1)Шаруашылық және ауыз су ретінде пайдаланатын су тоғандарына құятын ағындардағы суды былғаушы зиянды заттардың шептік мөлшері арнайы ережемен белгіленген және онда зиянды заттар тізімінде 400- ден аса атау тіркелген.
2)Өндірістік мақсатта пайдаланылатын судың өзі жұмыс істеушілерге зиянсыз, құрал-жабдықтардың жемірілуін, олардың түбіне тұз тұруын туғызбайтындар жәнеөнім сапасына кері әсер етпейтіндей болуы тиіс.ауыл шаруашылығы алқаптарын суғаруға жұмсалатын су өсімдікке зиянсыз және өнім,түсім мен топырақ сапасын нашарлатпайтын болуы тиіс.
3)Су қоймалары да әр түрлі мақсатта қолданылатындықтан, оларды былғанудан сақтау шараларын негіздеу үшін зияндылық дегеннің, өзі не екені, оның қандай дәрежелері, белгісі бар екенін анықтап алу керек болады. «Жерүсті суларын төгін сулармен былғанудан сақтауережелері» бойынша судың былғнубелгісіне оның дәм арқылыбілінетін қасиеттерінің өзгеруі құрамында адамға, жан-жануарларға, құсқа, балыққа, жемдік және кәсіптік ағзалар зиянды заттардың болуын жатқызады. Сондай-ақ су ағзаларының қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен, судың қызуыда қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен судың қызуыда бақылауда болуы тиіс.
Соңғы жайт бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауында да арнайы көрсетіледі, онда «егер су, оның құрамын немесе түбінің бедерін өзгерту салдарынан су пайдаланудың кез келген түрінің бірі үшін жарамсыздық танытса, оны былғанған деп есептеу керек» деп жариялаған. Су сапасына қатысты жасалған «Тазалық ережесі және жерүсті суларын былғанудан сақтау ережесінің су бөгендерін, олардың тазалық дәрежесіне қарай екі топқа бөледі. Бірінші топқа ауызсу және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы су бөгендерін, (олардың ) екінші топқа балық шаруашылығы мақсатындағы су тағамдары жатады. Ереже бойынша су бөгендеріндегі қалқып жүрген ермелер мен жүзгіндер мөлшері, судың иесі, дәмі, түсі, қызуы, РН мәні, құрамы және ондағы минералдық ермелердің,суда еріген оттектің қойырлығы, судың оттекке деген биологиялық сұранысы, улы және зиянды заттар мен ауру таратқаш бактериялардың құрамы мен шектік жіберімдік қойырлығы назарда ұсталып, тексерілуі тиіс. Төгін су мөлшері, соның ішінде құрамында зиянды органикалық қосылыстар бар төгін су мөлшері жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан оларды тазартуға қоса басқа кешенді шаралар жүйесін қолдану қажеттігі туады. Мысалы: сұйық қалдықтарды сол өндірістің өзінде қандай да іске жарату, су пайдалануды азайт, өндіріс ішінде су айналымын қалыптастыру, яғни суды қата пайдалану, сусыз технологияларға көшу жолдарын ойластыру қажет.