Математика
2-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Есепті әртүрлі тәсілмен шығару, кестелік қосу және азайтуды тиянақтау.
Б)Дамытушылық: Амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандырып, кестеден тыс жағдайларда ауызша қосуға және азайтуға байланысты біліктерін, геометриялық фигуралар жайлы түсінікті қалыптастыру.
В) Тәрбиелік: оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттырып, ұқыптылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.
1) Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
2) Сабақтың ұйымдастыру түрі: білім- біліктерін тиянақтау арқылы өткен сабақтарды қайталау сабағы
3) Сабақтың көрнекілігі: Кезеңдер, жұмыс дәптері, шығармашылық жұмыс, тест тапсырмалар, үлестірме фигуралар, интнрактивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық жүргізу. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
Біз білгендерімізді көрсете білу үшін, өзімізді сабақ барысында қалай ұстауымыз керек балалар?
Ынталы, байқампаз, ұқыпты, көреген, сыныптас достарымызға көмектесе білуіміз керек.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Оқушылардың бұрын білетіндерін орындауларын тексеру. Іс–әрекеттегі кемшіліктерді анықтау. (1-слайд)
Оқушының субъекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі:
Қызығушылықты ояту
Математикалық диктант (2-слайд)
3 – 2=1
|
5 – 3=2
|
2+1=3
|
7 – 3=4
|
2+3=5
|
16 – 10=6
|
15 – 8=7
|
2+6=8
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|