Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және есептерді теңдеу құру арқылы шығару
Сабақтың мақсаты: балалардың есептерді арифметикалық және теңдеу құру арқылы (алгебралық) шығару сияқты тәсілдері жөніндегі білімдерін қорыту; есептеу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың барысы
Ауызша орындалатын жұмысқа мына кестені қосуға болады:
Кейінгі сан
|
|
|
|
|
Сан
|
14 999
|
916 001
|
|
9 999 999
|
Алдыңғы сан
|
|
|
999 999
|
|
№1 - уақытты белгілеп алып, есептеуден жарыс өткізу.
№2 - қозғалысқа берілген есептерді теңдеу құру арқылы шешу (бұл тәсілмен балалар тұңғыш рет кездесіп отыр). Теңдеу құру арқылы есепті шығару ережесімен таныстыру.
Сызбада белгісіз санды х деп белгілеңіз (ол үшін есептің сұрағын оқыңыз).
Есептің шарты бойынша өрнек кұрастыр.
Есептің шарты бойынша тура теңдік құр.
Алынған теңдеуді шешіп, дұрыс-бұрыстығын тексер.
а) Қала мен ауылдың арасы 210 км. Студент қаладан ауылға қайтты. Алдымен ол автобусқа мінді, автобус сағатына 50 км жылдамдықпен жүрді. Содан соң ол жолдың 60 км-і қалғанда жеңіл көлікке мінді. Студент автобуспен қанша уақыт жүрді?
Теңдеу құру: 50 • х + 60 = 210
ә) Қала мен ауылдың арасы 210 км. Қаладан ауылға жету үшін студент автобуспен 3 сағат жүрді. Автобустың жылдамдығы сағатына 50 км. Кейін ол жеңіл көлікке мінді. Ол қанша қашықтықты жеңіл көлікпен жүріп өтті?
Теңдеу құру: 50 • 6 + х - 210
№3 есепке нұсқау. Есепті оқып шыққаннан кейін сұрақты белгілеп, белгісіз шаманы х деп белгілеңдер. Сосын есеп шартын тағы бір рет оқып шығып, өрнек пен теңдік құрыңдар.
х - дүкен
150 : х - бірнеше дүкенге әкелінді
20 + 30 - бірінші дүкенге әкелінді
150 : х = 20 + 30
№8 есепке нұсқау. Былайша талдаймыз:
2 + 5 = 7 (л) - құйып алынды
37 - 7 = 30 (л) - екі бидонда қалды
30 : 2 = 15 (л) - әр бидонда қалды
15 + 2 = 17 (л) - 1 бидонда болды
15 + 5 = 20 (л) - 2 бидонда болды
Тексеру: 20 + 17 = 37 (л)
Дайын жауапты бірден бермеңіз. Олардың ойланып, өз шешімдерін айтуына мүмкіндік беріңіз. «Біз бидондардан неше литр сүт құйып алынғанын анықтай аламыз ба?», «Олардың ішінде жалпы қанша литр сүт қалғанын біле аламыз ба?» деген сияқты жетекші сұрақтар қойыңыз. Содан соң балаларға тағы да ойлануға мұрсат беріңіз.
Оқулықтағы қалған есептерді мұғалім өз қалауынша пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |