Ойын терапиясы
Сабақтың тақырыбы: Ағаштар бүршік атты
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.
Табиғаттағы көтемгі өзгерістері, адамдардың пайдалы іс–әрекеттері туралы
әңгімелеу.
Коррекциялығы: Баланың ойлау қабілетін дамыту.Зейінін шоғырландыру.Сөздік қорын дамыта отырып,өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
Тәрбиелігі:Табиғатты сүюге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу
Көрнекілік: Көктем мезгілі туралы суреттер және үлестірмелі суреттер
Әдіс–тәсілдер: салыстыра сөйлету, әңгімелесу, түсіндіру.
Сабақ барысы:
І. Ой шақыру
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай–салаға толады.
Ағаш басы бүршік шашып,
Гүл, бәйшешек толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы.
Бұл қай кезде болады? – деп ойлайсыңдар.
– Неге көктем мезгілі деп ойлаймыз?
– Көктемде жерде қар ериді, ағаштар бүршік атады.
– Көктем мезгілінде неше ай бар?
– Көктем мезгілінде үш ай бар: наурыз, сәуір, мамыр.
– Көктем мезгілі қай айдан басталады?
– Көктем мезгілінің қыс мезгілінен қандай ерекшелігі бар?
– Күн жылына бастайды. Ағаштар бүршік жарады.Құстар ұшып келеді т.б.
ІІ. Суретпен жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құрастыру
- Мына суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
- Суреттегі балаларға ат қояйық.
- Асқар немен ойнап жүр?
- Асқар үстінде қандай киімдер киіпті?
- Көктемде жердің түсі қандай болады екен?
- Суретте тағы нені байқадыңдар?
- Ағаштарда қандай өзгерістер бар?
- Қыста ағаштардың бұтақтарының түстері қандай еді?
- Ал көктемде қандай өзгерістер болды?
- Ағаштардың бүршіктерінің түстері қандай болады?
ІІІ. «Жақсы–жаман» ойыны
Мақсаты: жаман әдеттен аулақ болуға, көргенін ажыратып, әңгімелей білуге
үйрету.
Ойын барысы:
1. Ағаштың бұтағын сындыру – жаман.
2. Ағаштағы құстың ұясын бұзу – жаман.
3. Құстарға ұя жасау – жақсы.
4. Гүлдерге су құю – жақсы.
5. Ағаш бұтағындағы құсты рогаткамен ату – жаман.
6. Далада өсіп тұрған гүлдерді жұлып, бүлдіру – жаман.
ІV. Сабақты қорытындылау.
Біз не білдік?
Достарыңызбен бөлісу: |