Түрі: аралас
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақтың мазмұнын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ.
А) Жұппен жұмыс
-Адамның жанды табиғатқа жататынын дәлелде (оқулықтың суреті бойынша талқыла)
Ә) сызба құрастыру
Туады
Өледі
Адам табиғаттың бір бөлігі
Ұрпақ береді
Өседі
Б)Оқулықпен жұмыс.
--Мәтінді оқыңдар және адамның өміріне не қажет екенін талқылаңдар.
Проблемалық сұрақ
-Адамның жанды табиғат өкілдерінен қандай айырмашылығы бар?
ІҮ. Сергіту сәті
Ү дәптермен жұмыс
-Адам тішілігіне не қажет соны жазамыз
ҮІ. Ойын
«Бұл менің тіршілігіме қолайлы/қолайсыз. Өйткені...»
Әр оқушыға адамның тіршілігіне қолайлы және қолайсыз жағдайларды анықтайтын сөздер жазылған карточкалар таратылады.
«Менің тіршілігіме ауа қолайлы, өйткені ауа тыныс алу үшін қажет»
ҮІІ. Сабақты қорыту.
-Неге адам жанды және жансыз табиғатсыз өмір сүре алмайды?
-Бұл білім сендердің өмірлеріңе қажет пе?
-Бүгінгі сабақта қандай жаңалықпен таныстыңдар?
-Сабақта не ұнады?
-Не қызықты болды?
ҮІІІ.Үйге тапсыма беру
6-7 бет оқу мазмұндау
ІХ. Бағалау.
Қатысқан оқушыларды бағалау
|