Сабақтың тақырыбы: «Айнымалылар типтері. Программа құрылымы»



Дата21.04.2017
өлшемі0,61 Mb.
#14190
түріСабақ



Жамбыл Жабаев атындағы

4 мектеп-гимназиясы


Келісемін: ________ Бекітемін: _______________

Директордың ғылыми-әдістемелік Мектеп директоры:

жөніндегі орынбасары: Ж.Ө.Жұмабекова Б.С.Сыздыкова
Сабақтың тақырыбы:
«Айнымалылар типтері. Программа құрылымы»
(Қалалық әдістемелік семинар)

7 «М» сыныбы

Пән мұғалімі: Жасуланова Г.Т
Астана - 2013
Сынып: 7 «М»

Сабақ тақырыбы:«Айнымалылар типтері. Программа құрылымы».
Сабақтың мақсаты:Айнымалылар атауы, типі, мәні, программаның құрылымы туралы түсінік беру;
Білімділік:Айнымалылар типтері, программа құрылымы туралы біліктіліктерін қалыптастыру, тақырыпты меңгерту.

Дамытушылық:Логикалық ойлап, өзіндік жұмыспен айналысуын, қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты:Ұқыптылыққа, аңғарымпаздылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақтың типі: дәстүрлі емессабаққа қажетті құрал-жабдықтар:

компьютерлер; интерактивті тақта;бақылау сұрақтары бар парақшалар; <Приложение5>таратпа материалдары;флипчарт саяхат; <Приложение2>



презентация “ Айнымалыларға саяхат ” <Приложение1>жетондар.
Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасып түгендеу және оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын сұрау
    Эрудит аралы/Үй тапсырмасын орындау/

  3. Жаңа сабақ /Жаңа аралға саяхат/

  4. Жаңа сабақты бекіту /Жаттығу аралы/

  5. Үй тапсырмасы, бағалау, Рефлексия (өзін-өзі бағалау)./ Сергіту аралы/


Қатысушылар 2 қомандаға бөлінеді.
Қатысушыларды екі топқа бөліп алғанымен жеке сұраққа есептерді жеке орындайды. саяхат сабағының барысымен таныстырамыз үй тапсырмасын сұраймыз. Ол үшін біз балалар, Эрудит аралына жету үшін сұрақтарға жауап беруіміз қажет. Егер сұрақтардан қиналып қалған жағдайда топ мүшелері бір-бірімізге көмектесеміз.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың аты: “Айнымалылырға саяхат”.
1 презентация “Айнымалылырға саяхат”.ppt көрсетіледі.
(<Приложение1>)

Біздің саяхатымыз төрт аралдан өтеді. Әр аралда біз күтпеген көптеген жаттығулар мен сұрақтар кездеседі.Әрбір дұрыс жауаптарға сіздер жетондар мен балдар алып отырасыздар.Жиналған ұпай санымен команда ұтады да жеңімпаз деп аталады.


Мен сіздерге сәттілік тілей отырып, саяхаттарыңызда бағыттас көмекші жел болсын дегім келеді.

II. Саяхаттауға шығу<Приложение2>


І. Эрудит аралы

Ең бірінші біз келіп түсетін аралдың аты Эрудит аралы деп аталады.


Бұл аралда екі тапсырманы орындауға тура келеді. Қай топ бірінші бастайтындығын біліп алу үшін тиын лақтырамыз /оның бір жағында І топ, ал екінші жағында ІІ топ деген жазу бар қай топ жазуы түссе сол топ бастайды/ Әр топ мына сұрақтарға жауап берулері тиіс.
тапсырма 1.Алгоритм әрекеттерін ретімен жаз:

Бауырсақ пісіру алгоритімі



1.Ұнға май, жұмыртқа, сүтті қосамын

2. Ұнды ыдысқа салып алдым.

3. Барлығын араластырдым.

4. Қазанға май құйып, оны отқа қойдым.

5. Дүкеннен ұн, жұмыртқа, сүт, ашытқы сатып алдым.

6. Қамырды дайындап бетін жауып қойдым.

7. Ыдысқа қамырды салып майға пісіреміз.

8. Ашыған қамыр дайын болса, оқтаумен жаямыз

9. Ашытқы қосамын

/5,2,1,9,3,6,8,4,7/



Сұрқтарға жауап беру:

Алгоритм сөзі қайдан шыққан? /алгоритм сөзі ІХ ғасырдағы араб математигінің Әл-Хорезмидің құрметіне қойылған/

Алгоритмнің графикалық тұрғыда көрсетілуін ....? /блок- схема деп атаймыз./

div — бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөлiндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 = 3.

mod — қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін қалдықты табу), 10 mod 3 = 1

27 div 5 = 5

36 div 7 = 5

63 mod 8 = 7

45 mod 8 = 5



<Приложение2>Жаңа аралы мұнда жаңа сабақ түсіндіріледі.




