Қ.Ысқақтың өмірбаянына, шығармашылық жолына шолу жасай келе, берілген хикаяттың мазмұнын оқушылардың өз бетімен меңгеріп түсінулеріне мүмкіндік туғызу.
Міндеті
- Әңгіменің мазмұны бойынша талдау жасау.
- Оқушылардың сөйлеу мәдениеттілігін, өз бетінше ой қорытып тұжырым жасай білу белсенділігін арттыру.
- Шығарманы сыни тұрғыда ойлап, талқылау үдерісіне бағыттау.
Күтілетін нәтиже
А) Қ.Ысқақтың өмір жолын және шығармаларын біледі.
С) Повесть ішінде берілген жұмбақ есімді нақтылап анықтап, ол туралы мәлімет алады.
Керекті жабдықтар
Оқулық, интербелсенді тақта, флипчарт, жұмыс дәптері, қалам, маркер, ақынның портреті, кесте сызбалар, бағалау парақтары, желім, қайшы, т.б.
Пайдаланылған әдіс–тәсілдер
«Бес жолды өлең», сәйкестендіру, постер қорғау, «Джигсо» әдісі, «Серпілген сауал», «Графикалық диктант», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам», «Басбармақ» арқылы бағалау, «Сэндвич» кері байланыс.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Уақыты
минут
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
2 минут
2 минут 15 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару. Балалар біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше, өйткені бүгін ашық есік сабағы, біздің сабағымызға қонақтар қатысады. Сондықтан сендерге осы сабағымызға сәттілік тілеймін. Бүгін біз сендермен 3 топқа бөліне отырып, түрлі тапсырмалар орындайтын боламыз. Ал, әр топ басшысы топ мүшелерін бағалап отырады.
2.«Жемістер бағы» алма, апельсин, банан арқылы 3 топқа бөлу.
3. Үй жұмысын тексеру: үйге Қ.Ысқақтың өмір жолымен танысу берілді. Үш топқа үш түрлі тапсырма беру арқылы үй жұмысын тексеру.
І топ «Сәйкестендіру»
ІІ топ «Синквейн»
ІІІ топ «Постер қорғау»
Әр топтың берген жауаптарын бір- біріне бағалату.
1. Сабаққа әзірленеді.
2. Топқа бөлініп отырады, өзара топ ережесін еске түсіреді.
3.Үй тапсырмасын түрлі стратегиялар арқылы орындайды.
І топ сәйкестендіреді.
ІІ топ 5 жолды өлең шығарады.
ІІІ топ постер қорғайды.
«Басбармақ», «Бағдаршам» арқылы бағалау.
Тұсаукесер
3 минут
Оқушылар жыл мезгілдерін атайық. Әр мезгілдің қандай ерекшелігі бар?
Оқушылар жауап береді, ерекшеліктерін атайды.
Негізгі бөлім
16 минут
«Джигсо» әдісімен Қ.Ысқақтың «Қоңыр күз еді» хикаятын оқушылардың оқып, бір- біріне түсіндірулеріне мүмкіндік туғызу.
(мәтінді 3 топқа бөлу, 6 минут ішінде берілген бөлікті оқыту, оқығандарын жұппен, топпен талдау; 1, 2, 3 деп санай отырып, топ мүшелерінің орнын ауыстыру, түсінгендерін баяндату, мәтінді толық меңгерулерін қадағалау)
Әрбір топ «Джигсо» әдісімен өзіне берілген тапсырманы орындайды. Топ басшысы сабақтың әр кезеңі бойынша өз тобындағы оқушыны бағалап отырады.
Қорытынды
3 минут
3 минут
3 минут
І топ «Серпілген сауал» әдісімен сабақты бекіту.
ІІ топ «Графикалық диктант» бойынша мәтінмен жұмыс.
ІІІ топ «Ішке, сыртқа» әдісі
Топтарға бір- бірінің жауаптарын «Екі жұлдыз, бір тілек» (ұсыныс) арқылы бағалату.
Кері байланыс
Оқушылардың «Блоб ағашы» тәсілі бойынша бүгінгі сабақты қалай меңгергендерін бақылаймын.
Үй жұмысы: Қ.Ысқақтың «Қоңыр күз еді» хикаятына композициялық талдау жасау
Оқушылар сабақ бойынша алған білімдерін ортаға салады, яғни бір- біріне сұрақтар қоя отырып, жауап беруге тырысады .
Интербелсенді тақтада көрсетілген сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп қана жауап береді.
Оқушылар мәтіннен өзіне ұнаған үзіндіні немесе оқиғаны «ішке», ал ұнамаған оқиғаны «сыртқа» жазады.
«Екі жұлдыз, бір тілек» (ұсыныс) арқылы топтар бірін- бірі бағалайды.
