Өткен материалдармен жұмыс. №4-7 тапсырмаларды үйде және сыныпта өзіміз қалаған тәртәп бойынша шешуге болады.. №7 тапсырманың жартысын немесе нұсқа бойынша орындату.
№8 тапсырмада өлшей отырып, фигураның боялған бөлігінің ауданын табады. Фигураның боялған бөлігі оның жалпы көлемінің қанша бөлігін алып жатыр?
Балалар боялған жасыл үшбұрыш АВСD тіктөртбұрышының жалпы ауданының жартысын алып жатқанына көз жеткізеді. Ал сары түсті үшбұрыш екі бөліктен тұрады.: PKSN шаршысының ауданының жартысы мен тік бұрышты үшбұрыш ( ені NM, ұзындығы NK болатын тіктөртбұрыш ауданының жартысы) . Бұны тіктөртбұрышты пунктирмен жалғастырып салу арқылы көрсетуге болады.
Егер сіздің сыныптағы балалар мұндай тапсырмаларды орындай алмаса, оны практикалық жұмыс арқылы түсіңдіріңіз. Бұл фигураларды бөліктерге бөліп, сол бөліктерге бөліп, сол бөліктерден осы фигураларды құрастырып көрсетіңіз.