Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау. Өздік жұмыс
Сабақтың мақсаты: балалардың көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу мен көбейту алгоритмі; әрбір өткен шама бірліктерінің арақатынасы туралы білімін; алған білімді есепті шешу барысында, тіктөртбұрыштардың периметрі мен ауданын табу қабілетін тексеру.
Сабақтың барысы:
Мұғалім қайталау сабақтарын бақылау жұмысында кеткен қателерді есепке ала отырып ұйымдастырады.
№3. Сызба бойынша өрнек құрастырып, ондағы амалдардың ретін анықтайды.
Мынадай өрнек шығады:
(32•23 + 1000) – (140 – 695 : 5) – (7389 : 3 : 3)
№8 Есепті шығару үшін шартты белгілер мен кестелерді пайдаланыңыз.
Назым (Н), Тоғжан (Т), Мұрат (М), пен Серікті (С) бір ұл, бір қыздан кезектестіріріп отырғызу қажет. Оны қалай істейміз? Олардың аттарының бас әріптерін пайдалана отырып, жауаптың барлық нұсқасын жазыңдар.
Н
|
М
|
Т
|
С
|
|
Т
|
|
|
|
|
М
|
|
|
|
|
С
|
|
|
|
қ
|
ұ
|
қ
|
ұ
|
|
қ
|
|
|
|
|
ұ
|
қ
|
ұ
|
қ
|
|
ұ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Н
|
|
|
|
|
Т
|
|
|
|
|
М
|
|
|
|
|
С
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың тақырыбы: Артынан қуып жету қозғалысына берілген есептер.
Сабақтың мақсаты: балаларды қуып жету қозғалысына берліген есептің жаңа түрімен таныстыру; бір бағыттағы қозғалыс кезіндегі жақындау жылдамдығы туралы түсініктерін қалыптастыру; қозғалысқа берілген есептерді шығару, дағдыларын бекіту.
Сабақтың барысы:
Тірек білімін, білік, дағдыларын жетілдіру.
№1 тапсырманы орындау.
Математикалық диктант үшін тексеруге арналған дәптерді пайдалаңыз.
Амалдарды орындап, сызба бойынша өрнек жаз.
Қашықтықты табуға арналған 2 жай есепті шығарыңдар.
Мысалы:
Жылжып келе жатқан нысан
|
Жылдамдық
|
Уақыт
|
Қашықтық
|
Оқушы
|
110 м/мин
|
10 мин
|
?
|
Әжей
|
60 м/мин
|
10 мин
|
?
|
Кімнің жылдамдығы жоғары?
10 мин ішінде олардың қайсысы үлкен қашықтықты жүріп өтеді? Неліктен?
Жаңа материалмен танысуды оқулықтағы материал бойынша (№1) жүргізуге болады немесе соған ұқсас емеп беріледі.
Оқушылар мынадай есепті тұңғыш рет кездестіріп отыр және балалардың арасынан тғырықтан шығар жолды көрсететін бірде-бір оқушы табылмауы да мүмкін.
Сызбаны тақтаға орындаңыз. Түзу сызық бойынан екі нүкте белгілеп алыңыз (мектеп пен үй) және екеуінің арақашықтығын 200 м деп белгілеңіз (кімнің жылдамдығы жоғары болса соның тұсындағы бағыт сызығы ұзынырақ болады). Олардың әрқайсысы 1 минутта жүріп өтетін қашықтық – кесінділерді көрсетіп отырыңыз.
Мектеп пен үйдің арақашытығы200 м. Бір мезгілде оқушы мектептен, ал әжей үйден шықты. Олар бір бағытқа қарай қозғалып келед. Оқушының жылдамдығы минутына 110 м/мин, ал әжейдің жылдамдығы 60 м/мин. Сызбаны қарап шық және кестені толтыр.
Қозғалыс уақыты
|
1 мин
|
2 мин
|
3 мин
|
4 мин
|
Жаяу жүргіншілер арасындағы қашықтық
|
|
|
|
|
Арадағы қашықтық әр минут сайын неше метрге қысқарып отырады? Оқушы қанша уақыттан кейін әжейді қуып жетеді?
Осылайша сіз оқушыларға жақындау жылдамдығын табу қажеттігін түсіндіресіз.
110-60=50 (м/мин) – оқушы мен әжейдің жақындау жылдамдығы.
Оқушы әжейді қуып жетуі үшін екеінің арасындағы бастапқы 200 м қашықтықты жүріп өтуі тиіс. 200:50=4 (мин)
Бастапқы бекіту №3. Есепті түсіндіре отырып шығарыңыз.
