Мырзабаева Ділдә Жұмабайқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия
Атырау қаласы
Сабақтың тақырыбы: Қырдың жас түлегі
Сабақтың мақсаты: Сапарғали Бегалиннің шығармасынан алынған «Қырдың жас түлегі» әңгімесінің мазмұнын ашқызып, қосымша материалдар арқылы да Шоқан өміріне байланысты мағұлмат беру.
Сабақтың дамытушылығы: Шоқан жайлы алдын ала берілген тапсырмаларды ортаға салу арқылы оқушылардың ой-өрісін байқампаздығын дамыту,ол өмір сүрген ортамен таныстыру.
Сабақтың тәрбиелігі: Қазақтан шыққан ұлы адам өмірі арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, іздемпаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, хабарлау, көрнекілік, проблемалық
Сабақтың көрнекілігі: С.Бегалин, Ш.Уәлихановтың суреттері.
Сабақтың жүру барысы.
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің – тірек, тірлік, адамдық
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адамдық
- Олай болса, балалар үйренейік, ұғайық, адал да шыншыл адам болуды мақсат етейік.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Ана тілінен қандай тапсырма берілді?
Абай Құнанбаевтың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деген өлеңін мәнерлеп жатқа айту (жағымды, жағымсыз қылықтар жайлы айту)
Абай туралы не білеміз? Абайдың қандай әндері бар? Абайдың күйлерін ата.
ІІІ.Жаңа сабақ
19 – ғасырда өмір сүріп, қазақ халқының мәдениетін дамытуға үлес қосқан халқымыздың 3 көрнекті шамшырағы Ыбырай, Абай, Шоқан.
Халық Ыбырайды – оқу – ағару ісін дамытушы. Абайды – әдебиетті дамытушы, Шоқанды – ғылымды дамытушы деп бағалаған.
Осы Шоқан туралы жазған Сапарғали Бегалиннің «Қырдың жас түлегі» атты әңгімесімен танысамыз.
Сапарғали Бегалин (1895-1983ж) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. Қазақтың белгілі жазушысы. Ол балаларға арнап 20-дан астам кітап жазып, балалар әдебиетін дамытуға елеулі еңбек сіңірді. Сапарғали Бегалин «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Шоқан асулары», «Алтай аңызы» т.б. көптеген шығармаларды жазған. Бұған дейін ол кісінің қандай тақырыпта, кімдер туралы әңгімелер өттік? Шоқан туралы 2 – сыныпта «Мүсінші Мысық», ал 3 – сыныпта
«Мейірім» деген мәтіндерді оқыдық.
Ш.Уәлиханов (1835-1865ж) Шын аты Мұхаммед – Ханафия. Қазіргі Қостанай облысы Жетіөзен ауданы Құсмұрын өңірінде өмірге келген. Отыз жасында қазіргі Талдықорған өңіріндегі Алтын Емел жерінде қайтыс болған. Шоқан – Абылай ханның шөбересі. Әкесі Шыңғыс - ел билеуші сұлтан болған белгілі адам. Қазақтың ғұлама ғалымы саяхатшы, этнограф. 1847 жылдан 1853 жылға дейін Шоқан Омбы қаласындағы кадет корпусында оқыды. 1853 жылы Сібірде әскери қызметін бастайды. Ол тек Қазақстан бойынша ғана емес, Орталық Тянь – Шаньға (Ерен – Қабырға) одан Ыстықкөл өңіріне дейінгі сапарда кең көлемді экспедицияға қатысып саяхат жасады. Шоқанның ұлы саяхаттарының бірі 1858 – 1859 жылдары Қашқарияға жасаған сапары болды. Ол ғалым – саяхатшы ретінде істеген еңбегі үшін Әулие Владимир орденімен марапатталды және штаб – ротмистр шенін алды. Небары 30 жастың ішінде көптеген ғылыми еңбектер жазып, Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеген.
ғалым
жиһангер фольклоршы
Шоқан
этнограф тарихшы
Оқулықпен жұмыс.
«Қырдың жас түлегі» әңгімесін тізбектей оқыту.
Сөздік жұмыс.
Қырдың жас түлегі – қазақ елінде туып өскен бала.
Қамау көше – тұйық көше
Кадет корпусы – патша үкіметі заманындағы әскери оқу орны.
Жатақ – жатақхана
Әңгімені бөліктерге бөліп, ат қойғызу.
Әңгімені неше бөлікке бөлуге болады?
Бөліктерге ат қояйық.
1-б
2-б
3-б
Проблемалық тапсырмалар.
Ертіс жағасының арғы бетін қарап тұрып Шоқан қандай сезімде болды?
Корпустың дәрігері Шоқанды қалай бағалайды екен? Оны қалай аңғардыңдар?
1-қатарға: Шоқанға мінездеме бергізу.
2-қатарға: Офицерге мінездеме бергізу.
3-қатарға: Анатолийге мінездеме бергізу.
Қорытынды:
-Шоқан нені аңсады?
-Әңгімеде Шоқан оқыған класты неліктен түгел жазалады?
«Қорқарың бар қораға кірме» дегенді қалай түсінер едің?
-Анатолийдің қылығы дұрыс па?
-Егер офицердің орнында сен болсаң не істер едің?
Үйге тапсырма: «Қырдың жас түлегі» әңгімесін оқып, түсінгенін айту. Шоқан туралы мәлімет әкелу.
Бағалау
Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Қырдың жас түлегі» Сапарғали Бегалин
Өткізген: Мырзабаева Ділдә Жұмабайқызы
4 «Б» сыныбы
Атырау – 2014 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |