Сабақтың тақырыбы: Қалада. Ауыспалы осы шақ Сабақтың мақсаты: оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру



бет1/3
Дата13.08.2017
өлшемі1,85 Mb.
#23653
түріСабақ
  1   2   3
Класс: 4 «Д», «Г»

Күні: 03.04.17ж

Сабақтың тақырыбы: Қалада.Ауыспалы осы шақ

Сабақтың мақсаты: оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың міндеттері: а)білімділік –тақырыпқа байлынысты тірек – сөздерді естеріне түсіру, білімін тереңдету.

Дамытушылық: сөздерді және сөйлемдерді дұрыс оқып, мағынасын ұғына білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, кесте- сызбалар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.1.Ой шақыру.

Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

1.Сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?

2.Бүгін неше сабақ болады?

3.Бірінші Сабақ қандай?

4.Төртінші сабақ қандай?

5.Сыныпта неше оқушы бар?

1.2.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІ.Жаңа сабақ:

1)Сабақтың мақсатын хабарлау

2)Сабақтың тақырыбын тақтаға жазу

Сөздікпен жұмыс

1)Жаңа сөздермен таныстыру

2)Оқушыларға жаңа сөздерді тізбектеп оқыту.

3)Әртүрлі әдіс тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
1-тапсырма. Мәтінді оқы,аудар.

Мынау-қала. Қалада көше, алаң, дүкен, автобус, мектеп бар. Қаланың көшелері кең. Көше бойымен әдемі ғимараттар, биік үйлер, жарық шамдар, дүкендер, мұражайлар орналасқан. Әр түрлі жарнамаларды да көруге болады. Көшеде автобустар, трамвайлар, троллейбустар жүреді. Бұл – үлкен қала.
3-тапсырма . Сөйлемдерді жаз.

Семей - үлкен ---------- . Қаланың ------------- мектептер, ғимараттар, мұражайлар бар. Көшелері ------ және ----- . Мен ------------- көшесінде тұрамын.
5-тапсырма. Сөйлем құрап үйрен.

1.Қала.

2.Үлкен қала

3. Семей -үлкен қала.

4. Біз Семей қаласында тұрамыз.

Сабақты қорытындылау:

-балалар, бүгінгі сабағымызда не жайында өттік?

-нені білдіңдер?

Үйге тапсырма беру: 6-тапсырма

Бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай бағалау



Класс: 4 «Д»

Күні: 04.04.16ж

Сабақтың тақырыбы: Л/т: Әуежайда

Г/т:Ауыспалы осы шақ



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру, тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың тыңдалым, айтылым әрекеттерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

а) білімділік – модуль бойынша оқушылардың алған білімдерін бақылау. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданылуын тексеру. Білім сапасына көңіл бөлу. Деңгейлік тапсырмалар орындату.

б)тәрбиелік – тақырып бойынша жол жүру мәдениетіне тәрбиелеу.

в) дамытушылық –байланыстырып сөйлеу дағыдыларын тақырып бойынша дамыту. Сөздік қорын байыту.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері: түсіндіру, сұрақ –жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, кеспе қағаздары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1)Оқушылармен амандасу

2)Класты түгендеу

3)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Жаңа сабаққа көшу.

1)Сабақтың мақсатын хабарлау

2)Сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.

-бүгін қандай күн?

-жылдың қай мезгілі?

-көктем айларын ата.

Сөздікпен жұмыс:

1)Жаңа сөздермен оқушыларды таныстыру.

2)Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

3)Берілген жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастыру.

4)Әртүрлі әдіс –тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

Ұшқыш – лётчик

Болғым келеді – хочу стать

Ол үшін – для этого

Жүк ұшағы –грузовой самолёт

Оқу керек – нужно учиться

Әскери тікұшақ – военный вертолёт

Тапсырмалармен жұмыс:

1-тапсырма. Тақырып бойынша берілген суретпен жұмыс. Жаңа сөздермен сөз тіркесін жасап, тақырып бойынша қосымша жұмыс жасау.

Бұл –Астана әуежайы.


2-тапсырма. Тақырып бойынша берілген мәтінмен жұмыс.

Менің әкем –ұшқыш. Шешем –стюардесса. Олар әуежайда жұмыс істейді. Әуежай қаланың қасында. Әуежайда үлкен ұшақтар, тікұшақтар, жүк ұшақтары, әскери ұшақтар бар. Менің де ұшқыш болғым келеді. Ол үшін жақсы оқу керек.



«Әкем», «шешем» сөздерін тәуелдеу.

Сергіту сәті.

3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастыру.

Мәскеуге де ұшамыз,

Тәшкенге де ұшамыз.

Туваға да ұшамыз,

Кубаға да ұашмыз.

Ұшақпенен балалар,

Жердің жүзін аралар.

Құтты болсын мереке,

Батыр ұшқыш ағалар.

4-тапсырма. Тапсырмада берілген диалог арқылы оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін іске қосу. Жұмысты жұптық тапсырма ретінде орындату.

6-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз.

Астанада үлкен ... бар. Әуежайда ... отыр. Әуежайдың ішінде ... бар. Әкем ... билет сатып алды. Мен әуежайдан ... ұшамын. Біз Алматы ... ұшып келдік.


Сабақты қорытындылау:

-балалар, бүгінгі сабағымызда не жайында өттік?

- нені білдіңдер?

Бағалау: Оқушылардың жауаптарныа қарай бағалау.

Үйге тапсырма беру:5-тапсырма.

Күні: 04.04.2017ж

Класс: 4 «Г», «Д»

Сабақтың тақырыбы: «Вокзалда»
Сабақтың мақсаты:
білімділік:
сабақ барысында сөйлесу арқылы дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс және анық айтуға машықтандыру; өз ойларын сауатты жазуға үйрету; көмекші есімдерді дұрыс пайдалану;
дамытушылық: тақырып бойынша әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы балалардың диалог және монолог түрінде сөйлеу тілін дамыту;
тәрбиелік: елін, жерін сүюге, құрметтеуге үйрету.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: тыңдалым, айтылым, сөйлесім, оқылым, жазылым, түсіндіру, суретпен, оқулықпен жұмыс, топтық, өзара жұмыс, шығармашылық жұмыстар, үлестірмелі кәртішкелер.
Жаңа сөздер: темір жол, жолаушы, жолсерік, жүк қоймасы, жүк вагоны, пойыздардың жүру кестесі, жүрдек пойыз.
Қайталайтын сөздер: алдында, артында, астында, жанында, ішінде.
Сабақтың материалдық, техникалық жабдықтары: оқулық, сурет – «Вокзалда»
Сабақтың мазмұны мен жүрісі.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
оқушыларды түгендеу;
оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ-жауап арқылы
- Біздің қаламызда нелер бар?
- Театрлар, сурет көрмесі, саябақтар, стадиондар.
- Грамматикадан нені қайталадық?
- Тәуелдік жалғауларын және көмекші есімдерді.
- Ендеше, бүгін біз жаңа тақырыппен танысайық

сөздерді аударыңдар

Жол – дорога
жолдас – товарищ
жол жүру – поехать
жолға шығару – провожать
жолға шығу – выехать
жол полициясы – дорожная полиция

ІІІ. Жоспар бойынша жаңа материалды баяндау.
1. Суретпен жұмыс.
- Балалар, тақтада ілінген суреттерге назар аударыңдар. Бұл суреттерде не бейнеленген? (Петропавл, Астана, Алматы қалалар вокзалдарының фотосуреттері)

- Бұл суреттерде вокзал бейнеленген.


- Дұрыс. Сонда біздің тақырыбымыз не туралы? Сендер қалай ойлайсыңдар?
- Вокзал туралы.
- Бұл қандай вокзал?
- Бұл железнодорожный вокзал.
- Иә, дұрыс. Осы тақырыпқа сай қандай сөздер керек? Орысша айту.
- Железная дорога, пассажиры, проводник, багаж, багажный вагон, расписание поездов.
2. Сөздікпен жұмыс. (сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға дағдыландыру)
а) мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды.
• Темір жол – железная дорога
• Жолсерік – проводник
• Жолаушы – пассажир
• Жүк вагоны – багажный вагон
• Жүк қоймасы – багажное отделение
• Пойыздардың жүру кестесі – расписание поездов
Жүрдек пойыз – скорый поезд.

б) оқушылар дауыстап қайталайды.

3. Сурет бойынша жұмыс.
Тақтадағы суретті пайдаланып, сөздердің мағынасын түсіндіру, сөзбен айту. (суреттерде вокзал, перрон, жолсерік, жүк пойызы)

IV. Бекіту. (оқушыларды флипчарта жұмыс істеткізу)


1. Сөздерді орыc тіліне аудару.
Жол, темір жол, жолдас, жолсерік, жолаушы, жолға шықты, жолың болсын.

Жүру, жолға жүру, пойыздардың жүру кестесі, жүрдек пойыз.

Жүк, жүк вагоны, жүк қоймасы, жүк сақтайтын бөлмесі.

2. Сөздерді суреттермен салыстыру.


3. Көмекші сөздерді қайталау.
(алдында, артында, жанында, ішінде, сыртында, үстінде)
4. Көмекші сөздерді берілген сөздермен салыстыру.
Вокзалдың ішінде Вокзалдың артында
Жүрдек пойыз жүк вагоны жолаушылар билет касса
жүрдек поыз пойыздардың жол жүру кестесі
темір жол жолсерік жүк қоймасы перрон
5. Көмекші сөздерді қолданып көп нүктенің орнына жазу.
Біздің қалада темір жол вокзалы бар. Вокзалдың ... кассалар, дәріхана, асхана, шағын дүкендері бар. Вокзалдың ... жолаушылар тұр. Вокзалдың ... жүрдек пойыз тұр.

6. Тәуелдік жалғаулары еске алу тапсырмасы.


Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңдар.
Он стоит за мной.
Багаж стоит перед вагоном.
Я сяду возле Вас.
Возле тебя есть место?

V. Пысықтау.


1. Сұрақтармен жұмыс.
- Біздің қалада вокзал бар ма?
- Вокзалдан пойыздар қандай қалаларға жол жүреді?
- Пойыздардың жол жүру кестесі қайда ілулі тұр?
- Жүк сақтайтын бөлмесі бар ма?

2. Мәтінмен жұмыс. Оқу, аудару.


Вокзалда адамдар көп. Жолаушылар вокзалдың ішінде жүр, кассаның алдында, перронда тұр.
Біз бүгін Астанаға жол жүреміз. Кеше кассадан билет сатып алдық.
Вагонның жанында жолсерік тұр. Ол біздің билеттерімізді тексерді. Біздің жанымызда жолаушылар көп. Вагонның ішінде де жолаушылар жүр.

VІ. Қорытынды.


- Әр қалада нелер бар?
- Вокзалдың ішінде, жанында, артында кімдер бар?
- Вокзалдың ішінде, жанында, артында нелер бар?
- Вокзал не үшін керек?
- Сендер вокзалдан пойызбен басқа қалаларға бардыңдар ма?

VІІ. Үй тапсырмасы.

1. Жаңа сөздерді жаттап, оларды қолданып, барған қала туралы сөйлемдер құрастырыңдар.
2. Жаңа сөздерді жаттап, оларды қолданып, барған қала туралы диалог құрастырыңдар.
3. Жаңа сөздерді жаттап, оларды қолданып, барған қала туралы шағын әңгіме құрастырыңдар.

Күні: 06.04.2017ж

Класс: 4 «Г», «Д»

Сабақтың тақырыбы: Қуыршақ театрында. 4сынып.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Қуыршақ театры туралы түсінік беру;Оның балалар үшін атқаратын рөлі туралы айта отырып, жаңа сөздер арқылы тілдерін әңгімелеуге жаттықтыру.

Дамытушылық: сөздік қорын байыту; оларды ауызекі тілде қолдана отырып, қазақша сөйлей алу дағдысын қалыптастыру.Қазақ тіліне тән дыбыстарға көңіл бөлу, дұрыс айтқызуға тілдерін жаттықтыру.

Тәрбиелік: Қазақ ертегілеріне сүйіспеншілік тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а)Сәлемдесу.

ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

б) Оқушыларды сабаққа жұмылдыру.

Шаттық шеңберін құру.

Амансың ба,алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба,достарым!

Сабағымызды бастайық

Жамандықты тастайық.

II.Жаңа сабақ.

«Құпя сурет» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа шығу.





Тілдесім,айтылым.

  • Мынау кімдер?

  • Әртістер не істеп тұр?

  • Кім қуыршақ театрына барды?

  • Кім қандай ертегі көрді?

  • Кім өскенде қуыршақ театрында жұмыс істегісі келеді?

-сонда балалар, бүгінгі тақырыптың аты қалай?

-дұрыс, «Қуыршақ театрында.»



III.Тапсырмалармен жұмыс.

Қуыршақ театры.

Біздің қалада қуыршақ театры бар.Ол Абай көшесінде орналасқан.Театрдың іші әдемі,жарық.Төбеде үлкен шамдар ілулі тұр.Қуыршақ театрына көп балалар келеді.Сахнада әртістер қуыршақтарды сөйлетеді,ән айтқызады,билетеді,ойнатады.Балалар театрда қызықты көріністер көреді.



1-т-ма.Мәтінді мұқият оқып, аудар.

4-т-ма. Көрсет етістігін нақ осы шақта, жекеше және көпше түрінде жікте.

2-т-ма.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып жаз.

1-т-ма.Мәтінді қысқаша мазмұндап бер.



IV.Cабақты қорытындылау,бағалау.

Мәтінді қалпына келтір.

1.Біздің қалада ......... ................. .

2.Ол ......... көшесінде ................. .

3. Театрға көп ................ келеді ..

4. Балалар ............. көріністер ............... .

V.Үй тапсырмасы.

Сөздікті жаттау,сурет салу.



Класс: 4 «Г», «Д»

Күні: 10. 04. 2017ж

Сабақтың  тақырыбы: Театрда

Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыпты түсіндіру, лексикалық тақырып бойынша оқышылардың сөздік қорларын дамыту

Сабақтың міндеттері: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                      театр жайлы түсіндіру, сауатты сөйлеу   мен  жазуға   үйрету;

                                      б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                      қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын 

                                      қалыптастыру;                                   

                                      в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,      

                                      қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: жаңа сабақ                 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық  жұмыс, суретпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық   байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

           І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен  амандасу                 - Кезекшінің мәліметі

             ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру

Мәтін бойынша сұрақтар қою.

1.Сенің қалаңда қуыршақ театры бар ма?

2.Ол қайда орналасқан?

3.Сен қуыршақ театрына бардың ба?

4.Қуыршақ театрында не көрсетіледі?
Үй тапсырмасын қорыту.

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Әуежай деген не?

-Қуыршақ театрында қандай қойылымдарды қояды?

             ІІІ. Жаңа сабақ

Театр.

Драма театры Қуыршақ театры

Театр

Музыкалық театры Опера және балет театры



Драма театры қызық пьесалар мен қойылымдар қойылады.

Музыкалық театры

Қуыршақ театры

Опера және балет театры



Сөздікпен жұмыс

-Жаңа сөздерді қайталау

-Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құру.

Ғажап – удивительное

Сахна – сцена

Әртіс – артист

Көрермендер – зрители

Қойылым – спектакль

Барысында – во время

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп кішкентай ағаштар,

Су құйғанда өседі.

Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма.Мәтінді түсініп оқы.

Театр – ғажап орын.Театрға адамдар көп келеді.Олар әдемікиім киеді.Өз орындарына отырады.Сахнада әртістер ойнайды.Көрермендер қойылым барысында бір-бірімен сөйлеспейді.Театрда қызықты пьесалар қойылады.

Есіңе сақта!

Қойылым немесефильмге кешікпе.

Қойылым барысында:

-сөйлеме;

-орныңнан тұрма;

-Ұялы телефонды өшіріп қой.



Дәптермен жұмыс

2-тапсырма.Берілген сөздерді қатыстырып,бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.

1.Барды,оқушылар,театрға,кеше.

2.Қойылымда,көрді,түрлі,әртістерді.

3.Үлкен,сахна,жап-жарық.

4.Соңында,қойылым,қол соқты,олар.

5.Сыйлады,Анар,актрисаға,гүл.

«Ыстық орындық» ойыны.

Бүгінгі өткен сабақ бойынша жаңа сөздердің орыс тілі мен қазақ тілінің балвамасын табу.

3-тапсырма.Аудармасын тауып жаз.

Ғажап орын верхняя одежда

Жақсы әртіс интересный спектакль

Қызықты қойылым много зрителей

Көп көрермен большая сцена

Сырт киім удивительный место

Үлкен сахна хороший артист

4-тапсырма.Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып жаз.

1.Мен киноға ... (барамын,ойнаймын).2.Кинотеатрда ... (футбол,фильмдер) көрсетеді.3.Сахнада ... (әртістер,көрермендер) ойнайды.4.Адамдар .... (ақша,билет) сатып алады. 5.Мультфилмді .... (суретшілер,зергерлер) жасайды.

Қорытынды бөлімі.

Сабақты бекіту: - театр неше салаға бөлінеді?

-Қойылымды кімдер қояды?

-Қойылым кезінде қандай ережелерді есте сақтауымыз керек?

Рефлекция. Стикерлерге жазып,өз ойларын жеткізеді.

Үйге тапсырма: «Театр» сөзін септеу

Бағалау бөлімі. Домбыра қай оқушыда қанша соған қарай бағалаймын.

Класс: 4 «Г», «Д»

Күні: 11. 04. 2017ж

Сабақтың  тақырыбы: Циркте

Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыпты түсіндіру, лексикалық тақырып бойынша оқышылардың сөздік қорларын дамыту

Сабақтың міндеттері: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                      театр жайлы түсіндіру, сауатты сөйлеу   мен  жазуға   үйрету;

                                      б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                      қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын 

                                      қалыптастыру;                                   

                                      в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,      

                                      қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: жаңа сабақ                 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық  жұмыс, суретпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық   байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

           І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен  амандасу                 - Кезекшінің мәліметі

             ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру

«Театр» сөзін сетеу.
Үй тапсырмасын қорыту.

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Театр сөзі неше салаға бөлінеді?

- қойылымдарды кімдер қояды?

             ІІІ. Жаңа сабақ

Астана циркі 2011 жылы салынған.Циркке 2000 адам сыяды.Циркте акробатика гимнастика,иллюзион,клоунада жанрлары бар.Циркте жануарлар да бар.Жануарлар би билейді,ән айтады.Клоун балаларды күлдіреді.


Сөздікпен жұмыс.

-жаңа сөздерді хормен оқу.

-жаңа сөздерді жеке оқушыға оқыту.

Сол жағалау-левый берег

Сыяды- помещается

Орналасқан- расположен (-а,-о,-ы)



Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп - кішкентай ағаштар,

Су құйғанда өседі

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма.Суретке қара,біліп ал.


2-тапсырма.Мәтінді оқы.

Астана циркі

Астанада цирк 2011 жылы салынды.Ол сол жағалауда орналасқан.Циркке 2000 адам сыяды.Цирктің қасында төрт қабатты қонақүй бар.Циркте акробатика,гимнастика,иллюзион,клоунада жанрлары бар.Циркте жануарлар да бар.Олар:мысық,ит,арыстан,түйе,пони,есек және тағы басқалар.Цирк балаларға ұнайды.

Дәптермен жұмыс.

3-тапсырма.Сурет бойынша сөйлем құра.

Біз циркке бардық.Циркте қызықты болды.Циркте жануарлар биледі,доппен ойнады.Клоун баянда ойнады.

4-тапсырма.Сөйлемді оқы,жаз.

Цирк

Катя әкесімен циркке барды.Циркте иттер ойнады,маймылдар биледі.Аю матоциклмен жүрді.Аңдар доппен ойнады.Оларға паравоз келді.Паравоздың машинисі мысық болды.Клоун балаларды күлдірді.Циркте өте қызықты болды.



5-тапсырма.Сөйлем құрап үйрен.

1.Аю


2.Аюды көрдім.

3.Мен аюды көрдім.

4.Мен аюды циркте көрдім.

5.Мен кеше аюды циркте көрдім.

6-тапсырма.Сөйлемдерді оқы, қарамен жазылған сөздерді аударып айт.

Біздің қалаға цирк келді.Мен циркке досыммен бардым.Циркте аю мотоцикл жүргізді.Цирктің ішінде клоундар фокус көрсетті.Біз цирктен үйге автобуспен келдік.

Сабақты қорытындылау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет