Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Ежелгі көшпелілер мәдениеті
|
Мектеп: Бизнес академия «Дара» мектеп - лицей
|
Күні:
|
Мұғалімніңаты-жөні: Е.А.Оспанов
|
Сынып: 5 сынып
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Аңыз патшайым
|
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.Т2 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты анықтайды.
5.А3. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айтады.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлығы: көркем шығарманың мазмұнын түсінеді.
Көбі: тыңдалған мәтіннен нақты ақпаратты анықтайды,ауызша мәтін құрайды.
Кейбірі: қазақ тіліндегі төл дыбыстармен қатар үндестік заңын ескере отырып, ауызша мәтін айтады.
|
Бағалау критерийі
|
Ауызша мәтін құрай алады.
Ауызша мәтін айтуда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескереді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Шегіну-отступать- retreat
Тұтқындау- взять в плен- to capture
Шайқас- cражение--battle-
Патшайым- царица-queen
Соғысу- сражаться--struggle
|
Құндылықтарға баулу
|
Өз Отаның тарихын құрметтеуге, оны дәріптеуге баулу.
Қазақ тілі арқылы Қазақстан тарихы пәніне деген қызығушылығын ояту
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақстан тарихы, география
|
АКТ қолдану дағдылары
|
cлайдтар
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Балалар алдыңғы тақырыптан «Тұмар ханшайым туралы» аңызды білесіңдер
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(10 минут)
| -
«Мен елімді сүйемін» тренингісімен сабақты бастаймын.
Сыныпта психологиялық ахуал туғызамын:
- Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;
-Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз;
- Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;
-Егер сіздер өз Отаңызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!
-Егер еліміз бейбіт пен бірлікте өмір сүре берсін десеңіз бір-бірлеріңізді құшақтаңыздар!
2. Ой қозғау әдісі арқылы өтілетін тақырыпқа келу
-
Тұмар ол кім?
-
Томиристің анасы қашан қайтыс болды?
-
Кішкентай қызды кім тәрбиелейді?
-
Томирис бала кезінен қай ортада өскен?
-
Ол неше жасынан бастап асау атқа мініп жүрген?
-
Неше жасында соғыс өнеріне жаттыға бастаған?
|
|
Сабақтың ортасы
(30 минут)
| -
Оқушыларға Томирис патшайым жайында өлең тыңдату
(ҰЖ) Мәтінді тыңдау 86 бет
-
Мәтіннің мазмұнына ат қою.
-
Қара әріппен жазылған сөздердің аудармасын сөздіктен қарап жаз.
-
Әр топ мазмұнына байланысты 5 сұрақ жазады.
.Сергіту сәті:
Керегедей тізіліп,
Шеңбер құрып тұрайық.
Уық болып шаншылып,
Шаңырақты құрайық
Киіз үйге ұқсадық
Орнымызды табайық.
(Оқушылар іс-әрекетпен көрсетеді)
3. Берілген тірек сөздерді суреттермен (кейбір суретке бірнеше тірек сөз сәйкес келеді) сәйкестендіріңіз.
Тірек сөздерді қолдана отырып, суретті сипаттау арқылы ауызша шағын мәтін құраңыз.
Тірек сөздер: патшайым болды, шайқас, әскер, сақтар, парсылар, жеңді,жеңілді.
Диаграмма толтыру Тұмардың әрекеті,Кирдің әрекеті
|
Достарыңызбен бөлісу: |