ІІІ. Жаңа сабақ.
1.ОЙ ШАҚЫРУ:
Сабақты бастамас бұрын кері байланыс орнату мақсатында экраннан М. Әуезовтің «Көксерек» повесінің желісіне түсірген фильмнен 3 минуттық қана үзінді көруге ұсынылады. Балалар фильмді көріп, сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
Бұл фильм қалай аталады?
Негізгі кейіпкерлерін ата.
Туынды кімдікі деп ойлайсыңдар. ( балалар сұрақтарға жауап береді).
Демек, көрерменнің жүрегінен орын тапқан , қызықты да аянышты сюжетті шығарманың авторы М. Әуезовтің балалық шағы мен зеректігін сипаттаған «Жас Мұхтар» әңгімесімен танысқалы отырмыз.
2. КЕРІ БАЙЛАНЫС:
Осы тұста оқушылардың өтілген білімдерін жаңғырту мақсатында сұрақтар қойылып, жауап алынды.
Сұрақтар:
Төменгі сыныптарда М. Әуезовтің қандай шығармаларын оқыдық.
Жазушының қазақты әлемге танытқан қандай шығармаларын білесіңдер?
Жазушының атасы мен әкесі қандай адамдар болған еді?
Достарыңызбен бөлісу: |