Қызыл түсі- түсінбедім
Әрбір оқушы сабақтан алған әсерін айтады
Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.
І топ
«Серпілген сауалдар» стратегиясы
1. Әңгіменің авторы - 1935 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Топқайың ауылында туған Қалихан Ысқақ. Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы.
2. Шығарма мазмұны - Ұлы Отан соғысының қасіретті жылдарымен тұс-па – тұс келген жазушының балалық шағындағы өмір өксігі мен өзінің алғашқы балалық махаббатын аңсауы шығармаға арқау болған. Бұл повесте өз кезеңіндегі интернат өмірі бар шындық қалпында бейнеленген. 3. Оқиға кімнің атынан баяндалған? Жазушы Қалихан Ысқақтың өз атынан баяндалған. 4.Оқиға орны: Топқайың ауылындағы мектептің интернат үйі. 5.Қасымның алғашқы мектеп- интернатқа келгенде танысқан адамы кім? Мектеп директоры Маймұрын Қаламтай орта жасты, бір көзінің бидайдай ағы бар, күбіқарын, жуан кісі.
6.Интернат өмірімен танысу неден басталды? Барақ сияқты жатақхана ішіндегі қара домалақ балалар, интернаттың
күйбең тіршілігі, темір көйке, астан –кестеңі шыққан төсек - орын, көк ат, әнші Алтынды тануынан басталады.
7. Соғыс біткен жылдың күзінде қандай өзгеріс болды? Маймұрын Қаламтайдың інісі Алматай Алматыдан институтты бітіріп,
сол мектепке әдебиет сабағынан беретін мұғалім болып келді. Осы кезден бастап ол Қасымның әдебиетке деген қызығушылығын оятты.
8. «Шұғаның белгісі» шығармасының жасырын оқылуының сыры неде? 1937 жылдың зұлматына ілініп, халық жауы деп,жазықсыз атылып, кеткен Бейімбет Майлиннің әлі ақталмаған, шығармасын оқуға тыйым
салынған кезі еді.
9. Әңгіменің «Қоңыр күз еді» деп аталуының себебі неде? Қасымның әдебиетке деген қызығушылығы да, шығармаға деген құштар-лығы да сол бір күз кезінде басталған еді. І топ
Ұзаққа созылған науқасынан 80 жасқа қараған шағында белгілі жазушы Қалихан Ысқақ қайтыс болды
1957 жылы
Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтаған
1965-1967 жылдары
Москвадағы сценаристер мен режиссерлер дайындайтын жоғарғы курсты бітірген
Повестері
«Бұқтырма сарыны», «Менің ағаларым», «Дос хикаясы», т.б.
«Ақсу - жер жаннаты» романы
1992 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды
Романдары
«Қара орман», «Ақсу – жер жаннаты», «Тұйық»
«Қоңыр күз еді» повесі
Оқырман қауымға атын шығарған тұңғыш туындысы
ІІ топ
«Бес жолды өлең» стратегиясы 1.Зат есім (1 сөз) 2. Сын есім (2 сөз) 3. Етістік ( 3 сөз ) 4. Қорытынды ой (4 сөз ) 5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)
ІІІ топ
«Ішке, сыртқа» әдісі
Хикаятты толық түсінгендеріне көз жеткізу үшін «Ішке, сыртқа» әдісі пайдаланылады.
Оқушылар мәтіннен өзіне ұнаған үзіндіні немесе оқиғаны «ішке», ал ұнамаған оқиғаны «сыртқа» жазады.
ІШКЕ
СЫРТҚА
ІІ топ
Графикалық диктант
1. Кешкі апақ- сапақта бөлмеге тықылдаған ақ сары әйел кіріп келіп, жұрттың апшысын қуырып, апалаң- топалаңын шығарды. Жауабы: «Иә», «жоқ»
2. Қасым мен Жарықжұлдыз екеуі қабырғасы ырсиған тырақы көк атты бөшке орнатылған шоқалақ арбаға жеге алмады. Жауабы: «Иә», «жоқ»
3. Соғыс біткеніне бір-ақ жыл болған. Жауабы: «Иә», «жоқ»
4. Алматыдан келген Алматай үлкен- кішіге бірдей Тыртық атанып кетті. Жауабы: «Иә», «жоқ»
5. Жарықжұлдыздың шын аты – Қомшабай. Жауабы: «Иә», «жоқ»
6. Кейде ұйықтап жатып, жастығы тықыр етсе, біреу күпәйкесінің парша- паршасын шығарып сөгіп, «Шұғаның белгісін» іздеп жатқандай шошып оянатын. Жауабы: «Иә», «жоқ»
8.Алтын шырқаған ән қуалай соққан қоңыр самалдай бірде лақылдап төгіліп- төгіліп кетеді де, бірде қалықтап, шөп басының сыбдырындай дірілдеп барып үзіледі.