САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сынып:
|
3 «а»
|
Мерзімі:
|
24.02.2017
|
Пәні:
|
Әдебиеттік оқу
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Алтай аясында
|
Негізгі түйінді идея:
|
Алтай аясында өлеңімен таныстыра отырып, тақырыбы мен идеасын ашу
|
Оқу мақсаты:
|
Өз ойларын тұжырымдап еркін айтуға, сөздік қорларын молайтуға, байланыстырып сөйлеуге машықтау, шығармашылық деңгейде жұмыс істеуге жетелеу. Сөйлеу шеберлігі мен мәдениетін дамыту
|
Табыс критерийлері
|
Барлық оқушылар
|
Көпшілік оқушылар
|
Жекелеген оқушылар
|
Жаңа сабақты меңгереді
|
Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды
|
Алған білімдерін өмірде қолдана алады
|
Уақы ты
|
Кезеңде рі
|
Тапсырма
|
Мақсаты
|
Ресурс
|
1 мин
|
Ұйымдас тыру
|
Психологиялық көңіл-күйді орнату
|
Ынтымақтас тық атмосфера қалыптасты ру
|
Оқушылармен амандасып, оларға табыс тілеу.
|
10
мин
|
Үй тап сырма сын тексеру
|
«Табиғат- менің өз үйім» тарауынан өткен тақырыптардан тапсырмалар ұйымдастыру
|
Өткен тақырыпты қалай меңгергендіктерін білу
|
Жабылып жатқан тапсырмаларды алып, сұрақтарға жауап береді.
Көңілің суын ішсең ашылады, Денеңде бар дертіңді қашырады. Қандай өлең? Авторы кім? Негізгі идеасын айт.
«Бозторғайда аяп кетті Ақбілек. Сұр жыланды сойылшамен салды келіп қақ бастан.». Авторы кім? Тақырыбы, негізгі ойы?
« Күшікті бауырына қыса түсті. Тәлгі бала желкесінен түйіп қалып, шалшық суға жықса да,жыламады, күшікті тастамады». Авторы, тақырыбы, негізгі идеасы.
«Ал бір ақсақ теке олардан дараланып, судың шығыс жағына қарай бөліне қашты». Автор, тақырыбы, негізгі идеасы.
«Көгілдір Көкшенің көркін көркемірек көрсетіп тұрған басына оралған кілегей ақ ұлпа бұлтпен көмкере толқыған бұйра сағым». Автор, тақырыбы, негізгі идеасы.
«Ақ бөкен сахараның ботагөзі, Атты екен қандай адам көзі қиып...» .Автор, тақырыбы, негізгі идеасы.
«Соқыр бүркітті адамдар он жеті жыл бойы асырап келеді. Жақсылықты ұмытпауды үйрен».Автор, тақырыбы, негізгі идеасы.
|
4 мин
15 мин
|
Жаңа сабақ қа дайын дық
Жаңа сабақ
Оқулық пен жұмыс
«Тез, ойлан» сұрақ –жауап
Өздік жұмыс
|
-Осы айтылған тақырыптардың барлығын қандай тарауда оқыдық?
«Табиғат – менің өз үйім» дегенді қалай түсінесіңдер?
-Иса Байзақовтың «Алтай аясында» өлеңін өтетінін хабарлай отырып, автордың қысқаша өмірбаянымен таныстыру.
Иса Байзақов(1900-1946) – Павлодар облысы Ертіс ауданы,Үлгілі ауылында туған.
Қазақтың халық жазушысы, әнші, әртіс, домбырашы, композитор.
Семейдегі жұмысшылар факультетін, Орынбордағы қазақ халық институтын, Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері.
«Тау» сөзіне ассоциация құрылады.
Алтай тауы туралы аңыз айтып беру.
Алтай тауы туралы видео көрсету.
Оқушыларға тізбектей оқыта отырып, талдау.
Өлеңді талдау. Өлеңді төрт баладын әр шумақ бойынша талдау.
Сөздікпен жұмыс:
Аясында- бауырында, құшағында
Қиясында- биігінде
Өршіл-биікке құмар
Күйік-мұң, қайғы
Ақын таудың ең биік төбесін неге теңейді?
Опалған бұлтты кімге және неге теңейді?
Ақшақарды неге теңейді?
Тау сұлулығын кімге теңейді?
Тауды көргенде адамның көңіл – күйі қандай сезімде болады?
Алтайдың биіктігі туралы ақын не дейді?
Алтай жерінен қандай кендер шығады?
Алтай аясын қандай аңдар мен хайуанаттар мекендейді?
Алтай тауының әсемдігі ( Жібектей бұлт, сұлудай торғын киген, ақша қары ақ күмістей)
Алтай тауының биіктігі ( өршіл биік, бұлттан өзге қана алмаған, бұлт жете алмаған)
Алтайдың аңдары мен кен байлығы ( күміс, алтын, мырыш), ( киік,арқар, таутеке, бұғы, марал)
|
5мин
|
Бекіту
|
Топпен жұмыс
І топ: жан –жануарларды орналастырады
ІІ топ: шартты белгілерді орналастырады
ІІІ топ: өсімдіктерді орналастырады
|
5мин
|
Қоры тынды
|
Ой толғау «Алтай»
|
|
Бағалау
|
Жіберген қателерін санау
|
Жіберген қателерін нені біледі? Нені білмейді? Саралау
|
Қатемен жұмыс
|
Сабақтан кейінгі ойланатын сұрақтар:
|
Не сәтті болды?
|
|
Не сәтті болмады?
|
|
Нені жақсарту керек?
|
|
Мен өз дағдыларымды нені дамыта аламын?
|
|
Нені өзгертуге болады?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |