Сабақтың тақырыбы: Ағылшын тілінің грамматикасы Сыныбы: 6 «а»


Zero article (Нөл артикль)



бет9/10
Дата06.02.2022
өлшемі477,39 Kb.
#32710
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Zero article (Нөл артикль)
Zero article дегеніміз ешқандай артикль емес, жай ғана бос орын. Нөл артикльдің қолданылуы, яғни, ешқандай артикль қолданылмайтын жағдайлар:
1) Жинақтық, жалпылай айтылатын зат есімдердің алдында
Мыс.: Crime is a problem in most cities (Қылмыс – көптеген қалалардағы мәселе). Қылмыстың қандай түрі екендігі айтылмайды. Жалпы алғандағы қылмыс жайлы айтылып тұр.
Life is good (Өмір жақсы). Өмірдің де түр-түрі болмайды. Жай ғана түсінік.
2) Ел-жер, адам аттарының алдында
Мыс.: Mr. Mamyrov, Astana, Kazakhstan, China
Ескерту!
Отбасыны немесе әулетті фамилиясына байланысты атаса, онда The артиклі қойылады. Мысалы: The Johnsons (Джонсондар отбасы немесе әулеті)
3) Жыл мезгілдерінің, ай аттарының және апта күндерінің алдында
Мыс.: Autumn is rainy. July is the hottest month. We don’t work on Saturday.
Кеңес
Егер зат есімнің алдына қандай артикль қою керек екендігін ажырата алмасаңыз, сол зат есімді «кез-келген», «көптің бірі» деген сөздермен байланыстырып, оқып көріңіз. Егер логикаға сай тіркес шықса, онда a (an) артиклі, ал «әлгі», «нағыз», «ең» деген сөздермен байланыстырып оқығанда ақылға қонымды тіркес пайда болса, онда the артиклі қойылады.

Тест тапсырмалары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет