Оқушылар қолданады: мембрана арқылы заттар тасымалдануының әртүрлі типті қызметтерін сипаттай алады.Белсенді және енжар тасымал кезінде энерегияның түрленетінін анықтай алады.
Пәнге қатысты терминдер мен негізгі сөзтіркестері:фагоцитоз,пиноцитоз,осмос,диффузия,жасуша мембранасы,белсенді тасымал, енжар тасымал.
Талқылауға арналған тармақтар:Бірде-бір биологиялық жүйе,жеке жасуша,мүше немесе ағза ...үдерісі болмаса тіршілік ете алмайды.Тіршіліктің ең кіші өлшем бірлігі...табылады...қоршаған ортадан бөліп тұратын шегара болып табылады,ол заттардың түсуіне және шығарылуына жауап береді.Мембрана арқылы...,...,...,...,өтеді.Мембрананың электр заряды...екенін білдіретін белгі.Жасуша энергияны...жұмсайды,белсенді тасымалға....мен ...келтіруге болады.Фагоцитоз дегеніміз...
Құндылықтарға баулу
Оқу тапсырмасын орындау кезінде өзін бақылауда және жауапкершілікте ұстай білуі дамытылады
Жазбаша жұмыстар арқылы жұмыстану кезінде өзін-өзі реттей білу қасиеттері дамытылады
Жеке жұмыс кезіндеөзіне деген сенімділік,өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.
Топтық жұмыс кезіндеортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу,өз оқуына жауапкершілікпен қарау,сынға алу,ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады
Пән аралық байланыс
Nа+,К+ иондары мысалында -химия,
Диффузия құбылысымен байланысты -физика
Алдыңғы білім
7-сынып Тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалының маңызын біледі
8-сынып Қан құрамы мен қызметінің сипаттамасын біледі