Сабақтың тақырыбы:
Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала» повесіндегі
кейіпкер бейнесі
Сабақтың мақсаты:
7.2.2.1. Көркем шығармадағы образдың жасалу тәсілдерін талдау
7.3.1.1. Көркем шығарманың тақырыбын мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығын бағалау
Үй тапсырмасы: «Сөздікпен жұмыс» кестесі (партизан, фашист, тыл, эшелон, казарма, нар, шеп, комендант, комиссар, коммунист, мосқал, қарғыбау сөздерінің мәнін ашу)
Ықтимал жауап:
Тұжырым: Оқушылар әр сөздің мағынасын аша отырып, мәнін ұғынуға талпынады, өмірде қандай мақсатта қолданатынын айта отырып, өз пайымдарын жасайды.
|
Сөз және сөз тіркесі
|
Мағынасы
|
Шығармадан мысал келтіру
|
Өмірде қалай қолданамын
|
1
|
Эшелон
|
Әскерді, көпшілікті көшіруге арналған поезд
|
Эшелон жай жылжып келеді
|
Болашақта әскерге барғанда қолданамын, бірақ оны эшелон деп атамасам да, оның мағынасын түсіне алдым
|
Бірінші тапсырма. Шығарма кейіпкерлеріне образдық талдау жасау ұсынылады.
Критерий: Кейіпкерлерге образдық талдау жасайды
Дескрипторлар:
1. Әдеби тек тұрғысынан талдау жасайды;
2. Көркемдік әдіс тұрғысынан талдау жасайды;
3. Жасалу жолына қарай талдау жасайды.
Ықтимал жауап:
Ықтимал кері байланыс: - Жазира, образды жақсы ашқансың, дәлелдерің жүйелі, ойың нақты, талдауың ашылған. Болашақта сенен үлкен үміт күтемін.
Достарыңызбен бөлісу: |