Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әли «Қызыл кітап»



бет1/3
Дата16.01.2023
өлшемі2,39 Mb.
#165605
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Асанқызы Г. Қорғайтын сабақ


Жетісу облысы, Талдықорған қалалалық білім бөлімі, «Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі: Асанқызы Гүлсара
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ (Т1)
11-СЫНЫП
Бөлім атауы: Табиғат және адам
Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әли «Қызыл кітап» поэмасы ІХ бөлім
Оқу мақсаты:
112.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау;
11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.
Сабақ мақсаты:
Барлығы: Шығарманың идеясы мен көркемдегіш құралдарының байланысын талдайды, шығарманың идеясын мазмұндас туындылармен салыстырып, әдеби сын жазады
Көпшілігі: Шығарманың идеясы мен көркемдегіш құралдарына талдау жасайды, шығарманың идеясына ұқсас туындылармен салыстырып, бүгінгі өмірмен байланыстырып сыни мақала жазады.
Кейбірі: Шығарманың идеясы мен көркемдегіш құралдарына талдау жасайды, шығарманың идеясына ұқсас туындылармен салыстырып, әдеби тұрғыдан баға беріп, бүгінгі өмірмен байланыстырып сыни мақала жазады.

м


«Ойтүрткі» әдісі арқылы алдыңғы оқуды пысықтау
  • Ақын поэмасында қандай басты мәселені қозғап отыр?
  • Шығарманың басты идеясы не?
  • «Қызыл кітаптағы» тізімнің артуын автор қалай жеткізеді?

ЫҚТИМАЛ ЖАУАПТАР
  • Ақын табиғатты қорғауды тек ел аумағында ғана емес, бүкіл ғаламшарлық мәселе ретінде қарастырып, қандай да болсын зорлық-зомбылықтан бас тарту қажеттігін түсіндіреді.
  • Бір кезде елімізде мекендеген аңдарды түгендейді, соларды жоқтайды, жер бетінен жойылып бара жатқан жануарларды сақтап қалуға шақырады.
  • «Адам өрісі кеңіген сайын аң-құстың өрісі тарыла түседі» деп ақынның өзі айтқандай, адам баласы өзінің де табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытып, оған қол салғанын күйіне баяндайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет