Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов. «Ақын ініме»



Дата01.06.2017
өлшемі52,61 Kb.
#17406
түріСабақ
Аминова Даметкеннің 7 «б» сыныбына арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімдік жоспары

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов. «Ақын ініме»

Сабақтың мақсаты: Ахмет Байтұрсынов өмірі және шығармашылығымен таныса отырып, «Ақын ініме» өлеңінің идеясын ашу .

Күтілетін нәтиже:

1 Ахмет Байтұрсыновтың ақындық-ағартушылық қызметімен танысады. Шығарманың мәнін аша білу дағдылары тереңдейді. Өз бойларындағы жаман қасиеттерден арылу,жағымпаздық қасиеттен аулақ болу сезімдері оянады.

2. Топтасу арқылы бірін-бірі жақсы тануға, тыңдай білуге үйренеді;

3. Пәнге деген қызығушылығы артады;

4. Шығармашылық қабілеттері дамиды;

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: 1,2,3,4,5,6,7-модульдер

Дерек көздері: Оқулық, Мультимедиялық жабдықтар, бағалау бетшелері, балаларға таратпа ресурстар.

Пән аралық байланыс: Өзін-өзі тану.

Сабақ жоспары

Уақы

ты

Сабақты ұйымдас-тыру формасы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2 мин

Психологиялық ахуал «Амандасу рәсімі»

-Балалар, шаттық шеңберіне тұрып,бір-бірімізге жақсы тілектерімізді айтайық.

- Сендер қандай сезімде болдыңдар? Олай болса, күнде айналамыздағыларға жақсы сөздер айтып жүрейік.

Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жақсы тілектерін айтып, гүл сыйлайды.

2мин

Топқа бөлу

«Түсті таңда» ойыны арқылы топқа бөліну

Балалар өзіне ұнаған түсті таңдап алып, шағын үш топқа бөлінеді.

5 мин

Үй тапсырмасын тексеру «Ыстық орындық»

Абай. «29-қарасөзі»

Әр топтан бір оқушыдан кезекпен орындыққа отырады, қалған топтың оқушылары өткен сабақ бойынша сұрақтар қояды . «Ыстық орындыққа» отырған оқушы жаңылмай сұрақтарға шапшаң жауап беруі керек.

Үш топ оқушылары үй тапсырмасына жауап береді.

2 мин

Негізгі бөлім. «Ой қозғау» стратегиясы



М.Әуезовтің Ахмет Байтұрсынов туралы айтқан пікірі. «Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі «Маса», «Қырық мысал» , «Қазақ» газетіінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болды» Бұл пікірдегі Ақаң кім?

Оқушылардың жауаптары

3 мин

Оқулықпен жұмыс «Мағынаны тану»

Мәтінді оқыту. Өлең шумақтарының мағынасын ашу.

Әр топ өзі оқыған шумақтарының идеялық мәнін ашады.

5 мин

Сергіту сәті

Интерактивті тақтадан сергіту жаттығуы көрсетіледі.


Музыкаға ілесе отырып жаттығуды орындайды.

20 мин

Топтық тапсырмалар

1- тапсырма. Концептуалдық кесте.
1-кесте

Өлең жолдарындағы ақын айтқан «ақылдар»

Ақынның негізгі ойы

Менің

қосарым

































2-кесте.

Ирония-лық екпін түсетін

етістіктер

Болымсыз мәнде

қолдану

Өлең мағынасында-ғы өзгерістер












































2- тапсырма. Венн диаграммасы



А.Байтұрсынов. С.Торайғыров

«Ақын ініме» «Бір адамға»
3-тапсырма. «Білімді ел ішінде болам десең...» ой-пікір

4-тапсырма. Постер қорғау. «Болашақ інілерге...»

Оқушылар топтық жұмыс жасайды.

Топта ақылдасып тапсырмаларды бөліп алады.

Бір-бірінің пікірін тыңдайды.

Ережеге бағынады.

Басқа топты тыңдап, қорытынды шығарады.
Әр топ ақылдасып , өз пікірлерін айтады.


5 мин

Рефлексия

«Бес саусақ» тәсілі

Оқушылар өздерін бағалап, бүгінгі сабақ туралы пікірлерін стикерге жазып , «Білім ағашына» жапсырады.

1 мин

Үй тапсырмасы


«Ақын ініме» өлеңін оқу. А.Байтұрсынов өмірі туралы

деректер.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет