Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы
Тақырыбы: «Қайырымдылық»
Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі
Қасымбекова Айгүл
Түркістан-2014ж
Сабақтың тақырыбы: «Қайырымдылық»
Мақсаты: Оқушыларға қайырымдылық, мейрімділік жайлы айта келе, түсініп оқуға үйрету;
Тілін, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту;
Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Оқулық, суреттер,
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Жүректен жүрекке жылу сыйлау.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
2. Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген торғай әңгімесін бөлімге бөліп сол бойынша түсінгендерін айту.
Бозторғайдың шырылдауы.
Сұр жыланның арбауы.
Ақбілектің көмегі.
РАФТ стратегиясы бойынша суреттегі қалаған суретті таңдап өзінің алғысын жазып айту.
Ол әңгіменің авторы кім?
Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақта Мағзұм Сүндетовтің Қайырымдылық әңгімесін өтеміз.:
Мағзұм Сүндетов 1936жылы 29 қаңтарда Атырау облысы Дассор ауданында дүниеге келген. 1999жылы өмірден озған. Соның өзінде көптеген шығармаларын жазған. Мысалы: Еліктің лағы, Ескексіз қайық, Бесқонақ т. б
Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым - қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.
Бірі — рухани - экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),
Екіншісі — іс - тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).
Болжау стратегиясы бойынша мәтінді оқып таныстыру.
Тізбектей оқу.
Сөздік жұмыс дәптерге жазу.
Бәкене - аласа
Қақ - іркіліп қалған жауын суы.
Сұрақ - жауап білімдерімізді қайталау.
1. Мұхтар қандай бала?
2. Ол қандай бала?
3. Мұхтардың орнында сен болсаң не істер едің?
4. Қайырымдылық деген не?
5. Қайырымдылыққа тағы не жатады?
Суреттермен жұмыс.
Бейнебаян тамашалау
Өзіміздің мектепте де Қайырымдылық айлығы жүріп отырады,
Мысалы: Юсуп Шамилдің отбасына көмек ретінде оқу құралдарын берді, ал біздің көмегіміз жоқ оқулықты кезек беріп көмектесу.
Енді балалар қабырғаға қарап осы айтқандар бойынша әңгіме жазамыз.
Осы жазылған әңгімені автор орындығына отырып оқу.
Жұппен жұмыс.
Енді балалар сабағымызды қорыта келе толықтыру тестіні пайдаланамыз.
1. Әлгінде оны мұғалім ___ деп мақтаған.
2. Мені мыналардан ____ өлтіретін болды ғой.
3. Күшікті ______ Мұхтар қуанышты.
4. Анасының жүзі жылып, ______ қарайды.
5. Әрине, әр кез солай _____ бол!
6. Өйтпесіңе сенем, жаным… деп, – ___ бетінен сүйді.
Тәртіпті, таза; құтқарсайшы; құтқарғанына; мейірлене; қайырымды;
баласының.
Сабақ қорыту. Бағалау
Үйге тапсырма. Мазмұнын айту
Достарыңызбен бөлісу: |