Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы
Қ.Аманжолов селолық округі
Белдеутас ауылы
№52 бастауыш мектеп
Арипова Ляйла Саятовна
2 санат. Жұмыс тел:87215960210
Ұялы тел: 87757822696
Сабақтың тақырыбы: «Қайырымдылық» М.Сүндетов.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: адамның өзіндік ерекшеліктерін және өзінің жеке қасиеттерінің ерекшеліктерін айта білуге, өз ойларын топшалап, қысқа және мағыналы түрде жеткізе білуге баулу.
Дамытушылығы:Бағыт – бағдар бере отырып оқушының өз бетімен дамуын өзі басқаруына қолайлы жағдай туғызу, өзіне қажетті білімді өзі біліп, табуға және оқуға шығармашылық негізде жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: сауаттылыққа, ойлануға толық жауап беруге, зейінділікке өзара ынтымақтастыққа , сыйластыққа, мейірімділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:интерактивті тақта, /слайд арқылы/. Саяхат картасы, «Қысқы көрініс», автордың өмірі.
Типі:аралас сабақ
Түрі: саяхат сабақ
Жаңа технология: СТО элементі, ДОТ элементтері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
«Ой толғаныс» стратегиясы бойынша туған жер туралы оқушылар ойы.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Сатылай кешенді оқыту» Сұрақ – жауап әдісі./слайд/
ІІІ. Жаңа сабақ.
М.Сүндетовтың суреті.
М.Сүндетовтің «Қайырымдылық» әңгімесін оқимыз.
М.Сүндетов /1936-1999/ Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор ауылында туған. Мемлекеттік университеттің 1956 жылы журналистика бөлімін бітірген.
1990-1996 жылдары «Ана тілі» баспасының бас редакторы болды. Шығармалары неміс, чех, югослов, венгр тілінде аударылған. Оның «Ескексіз қайық», «Құмдағы ауыл», «Еліктің лағы», «Бес қонақ» атты әңгімелері бар.
Мұғалімнің мәтінді оқуы.
Түртіп алу: Түсініксіз сөздерді түртіп алу.
Оқушыларға тізбектей оқыту. /Оқу түрлерін қолдану/
Дәптермен жұмыс./ Музыка ойнап тұрады/
Сөздік жұмыс.
Бәкене – аласа
Қақ- іркіліп қалған жауын суы
Мәтінді қорытындылау.
Мұғалім Мұхтарды не үшін мақтады?
Мектептен келе жатып Мұхтар қандай оқиғаға тап болды?
Мұхтар не үшін қуанды?
Мұхтарға анасы не үшін ұрыспады?
Мұхтардың орнында өзің болсаң қайтер едің?
Әңгіменің «Қайырымдылық» деп аталу себебі не?
Оқушылар жауабы тыңдалады.
Мағынаны тану.
Мәтінді бөлімдерге бөлу, әр бөлімге ат қою
а/ Ұқыпты оқушы
ә/ Мұхтардың күшікке деген көмегі
б/ Мейірімді ана
Шығармашылық жұмыс.Ой толғау
1-топ: Ізденгіштер: Кейіпкерге хат. / Мұхтар, сен нағыз батыл боласың! Маған сенің балалардан қорықпай кішкентай күшікті құтқарғаның ұнады. Киіміңнің лас болғанына қарамай, күшікке көрсеткен көмегің нағыз қайырымдылық деп ойлаймын./
2- топ: Зерттеушілер: Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер? /Қайырымдылық-жақсы қасиет ол кішіге қамқор болу, үлкенге көмектес ізгілікті іс жасау. Қайырымды адамды туыстары жақсы көреді, мақтан тұтады./
3-топ: Қабілеттер: Мұхтарға мінездеме бер. / Мұхтар ұқыпты, қайырымды, мейірімді, таза, қамқоршы, батыл/
Тақырыпқа сай мақыл-мәтел:
Адам болатын бала алысқа қарайды.
Адам баласының ең жаманы- талапсыз
Саналы адам сағыңды сындырмас
Санасыз адам жағыңды тындырмас
Қорытындылау: Венн диаграммасы
Жаман қасиеттер: өсек, өтірік, ұрыншақ, мақтаншақ
Жақсы қасиеттер:Еңбекқор, мейірімді, ақылды, тәртіпті, кішіпейіл.
Қайырымдылық:жақсылық жасау, қорғау, ізгілікті іс, көмектесу.
ІҮ. Сбақты қорытындылау
Ү. Білімдерін бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
Достарыңызбен бөлісу: |