120-100=20 (м/мин) – балалардың бір-біріне жақындау жылдамдығы.
160:20=8 (м/мин) – Әлібекті қуып жету үшін Мұратқа осынша уақыт қажет.
Өрнек түрінде: 160: (120-100)=8 (мин).
120 м/мин 100 м/мин Мектеп
М. үйі 160 м Ә. Үйі
Алдымен тақтаға жылдамдық пен қашықтық туралы анықтамалық мағлұматтарды жазып алыңыз. Содан соң балаларға осыған ұқсас есептер құрастыруды тапсырыңыз. Бұл есепте көрнекі құралдардың көмегі зоор. Екі ойыншық, машина (немесе суреттерін), үйдің, мектеп пен дүкеннің суреттерін ала келіңіз. Есепте берілген жағдайды осылайша балалардыңкөз алдына елестетуге жағдай жасаңыз.
Өткен материалмен жұмыс.
5-7 есептерді сыныпта және үйде орындалатын өзіндік жұмыс қатарына енгізіңіз. №4 теңдеуді нұсқа бойынша орындатуға болады.
№8 комбинаторлық есеп балаларға жақсы таныс және олар бұндай есептерді өз бетінше орындай алады. Олардан жауаптың сынша көп нұсқасын қалай реттеуге болатынын түсіндіріп беруді сұраңыз.
Сенбі күні 4-сыныпта үш сабақ болады: математика (М), дүниетану пәні (Д) мен қазақ тілі (Қ). Сабақ кестесінің неше нұсқасын жасауға болады?
Таңдау тәсілімен шығар.
М
|
Д
|
Қ
|
|
М
|
Қ
|
Д
|
Д
|
Қ
|
М
|
|
Д
|
М
|
Қ
|
Қ
|
М
|
Д
|
|
Қ
|
Д
|
М
|
Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа берілген есептерді шығару.
Сабақтың мақсаты: жаңа есеп түрлерін шығару (қуып жету қозғалысына) қабілетін бекіту, өзара кері есептер құрастыруа көрсетіп беру; есептеу дағдысын жетілдіру.
Сабақтың барысы: Тірек білік, дағдыларын жетілдіру.
Ауызша тапсырмаға жаңа есеп түрлерін шығартуды қосуға болады. А және Б ауылдарының арақашықтығы 120км. Бір уақытта А ауылынан сағатына 80км жылдамдықпен жеңіл көлік, ал Б ауылынан сағатына 60км жылдамдықпен жүк көлігі шықты. Жеңіл машина неше сағаттан кейін жүк көлігіне жетеді:
80км/сағ 60км/сағ
• • •
А 40км Б t кезд. -? сағ
80 – 60 = 20км/сағ – жақындау жылдамдығы
120 : 20 = 6 сағ – осынша уақыттан кейін жеңіл көлік жүк көлігіне жетеді.
Өрнек түрінде: 120 : (80 - 60)= 6 (сағ)
Кері есептермен танысу.
Алдыңғы сабақтарда балалар жалжып келе жатқан бір нысанның екіншісін қуып жетуіне қажетті уақытты табуға арналған есептерді шығарды. Сондықтан бүгінгі сабақта балаларды кері есептермен таныстыру қажет.
Ол үшін №1 есептің а, ә, б нұсқаларын сыныппен бірге шығарыңыз. Сызба мен оның астына жазылған жауап тақтадан өшірілмейді. Есепті шешу барысында балалар бұл есептерде ненің өзгергенін атап көрсетеді және осы өзара кері есеп туралы қорытынды жасайды.
175 – 75= 100(м/мин) – жақындау жылдамдығы.
200 : 100 = 2 (мин) – Болаттың Жарқынды қуып жететін уақыты
Өрнек түрінде: 200 : ( 175 – 75) = 2 (мин)
1. 175•2 = 350 (м) – Болат 2 минутта осынша жол жүріп өтті.
2. 350 – 200 = 150(м) – Жарқынның жүрген жолы.
3. 150: 2 = 75 (м/мин) – Жарқынның жылдамдығы
1. 175 – 75 = 100 (м/мин) – жақындау жылдамдығы
2.100•2=200 м – бастапқы қашықтық (үйлердің арасындағы қашықтық).
«Тағы да кері есеп бар ма?» деген сұраққа жауап іздеу.
Достарыңызбен бөлісу: |