Паскаль тілінің объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары жатады.

Айнымалылар- деп программаның орындалу барысында әртүрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар атаулармен белгіленіп, әр уақытта әртүрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылар атауы сипаттайтын бөлімінде var түйінді сөзімен басталадыда, атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі.


Айнымалылар типтері мынадай болып бөлінеді : бүтін сан (integer), нақты сан (real), тіркестік (string), мәтіндік(text), логикалық (Boolean)және сhar (символдық) ;

<Приложение2>



Типі

Мүмкіндігі

Жадыда алатын көлемі,байт

Integer

Бүтін сандар -32768 --- 32767

2 байт

Real

Нақты ондық сандар 2.9e-39..1.7e38

6 байт

String

Символдық тіркестік

1 байт әр символға

Char

Символдар 'а',  '4',  '+', '-', символ коды #126

1 байт әр символға

Boolean

Логикалық мәні True (ақиқат) немесеFalse (жалған)

8 байтов


Жазылу түрі (пішімі):
var <идентификатор> : <тип>;
мысалы:var A, B:integer;

Sum, Baga: real;
Паскаль программасында әр қашан program түйінді сөзінен басталып жазылады.


1. тақырып

program атау;

2. сипаттау бөлімі

Var<идентификатор>: <тип>;

3. операторлар бөлімі

begin

операторлар;

end.


<Приложение7>

мысалы:

Program esep1;

vara,b,c:real;

Begin


write('екисандыенгиз');

read (a,b);

c:=a+b;

write('c=',c:4:2);



end.
Тапсырма 2. «Мына мәндерге қажетті тип атауларын орналастырыңыз»

мәні

типі

Үй ішіндегі пәтер саны

Integer (бүтін)

Айлардың атауы

String (тіркестік)

Қаланың атауы

String (тіркестік)

Арифметикалық белгі

сhar (символдық)

Р санының мәні

real (нақты сан) 3,14

Жердің массасы

real (нақты сан) 6,3*108кг

‘информатика’сөзі

String (тіркестік)

<Приложение2>

Тапсырма 3. «Айнымалының типін көретіңіз»

I

a:=3.5 (real)

b:=8 (Integer)

c:=a*a (real)

d:=a+b (real)
II
a:=5.5 (real)

b:=7 (Integer)

c:=b*b (Integer)

d:=a/b (real)



Тапсырма 4. «Айнымалының типін, атауын көретіңіз»

x:=8


y:=6.8

d:=x+y


Тапсырма 5. «Берілген формуланы Pascal тіліне келтіру»

х2sgr(x)



Тапсырма 6. «Pascal тілінен формуланы математикалық түрге келтіру келтіру»

1+sqr(sin((x+y)/2))  -   


<Приложение2>

Оқушылар компьютерге отырып тапсырмаларды өздері орындайды.<Приложение8><Приложение3>

<Приложение4> Әрбір орындаға оқушыға бір жетоннан беріліп отырады



Сабақты бекіту:

Тапсырма 1. “Сұрақтарға жауап беру”.

Айнымалылар - деп программаның орындалу барысында әртүрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады

Айнымалылар атауы сипаттау бөлімінде қай түйінді сөзден кейін орналасадыVar



Үйге тапсырма:

Айнымалылар типін жаттау

Тип пен мәнді ажырата біліңдер

мәні




Типі

Ғимараттың биіктігі




Ғимараттағы қабат саны




Командадағы ойыншылар саны




Адамның температурасы




Ағаштың түрінің атауы




Авто көліктің жылдамдығы




Фильм атауы

























Бағалау

<Приложение2>

V. Рефлексия (өзін өзі бағалау).



Бүгін әрқайсымыз өз бағамызды жоғарлату үшін көптеген тер төктік. Енді айнымалылар аралына жету барысында біз көптеген жетондар жинадық жинаған жетондарымызды санайық. Жетонды ең көп жинаған үздік капитан атанады, ал одан кейінгі капитен орынбасарлары етіп тағайындалады.Бүгінгі сабақты өткізе отырып мен көрмей, байқамай қалған қызықтар болар немесе айтылмай қалған кемшіліктер болар. Саяхат жасағандағы жеткен табыстарыңмен жетістіктерінді маған қағаз бетіне шығарып көрсетіп берсеңдер дұрыс болар еді.



Рефлексия
Сабақтағы өз жетістіктеріңді бағалаңдар. (ұнаған смайликке «+» немесе өз смайликтеріңе ұсыныстарынды жазыңыздар)


Аты-жөнің

Мен ойлаймын өз жұмысымды орындап мақсатыма жеттім деп


Мен қанағатанарлықтай орындадым жақсы етіп орындауға болар еді


Мен мүлде

қанағаттанбай отырмын өз ісіме


 

 

 


 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет