2-тапсырма Пірікірің қажет!
Суреттерден сол тарихи кезеңде өмір сүрген адамдардың өмірі туралы нені білуге болатындығын талқылап, пікір алмасуға тапсырма беріңіз. Оқушылардың болжамдарын бүкіл сыныппен талқылаңыз.
3-тапсырма Талқыла.
Суреттердің шығу себептеріне байланысты тарихшылардың берген нұсқаларын қарап шығыңыздар. Оқушылардың пікірінше сенімді болып табылатын себептерді (суреттердің салынуына қатысты) талқылаңыздар.
4-тапсырма. С»йкесін тап
Ежелгі діни түсініктер мен олардың анықтамалары жазылған карточкалар мен осы түсініктердің бейнелейтін суреттерді таратып, оларды сәйкестендіруді тапсырыңыз.
Ежелгі адамдардың діни түсініктерінің қалыптасу себептерін сыныппен талқылаңыздар.
|
Бағалау критерийлері:
Оқушылар алғашқы өнер үлгілерін қолдана отырып, алғашқы адамдардың өмірін суреттейді.
Дескрипторлар:
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Мысалдар келтіреді.
Қорытынды шығарады.
Бағалау критерийлері:
Оқушылар ежелгі діни нанымдарды біледі және айыра алады.
Дескрипторлар:
Карточкаларды дұрыс сәйкестендіреді.
Мысалдар келтіреді.
Қорытынды шығарады.
|